22/03/2021, 15:51 | |
САУСАҚТЫ УҚАЛАУДА КӨП СЫР БАР Жапондарда «Джек Шин Джитсу» деп аталатын тәсіл қолданылады екен. Түрлі сырқаттарға қарсы. Саусақтарды уқалау арқылы. Себебі адамның әр саусағы кемінде екі органмен байланыста деседі. Оларды уқалау арқылы эмоцияларды теңестіруге қол жеткізіледі, физикалық тепе-теңдік қалпына келтіріледі. Ол үшін әр саусақты 3 минут бойы уқалау жеткілікті. Бас бармақ қараталақ пен асқазанмен байланысты. Депрессия мен үрей эмоциясына сәйкес. Бас, асқазан аурулары, терідегі проблемалар, жүйке ширығуы осыған қатысты. Яғни бас бармақты уқалау арқылы осындай күйлерден арылып, табиғи тепе-теңдікті қалпына келтіруге болады. Сұқ саусақ бүйрекпен, несеп қабымен байланыста. Көңілі толмаушылық, қорқыныш, жол таппай қиналу кезінде уқаласа эмоциялық күй қалпына келеді. Асқазандағы жайсыздықтар, бұлшық еттегі, тістегі, белдегі ауырсынулардан арылуға болады. «Ортан терек» аталатын ортаңғы саусақ өт қабымен, бауырмен байланысты. Түңілушілік, қорқыныш пен мұң қинағанда уқаласа, көмегі бар. Тері проблемалары, ас қорыту жолдары, астма ауруы кезінде уқаласа, көмектеседі. «Шылдыр шүмек» саусақ өкпемен, тоқ ішекпен байланысты. Эмоциясы – үрей, өзіне сенімнің жоғалуы. Физикалық күйі – жүрек, сүйекке қатысты, тамақтағы проблемалар. Шынашақ – жүрек пен аш ішектегі күйлер. Эмоциясы – тырысушылық пен күш салу. ...Міне, әрбір саусақтың ішкі ағза, эмоциялық және физикалық күйлермен байланысын жапондар осындай деп тауыпты. Яғни саусақтар ағзаның табиғи тепе-теңдік күйін сақтайды, физикалық және эмоциялық саулықтың тепе-теңдігін қалпына келтіреді екен. Терең тыныс алып, әр саусақты (немесе қажетті саусақты) 3 минут бойы ақырын уқалап отыру керек дейді. Жасап көрсеңіз болады. Пайдасы тисе, неге жақсы әдетке айналдырмасқа? әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 189 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |