15/03/2021, 06:16 | |
ОН БЕС ТҮРЛІ АУРУҒА ЕМ БОЛАТЫН СУСЫН Бұл сусынды өзіңіз-ақ, үйде жасай аласыз. Көп уақытты алмайды. Қымбат та емес. Ал пайдасы шаш-етектен. Айтып отырғаным кәдімгі лимон қосылған су. Қышқылды қабылдауыңызға қарай күнде таңертең кәдімгі лимонның жартысын 1 стакан таза суға сығып алыңыз да, оны ашқарынға асықпай ұрттап ішіңіз. 1. Бүйректегі тұз, құм мен тастың майдасын дәрісіз-ақ түсіреді. Өйткені лимон калийге бай, зәр қышқылындағы цитраттың мөлшерін көбейту арқылы бүйректегі зиянды заттарды ерітіп, сыртқа айдайды. 2. Бұлшық еттердің ауырсынуын басады. Ауыр зат көтергеннен, жаттығулардан кейінгі бұлшық еттің ауырсынуын басады. 3. Тәбетті басып, семіруден сақтайды. Қандағы қант мөлшерін қалыпқа келтіреді, ас қорытуын жақсартады, сол арқылы семіздіктің алдын алады, құрамындағы пектин тәбетті басып, мөлшерден артық ас жеуге кедергі келтіреді. 4. Тұмау. С витаминінің мол болуына байланысты вирустар мен бактерияларға қарсы күресті күшейтіп, тұмаудан тез айығуға жол ашады. 5. Буындардың ісуі мен ауыруын басады. Буынға жиналатын қышқылды қуатын қасиетіне сай буын ауруларының да алдын алады. Әсіресе артрит кезінде пайдалы. 6. Иммунитетті көтереді. Лимфа жүйесінің жұмысын жақсартып, ағзадағы артық қалдықтарды қуа отырып, имммунитеттің көтерілуіне себепші болады. 7. Суықтаудың алдын алады. Суықтауға себеп болатын тіндердегі қышқылдың артуын қалпына келтіре отырып, бұл аурудан да тез жазылуға жәрдем береді. 8. Өт қабындағы тасты ерітеді. Құрамындағы қышқыл арқылы өтте жиналған тастың еруіне сеп бола алады, өттегі ауырсынуды бәсеңдетеді. 9. Тәуелділіктен арылтады. Үнемі тұтыну кейбір зиянды (семіздікке себеп болатын, мықынға май жинайтын, т.б.) ас түріне деген тәуелділіктен арылтады. Тәттіге деген құмарлықты да басады. 10. Астан улануды болдырмайды. Үзіліссіз тұтыну астан уланудың алдын алады екен. 11. Іш түйілуін болдырмайды. Әдетте ішектің суықтауы мен іш түйілуі ағзада қышқыл-сілтілі тепе-теңдіктің бұзылуынан болады. Ал лимон қосылған су бұл тепе-теңдікті қалыпта ұстау арқылы іш пен ішекті аурудан сақтайды. 12. Бас сақинасы. Тамырларды, қан құрамын тазарту арқылы қан айналымын жақсартып, бас ауруларының себептерін жояды. 13. Беттегі дақ. Үнемі ішіп жүрген жағдайда ағзаны біртіндеп тазалайды, құрамындағы пайдалы заттары арқылы витамин жеткіліксіздігін жойып, беттегі дақтарды кетіреді. 14. Алкогольге тәуелділіктен құтқарады. Ұзақ уақыт бойы үздіксіз тұтыну алкогольге тәуелділіктен құтқарады екен. 15. Тырнақ пен тіс, шашты берік етеді. Бәріңізге белгілі, лимон В тобының және С витаминінің қайнар көзі. Антиоксиданттар, ақуыз, калий, флавоноидтер мен көмірсуға бай. Құрамынан магний, кальций де табылады. Яғни осының бәрі ағзаға күнделікті қажетті мөлшерде сіңу арқылы жоғарыдағы ауруларды жеңуге көмектеседі екен. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 175 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |