Халық емі
28/06/2021, 15:25

ВИТАМИН ЖЕТІСПЕУІНІҢ ТӨРТ БЕЛГІСІ

 Адам көбіне ағзада болып жатқан өзгерістерді елей бермейді. Тіпті байқамауы да мүмкін. Сол сияқты витамин тапшылығын да дер кезінде білмей, сезбей қалуы жиі кездесетін жағдай. Ал витамин тапшылығын қалай анықтауға болады? Төмендегі сұрақтарға жауап беріп көріңіз.

1. Аяқ-қолыңыз жиі ұйып қала ма? Әлде аяғыңыз тез талып, әсіресе баспалдақпен көтерілгенде балтыр тұсында шаршау, әлсіздік сезіле ме? Жүрек қағысының жиілеуі, есте сақтау қабілеті бұзылып, адамдардың түрін танып тұрғанмен атын еске түсіре алмау, қолдағы затыңызды қайда қойғаныңызды ұмыту жиіледі ме? Бұл тиамин мен В1 витамині жетіспегенде болатын белгілер. Әйткенмен «жарасы жеңіл»: жүгері, қара нан, фасоль, шпинат, сыра ашытқысы мен сәбізді жиі тұтыну, күнделікті ас мәзіріне енгізу арқылы жағдайды қалыпқа келтіре аласыз.

2. Соңғы кездері жиі суықтап қала бересіз бе? Аз қозғалыстың өзіне бойды әлсіздік билеп, бас себепсіз ауыра ма? Бұл сізде пантотен қышқылы мен В3 витамині тапшы екенін білдіретін белгі. Жасыл бұршақ, сиыр (әсіресе бұзау) бауыры, қызыл фасольды жиі тұтыну арқылы аздың орнын толтырып, жоғарыдағы жайсыздықтан құтылуға болады.

3. Қанша күтім жасасаңыз да қол мен бет терісі құрғап, жарылып кете бере ме? Шашыңыз көп түсіп жүр ме? Күтпеген жерден басыңыз айналып, тез қойып қала ма? Бұл ағзаға пиридоксин мен В6 витамині қажет деген сөз. Оның орнын бұршақ (горох), өңделмеген күріш толтырады, жиі тұтынуға тырысыңыз.

4. Түнде дұрыс тынығып, жайлы ұйықтасаңыз да таңертең аяқтарыңыз, әсіресе балтыр қатты талып, шаршап тұра ма? Бет пен қол терісі қабыршақтанып, қайызғақтанып кете ме? Бұл рибофлавоноид пен рутин жетіспейтінін білдіреді. Керегіңізді қызылша, брусника, анар, қара өрік, итмұрын жемісі мен сәбізден табасыз.

 

БАУЫРДЫ ТАЗАЛАУДЫҢ ЕҢ ОҢАЙ ЖОЛЫ ОСЫ

Бауыр ағзадағы зиянды токсиндерді шығаруға, зат алмасу үрдісіне қатысады. Холестерин деңгейін реттейді, пайдалы минералдар мен витаминдерді сақтайды. Сондықтан басқа органдар сияқты, бауырдың сау болуы да өте маңызды.
Ғалымдар бауырды тазалауға мына 7 тиімді азық-түлікті ұсынады:

1. Сарымсақ. Оның құрамындағы күкірт бауыр ферменттерін белсенді етеді. Әрі бауырды сыртқы зиян әсерлерден қорғап, токсиндерден тазалайды. Сарымсақты салаттарға немесе етке қосып та, сонымен қатар өзін де жей беруге болады.

2. Жылы су мен лимон. Жарты литр жылы суға лимонның жартысын (немесе үштен бір бөлігін) қосып, күнделікті таңертең ашқарынға және кешке ұйқы алдында 1 стаканнан ішіп жүру керек. Ол бауырдың көбірек ферменттер бөлуіне жәрдем береді, әрі бауыр табиғи жолмен тазалана бастайды.

3. Авокадо. Бауырдың саулығын қорғауда оған жетер жеміс жоқ: ол ағзада глутатион өндіруге көмектеседі. Ал глутатион бауырды токсиндерден тазалайды.

4. Кинза. Бұл әмбебап шөпті кез-келген тағамға қосуға болады. Ол бауырдыауыр металдардан тазалайды.

5. Куркума. Бауыр бұл дәмдеуішті жақсы көреді. Өйткені куркума бауыр жасушаларын қайта қалпына келуіне көмектеседі. Өтте көп сөл бөлуіне ықпал етеді, зиянды токсиндермен күресуге күш салады.

6. Қырыққабат. Токсиндерді бейтараптандыруға жауап беретін ең маңызды бауыр ферменттерінің өндірісін белсендіреді. Сондықтан қырыққабаттан жасалған салаттар мен сорпаны көбірек ішкен жөн.

7. Зәйтүн майы. Құрамында негізгі антиоксидант болып табылатын Е витамині бар. Ол ағзаға әртүрлі зиянды токсиндерді соратын липидтік негіз береді. Нәтижесінде бауырды шамадан май тыс жүктелуінен қорғайды. Сондықтан салат пен тағамдарды зәйтүн майынан дайындаған дұрыс.

ЖАЛАҢАЯҚ ЖҮРУДІҢ  ПАЙДАСЫ МОЛ

Адамның табанында іш құрылысындағы мүшелерді тітіркендіретін 72 мың жүйкелік нүктелер орналасқан. Үнемі жұмсақ аяқ киім кигендіктен, ол нүктелерөзінің табиғи қасиеттерін жоя бастайды. Ал табанды жаттықтырудың ең қарапайым, табиғи тәсілжалаңаяқ жүру. Жалаңаяқ жүргенде табандағы нүктелер түгел жерге тиеді. Сол кезде ішкі органдар рецепторларын тітіркендіреді.Осының әсерінен олардың жұмысы жақсарады, жағымды көңіл-күй туғызады. Табанның ішкі ағза мүшелеріне байланысы мынадай:

  Табанның башпайлар жаққа жақын орта тұсы өкпемен байланысты;

  Табанның өз орта тұсы – жүрекпен;

 Үлкен башпайдың басталар тұсы – мимен және психикамен;

 Екінші башпайдың басталар тұсы омыртқамен, тірек-қимыл мүшелерімен;

  Үшінші башпай түбі – қан айналым жүйесімен, бұлшық еттермен;

 Төртінші башпай түбі асқазан және ұйқы безімен;

 Шынашақ түбі – бүйрекпен, несеп-жыныс жүйесімен;

 Табанның сыртқы жағының орта тұсы – өт қабымен;

 Табанның ішкі жоғарғы бетінің ортасы – бауырмен байланысты.

Жалаңаяқ жүрудің екінші пайдалы тұсын мамандар былай түсіндіреді: күннен, ауадан алған таза энергия жалаңаяқ жүрген уақытта бойдағы кір энергияны жерге ығыстырады. Лас энеогияны топырақ тартады, осылай ойымыздың тазаруына ықпал жасайтын көрінеді. Яғни жалаңаяқ жүру ойды да, бойды да, жанды да, тәнді де тазартатын болғаны ғой. Ал жаз жалаңаяқ жүру үшін өте қолайлы кезең.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 186 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: