Халық емі
17/05/2021, 22:44

ТІЗЕГЕ БАЛЫҚ БАЙЛАЙДЫ

Буын аурулары көбінесе жас кезінде аяғынан суық өткен жағдайда, генетикалық ауру жағдайында, 50 жастан асқан әйелдерде көптеп кездеседі. Соның ішінде тізе ісіп кетіп, жүре алмай қалатын жағдайлар көп. Бұл ауруды асқындырмаудың амалы бар.

Буыны ауыратын адамдар көп қимыл жасау керек. Көп жүргені жақсы, күнделікті белгілі бір қашықтықта, әсіресе биікке және төменге қарай жүру, дене жаттығуларын жасау ауруды асқынудан сақтайды. Буыны ауыратын адамдарға әсіресе отырып-тұру жаттығуының пайдасы көп. Бастапқы кезеңде 15-20 рет отырып-тұрсаңыз, кейін мұны 100-ге дейін жеткізуге болады. Қаншалықты көбірек болса, соншалықты өзіңізге тиімді, бірақ бұған біртіндеп үйрену керек.

Тізеңіз үнемі қимылда болатын болса, ортасындағы сілекейлі сұйықтық кеуіп қалмайды. Мысалы, нағыз маман жаңадан басталып келе жатқан тізе аурулары кезінде дәрі-укол қолданбайды, ауырсынуды басатын мазь береді және көбірек жаяу жүру туралы кеңес айтады.

Мынадай бір ем жасауға болады: буын аурулары кезінде, тізе ісіп кеткен жағдайда 5 жұмыртқаның сарысын алып, оған 1 шай қасықпен жылқы майын араластырып, кәдімгі шүберектің бетіне жағып, аяққа қойып, сыртын целлофанмен орап тастау керек. Бұл емдік процедураны 5 күн ғана жасаған жөн, әйтпесе жылқының майы сүйекті «ерітіп» жібереді. Компресті 5 күннен артық ұстауға болмайды.

Ендігі жағдайда жылқының майынсыз, жұмыртқаның өзін ғана жоғарыда айтқан тәсілмен аяққа орап, 5 күн қолданады. Осы он күннен кейін де буын ауруы басылмай жатса, жаңадан ұсталған балық етін жұқалап кесіп алып, оны тізеге салып, шүберекпен орап тастау керек. Мұны бір түн ұстаңыз. Балық ондағы тұздарды тартып алады. Одан кейінгі тәсіл – қойдың бауырын жұқалап кесіп, 3 күн компресс жасау. Қойдың құйрық майын жұқалап кесіп, ауырған тізені орап тастайды. Осы амалдар арқылы тізе ауруларынан аз күннің ішінде айығуға болады.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 169 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: