Халық емі
26/04/2021, 11:21

АРТЫҚ САЛМАҚТАН ҚҰТҚАРАДЫ

Адамды артық салмақ мазаласа төмендегі ем-шараларын жасап көруге болады. Ағзаны артық майдан, сонымен қатар артық салмақтан табиғи жолмен құтқаратын бұл тәсілді үй жағдайында жасаудың зияны жоқ.

1. Жусанның (полынь) кептіріліп, ұнтақталған жапырағынан 1 шай қасық алып, оны 250 миллилитр қайнаған суда 20-25 минут тұндырасыз. Сүзіп алғаннан кейін күніне 3 рет, тамақ алдында 1 шай қасықтан ішу керек.

2. Бақбақ (одуванчик) тамыры, жалбыз (мята), мыңжапырақ (тысячелистник), жүгері дәнінің әрқайсысынан 1 ас қасықтан алып, араластырасыз. Оның 3 ас қасығын шыны ыдысқа салып, үстінен 1,5 литр қайнап тұрған су құйыңыз. 8-10 минут қайнатып, 12-14 сағат тұндырады. Одан кейін сүзіп алып, қалағанынша бал араластырып, тамақтанардың алдында жарты стаканнан ішіп тұру керек.

3. Күніне 4-5 рет тамақ алдында қырыққабат шырынын ішіп жүру де салмақтың қалыпты болуына көмектеседі. Бұл тәсілді 1 ай бойына жалғастырса жақсы.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 193 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: