Халық емі
28/06/2021, 15:26

АЛОЭНЫ ЕМГЕ ҚАЛАЙ ҚОЛДАНАДЫ?

Бәрімізге белгілі, алоэ өсімдігінің денсаулықты түзеуде керек кезі көп. Оның суықтағанды қуатын, мұрыннан су аққанда қабығын ашып тастап, шырынын дәкемен тампон етсе көп ұзамай ауруды сап тиятын қасиеті көпшілікке мәлім. Ерекше күтімді қажет ете бермейтін алоэнің тағы қандай қасиеті бар?

Егер да құлап қалып, теріңіз жырылғандай, жарақат алған жағдай болса, алоэ жапырағын кесіп алып, сыртындағы жұқа қабатын сыдырып тастап, ауырған, қанаған жерге таңып қою керек. Сыртынан целлофан қойып, сыртынан орайсыз. Әдетте жарақаттанған, қан шыққан жерге әсіресе жазда шаң-тозаң салдарынан инфекция түсіп, түрлі ауру асқынуы мүмкін. Ал алоэ осы асқынуды болдырмайды Ол микробтардың зиянды әсерін жойып, аурудың алдын алады.

Алоэ шырыны бактериялармен күресуде таптырмайтын дәрі. Мәселен, стафилококк, стрептококк, ішек ішіндегі ауру қоздырғыш таяқшаларды, күйіктен тері бүлінгенде алоэні қайнатылған салқын сумен жуып, шырынын алады да, таза дәкеге сіңдіріп, аурыған жерді орап тастайды. Әбден кеуіп кеткен кезде ауыстыру арқылы емді он күн жалғастырған жөн.

Жазда салқын су, тәтті балмұздақ жегеннен жас балалардың тамағы жиі суықтап, баспа көтеріліп жатады. Ал антибиотиктер мен ащы дәріні жұтқыза беру асқазанның шырышты қабатын тітіркендіріп, бауырдың жұмысын ауырлатады. Мұндайда 3-4 жылдық алоэнің жапырағын астыңғы жағынан мұқият кесіп алып, шырынын шприцпен сорып алады. Оны ауызғашашу керек. Жаңа сығылған шырын ауру қоздырғыштарын жуып, бактерияларды өлтіреді.

Алоэнің шаштың сәнін келтіруде де көмегі бар. Егер шашыңыз баяу өсетін, әлсіз, сынғыш болса басыңызды жуардан екі сағат бұрын алоэ шырынымен бас терісіне жақсылап массаж жасаңыз. Мұны әр бас жуған сайын қайталауға болады. Сонда 15-20 күннен кейін шаштың өңі кіріп, түсуі азаяды. Шаш күтімі үшін алоэ сығындысып дәріханадан алуға да болады. Онда шырынның 20 пайызына таза спирт қосып, ұзақ сақталуына мүмкіндік жасайды.

Иммунитетті көтеруде де алоэнің пайдасы зор. 200 грамм алоэ шырынына 300 грамм бал, 350 грамм қызыл шарап қосып араластырып, үй температурасында 7-8 күн жабық ыдыста ұстайды. Осыдан астан бұрын күніне 2 рет шай қасықпен таусылғанша ішіп жүру керек. Болмаса 500 грамм жаңа кесілген алоэ жапырағын грек жаңғағы дәнімен араластырып, еттартқыштан өткізіңіз. Оған 1,5 стакан бал араластырып, тамақтан соң бір ас қасықтан күніне 3 мезгіл бір ай ішуге болады.

Демікпеге жас алоэні езіп, шырынын күніне 3 рет, әр ретте 5 миллиграмнан ішеді. Ал шиқан шыққанда, іріңді жараларды алоэның жапырағын тіліп, жараның аузына тартады. Шиқанның соқтасын соруға, тез жазылуына, әрі қарай созылмауына алоэ жапырағы өте жақсы көмектеседі.

Міне, жанға дауа, дертке шипа сыйлайтын табиғат тартуының осындай ерекшеліктері бар. Оны дұрыс қолдану зиянсыз әрі пайдалы.

 

ТЕМІР ТАПШЫЛЫҒЫ АНЕМИЯСЫ және ОНЫ ЕМДЕУДІҢ ҚАРАПАЙЫМ ТӘСІЛДЕРІ

Халық медицинасында темір тапшылығы анемиясын емдеудің бірнеше жолы бар.

 Темір тапшылығы кезінде бір стакан қайнаған суға 10 грамм итмұрын мен осынша құлпынай салып, 2-3 минут ақырын қайнатыңыз. Салқындатып, тәулігіне жарты стаканнан қабылдаңыз.

 20 грамм құлпынай жапырақтарының үстіне қайнаған су құямыз. Демделген шайды күніне бірнеше рет өз қалауыңызша ішуге болады.

 Шетен (рябина) де темірге бай. Шамамен 25 грамын 1 стакан қайнап тұрған суға салып, жылы орап қойыңыз. Ыстығы басылғанда ішеді. Тәулігіне 1 стакан мөлшерінде ғана.

 Қандағы темір жетіспеушілігі кезінде дұрыс тамақтану маңызды. Картоп, асқабақ, пияз, сарымсақ, аскөк және қарақұмық ботқалары темірге бай. Сондай-ақ шырғанақ, лимон, апельсин, өрік, шие, алма, алмұрт сияқты жемістер мен жүгеріні көбірек жеген дұрыс.

 Бақбақ тұнбасы жақсы көмектеседі. 3 шай қасық мөлшеріндегі бақбақ жапырақтары мен тамырларын қайнаған суға салып, жарты сағат тұндырыңыз да, күніне 3 рет 1 ас қасықтан қабылдаңыз. Емдеу курсы – 14 күн.

 Қызғылт родиоланы жарты литр араққа салып, тұндырып қойсаңыз, емдік әсері керемет. Ол үшін 50 грамм өсімдіктің тамыры қажет. Тұнбаны таңертең және кешке жарты шай қасықтан ішеді.

 Шырғанақ (облепиха) да тиімді. Емге өсімдіктің барлық бөліктері жарамды. Керегшінше алып, шай секілді демдеп, қалауынша ішеді.

Сәбіз, қызылша және шалғам шырындарын араластырып ішу де ағзадағы темір мөлшерін қалпына келтіруге көмектеседі. Шырындарды араластырып, жарты ас қасықтан тәулігіне екі рет ішеді.

Қалақай да темірге бай өсімдіктің бірі. Көп қан жоғалтудан кейін темір тапшылығы анемиясы болса, оны осы шөппен емдеуге болады. 50 миллилитр таза суға қалақай шырынының 1 шай қасығын қосыңыз. Шырынды өзім жасаймын деп әуреленудің қажеті жоқ, ол дәріханаларда сатылады. Дайын болған дәрілік құралды күніне 3 рет ішеді.

 Бал мен қалақай рецепті де тиімді. 200 грамм қалақай жапырақтарына шамалап бал қосып қоясыз да, тәулігіне үш рет 1 ас қасықтан қабылдайсыз.

 25 грамм қалақай жапырақтарына жарты литр қайнаған су құйып, тұндырады. Сұйықтықты сүзіп, бір тәулік ішінде аз мөлшерден ішіп тауысады.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 160 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: