Халық емі
01/06/2021, 17:01

АЛОЭДЕН ЖАСАЛАТЫН ОН ДӘРМЕК

Суық тигенде. Бұл қоспаны дайындау үшін сізге 300 грамм алоэ жапырақтары, 3 ас қасық бал және 3 ас қасық спирт қажет. Жапырақтарды еттартқыштан өткізіп, бал және спиртті қосып, жақсылап араластырыңыз. Күн сайын бір шай қасықтан 3 мезгіл қабылдау керек.

Мұрын бітелгенде. Алоэнің балғын сығындысына 1/10 қатынасында қайнаған су құйып, ерітіндіні науқастың жағдайы жақсарғанша күніне 2-3 реттен тамызуға болады.

Гайморит. Бірдей мөлшерде алоэ шырынын, сүйелшөп (чистотел) және бал керек. Бәрін араластырып, күніне 5-10 тамшыдан үш мезгіл тамызып, шайып тастау керек.

Жөтел кезінде. Жарты стакан алоэ шырынын 3 ас қасық бал және 50 грамм тұздалмаған сары маймен араластырыңыз. Күн сайын 2 рет тамақ алдында бір ас қасықтан қабылдаңыз. Емдеу курсы бір аптадан кем болмауы тиіс.

Тамақ ауырғанда. Каланхоэ гүлі де әр үйден табылатын бөлме өсімдігі. Оның шырынын тура сол мөлшердегі сумен араластырып, күніне бірнеше рет тамағыңызды шайыңыз. Тамақ ауруы бірден басылады.

Құлақ ауырғанда. Ауырған құлаққа 1-2 тамшы каланхоэ шырынын тамызу керек. Жаңа сығылған шырынға мақта тампонын малып, құлаққа 20 минутқа қойыңыз деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Кемі 10 күн, күніне 2-3 рет қайталау қажет.

Теріскен шыққанда. Алоэнің орташа жапырағын (5 г) ұсақтап тураңыз. Оны қайнаған салқын суға салып, 6-8 сағатқа қалдырамыз. Сүзіп алып, мақтаны осы тұнбаға малып, теріскен шыққан көзге басу керек.

Көз ісіп, қызарғанда. Компьютер, экранға ұзақ қарау салдарынан көз қызарып, жанары бұлдырай бастаған жандар каланхоэ шырынын көзге 1-2 тамшыдан күніне 3-4 рет тамызса нәтижесін көреді.

Жара, жарақаттар кезінде. Алоэ жапырағын кесіп алып, жараның үстіне таңып қою керек. Бірнеше сағаттан кейін жара кішірейе бастайды. Жапырақты бірнеше рет ауыстырған дұрыс.

Күйік шалғанда. Кесілген алоэ жапырақтарына бал қосып, 30 күн қараңғы жерге қоямыз. Дайын болған кезде жапырақтарды одан да ұсақ етіп турап, қайтадан бал қосып, компресс түрінде қолданамыз.

50 грамм каланхоэ жапырақтарын еттартқыштан өткізіп, оны екі қабатталған дәкеге салып, күйік немесе үсік шалған жерге таңу керек. Оны әр 8-10 сағат сайын ауыстырып тұрған жөн. Ал оның шырынына жұмыртқаның ағын қосып, күйік шалған жерге жақса, тез жазылады.

Есте болсын: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, алоэ биологиялық белсенді заттарға өте бай өсімдік екен. Жер бетінде алоэнің 400-ден аса түрі кездеседі, бірақ тек 20 түрінде ғана емдік қасиет бар.

Алоэ жапырақтарында 75-тен аса пайдалы микроэлементтер бар, олар ағзаның ауруға қарсылығын күшейтіп, ас қорыту жүйесін реттейді.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 173 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: