28/06/2021, 15:27 | |
ШӨП ШАЙ ІШІП АРЫҚТАУҒА БОЛА МА? Әрине, болады. Және де арықтау мен тазаруды пайда-зияны күмәнді дәрілік препаратпен емес, емдік өсімдіктер көмегімен жасаған жақсы. Арықтау үшін қай емдік өсімдік шайы дұрыс? Бұл ең көп қойылатын сұрақтардың бірі. Фитотерапевтер зәр айдайтын қасиеті бар өсімдіктерді ішуді ұсынады. Мысалы, дәріханадан жолжелкен (подорожник), тараққұйрық, таспа жоңышқа және қырықбуын алып, әрқайсысынан 10 грамды (1 шай пакет) 350 мг. суға шай сияқты бір қайнатып, сыртынан жылы орап, 40 минут тұндырасыз. Мұны ас алдында, әр жолы 100 грамнан ішеді. Күн сайын жаңадан әзірлеу керек. Бір емделу мерзімі 10 күн. 5 күн демалып, қайта жалғастыруға болады. Бұл қоспаны үздіксіз ішуге болмайды. Ондай жағдайда денедегі минералдар шұғыл кеми бастайды. Мәселен, калийдың құрамы азайып, жүректің жұмысына кедергі келтіреді. Негізі адам семірген сайын денедегі инсулин көбейе береді. Осының өзі тұз бен судың алмасуын баяулатып, тамырлардың жұмыс қабілетін төмендетеді. Қан қысымын жоғарылатады, басты ауыртады. Мұндай жай сізге таныс па? Онда зәрді айдайтын 200 грамм сұлы көгіне жарты литр арақ құйып, 15 күн тұндырыңыз. Мұны ас алдына 15-20 тамшыдан күніне 2 рет ішіп отырса, зәрді айдайды. Ал сұлы сабағын суға қайнатып, бүйректің сыртынан компресс жасаса, бүйрек жолындағы тастың оңай жылжуына көмектеседі. Адам ағзасына аса қажетті сіңімділігі жоғары өсімдіктер қатарына америкалық ғалымдар 5 түрлі өсімдікті атаған. Банан – жүйке жүйесін нығайтып, тері түсінің жақсы сақталуына жағдай жасайды. Грек жаңғағы – шаштың өсуіне көмектесіп, гормондар жұмысын жандандырады. Қант қызылшасы – бүйрек, бауыр, өт қалтасының жұмысына көмектеседі. Сельдерей – түрлі қабынуларды тежеп, адам денесінде артық жиналған ылғал суларды шығарады. Лимон – адамның ағзасын тазалап, мидың жұмыс қабілетін сақтауға ықпалын жасайды. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 144 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |