Халық емі
29/03/2021, 17:48

ШАУРМАНЫҢ «ШИКІЛІГІ»

Шаурманы көп жесеңіз ағзаңызда не болатынын білесіз бе?

Наны да бар, еті де бар, тез дайындалатын әрі дәмді, қадам бассаңыз алдыңыздан табыла кететін шаурманы жастар жағы өте сүйсініп жейді. Түрлі дәмдеуіштер әсерінен, оның бір жеген адамды өзіне қайта тартып тұратыны да белгілі. Шаурманы жиі тұтынудың зияны туралы білесіз бе? Осы тағамның сапасы мен құрамы жайлы біле жүргеніңіз артық болмас.

Шаурмаға майлар мен консерванттар көп қосылғандықтан, тағамның пайдасынан гөрі зияны басым. Оны әр кезде тұтынатын адамдардың денсаулығына айтарлықтай зиян келмеуі мүмкін. Ал жиі тұтынатын болсаңыз, ойланып көргеніңіз дұрыс. Себебі шаурманы жиі қолдану семіздік, асқазан, жүрек-қан тамырлары аурулары, қант диабеті және тағы да басқа ауруларға алып келуі мүмкін.

Тез тамақтанудың кесірінен, ас қорыту қызметі қиындайды. Сол себепті, жоғарыда айтылған жағдайлар тек шаурмаға ғана емес, лаваш, гриль, сэндвич, жалпы фаст-фуд тағамдарына да қатысты. Яғни, жылдам әзірленетін тағамдарға түгелдей қатысы бар. Бір жаманы – мұндай асты балалар мен жасөспірімдер өте жақсы көреді. Ал дұрысы – балаларды мұндай тағамдарға үйретпеген дұрыс.

Тез дайындалатын ас түріне қатысты тағы бір ескеретін жайт – қандай жерде дайындалып жатқанына көңіл бөлу керек. Себебі мұндай нысандардың көпшілігі тексеруге жатпайды. Бұл нысандардың және өнімдердің қауіпсіздігіне кәсіпкерлер жауапты. Сондықтан ол жерде пайдаланылатын азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін растайтын құжаттарының бар-жоғын, жалпы нысандардың санитарлық тазалыққа мән бергеніңіз жөн. Егер өнім сапасы қандай да бір күдік тудырса, сатушыдан өнімнің қауіпсіздігін растайтын құжатты сұрауға құқылысыз.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 188 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: