Халық емі
05/04/2021, 11:31

АЯҒЫҢЫЗДЫҢ «АЙТҚАНЫНА» ҚҰЛАҚ АСЫҢЫЗ

Ғалымдардың тұжырымынша, бүгінде әлемде әрбір үшінші еркек пен екінші әйел аяғынан қандай да бір жайсыздық сезінеді екен. Аяқ шаршайды, ұйиды, сіңірі тартылады, ісінеді, тамыры түйіледі, дуылдайды, әйтеуір бір жайсыздық сездіреді. Ал бұған немкетті қарауға болмайды еекн. Яғни олар қандай да бір ауру түрі бой көтеріп келе жатқанын ұқтырып, алдын-ала дабыл көтереді.

 

Әлемді жаяу айналуға жетеді

Жалпы, аяқ – ағзаның салмақ ең көп түсетін мүшесі. Ол адамды таңнан кешке дейін «көтеріп» жүреді. Мұндайда дене самағы қалыптан тыс болса, оған тіпті де қиын. оның үстіне, ағза сұйықтарды (қан, лимфа) жердің тартылыс күші әсерінен төменнен жоғары қарай баяу айналады, сондықтан тамырлардың қалыпты жиырылып-созылуы бәсеңдейді. Бұған қазіргі адамдардың негізінен отырып, сонда-ақ бір орында түрегеп тұрып жұмыс ісейтінін, тар киім, аяқ киімге құмарлығын, зиянды әдеттерге үйірлігін қосыңыз. Ағзаның қан айдайтын “насосы” – жүректен әлдеқайда қашық тұруы да оның жұмысын қиындата түседі.

Міне, осы және басқа да қиындықтарға қарамастан аяқ мықты, ол адамды өмір бойы көтеріп өтеді. Тіпті бір адамның өмір бойғы жай жүріс-тұрысының өзі әлемді бірнеше мәрте жаяу шарлап шығуға жететінін ескерсек, бұл – өте күрделі жұмыс.

 

Қауіп қайдан?

Аяқтағы жайсыздықтың негізгі себептері көбіне артерия, вена қан тамырларының жұмысына байланысты. Қанк еліп-кететін жолдар мығым болуы керек. Ал онда зақымдану омыртқа, жүйке жүйесі мен зат алмасуындағы кінәраттарға байланысты. Буын, сүйек, бұлшық ет, сіңір, лимфа түйіндері мен тамырлар бүлінсе де аяққа күш түседі.
Қант диабеті де негізінен аяқ ауруынан басталады. Басқа белгіері (сіңір тартылуы, аяқ әлсіреуі, тері құрғауы, түлеп, қышынуы, бұлшық ет түйілуі, т.б.) кейін байқалады.
Сіңір түйілуі әсіресе түнде жиі орын алады. Аяқиі ұйиды, суынады, жыбырлап, біреу шымшып, қытықтағандай сезіледі. Аяқтағы жайсыыздықтар әсіресе түнге қарай күшейеді. Адам бұған бірте-бірте үйреніпк етуі де мүмкін. Вена тамыры бітеліп қалатын кездер де кездеседі.

 

Жәрдемге жүгініңіз

Жоғарыда аталғанның бәрі түрлі аурулардан белгі береді. Сондықтан елемей жүре бермей, тез арада дәрігерге көрініп, тиісті ем қабылдаған абзал. Дәрігер ең алдымен тиісті тексерулерден өткізеді. Ішкі ағза мүшелері тексерілуі тиіс, арнайы сынамалар алынады. Аяқтың артерия және вена қан тамырлары тиісті аппараттармен тексеріледі. Мұндайда тамырлардың атерослеротикалық бүлінулері, тамыр тырысуы, оған түйін пайда болуы анықталуы мүмкіні. Тромбофлебит, тромбоз сияқты қауіпті өзгерістер де ангиосканерлеу кезінде анықталады.

Сондай-ақ эндокриндік жүйе толық зерттеледі, ағзадағы кальций мөлшері есепке алынады. Өйткені кальций жетіспесе, ағза оны тіс пен сүйектерден алады да, мұның соңы остеопорозға, бұлшық еттер мен буындардағы ауырсынуларға соқтырады. Сіңір тартылуы да осының бір белгісі.

Сол сияқты кіші жамбас аумағы да (әйелдерде – жатыр, жыныс безі, ерлерде простата безі аумағы) ультрадыбыстық зерттеуден өткізіледі. Өйткені олардың ұлғаюы да ірі тамырларды қысып, аяқтың қанмен жеткілікті қамтуына кедергі келтіреді.
Ал қан сынамасын тексеру арқылы аяқтағы вена қан тамырының қабыну ауруларының қабыну ауруларын (флебит, тромбофлебит) және артериядағы ауруды (артериит) анықтауға мүмкіндік береді.

Мұнымен біздің айтпағымыз, аяғыңызды аяңыз. Өмір салты дұрыс болмаса, аяқ арқылы да адамға түрлі аурулар үйірсектейді. Ішкі ағзадағы қалыпсыздықтардан да аяқ бірінші болып белгі береді. Сондықтан аяғыңызға абай болыңыз, онда қандай да бір жайсыздық сезілсе, дәрігерге көрінуге асығыңыз.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 241 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: