Халық емі
09/03/2021, 00:30

СИҚЫР мен ДУАДАН ҚОРҒАНУ ЖОЛДАРЫ

БІРІНШІ АМАЛ. Күмістен жасалған әшекей тағыңыз. Бұл бағалы металл зиянды энергетика, тіл-көзді өзіне тартады. Бірақ күмісті аптасына бір рет тазалап тұру керек. (Ол үшін 1 стакан суға 1 ас қасық ас содасын араластырып, күмісті таңға дейін соған салып қою керек. Оны ай сәулесі тікелей түсетін терезе алдына қойған жақсы. Айына бір рет 10-15 минут бойы ағын су астында ұстап тұруға да болады). Әйтпесе бойына жағымсыз қуатқа толған кейін күміс иесін қорғауға қауқарсыз болып қалуы мүмкін.

ЕКІНШІ_АМАЛ. Көпшілік ортадан келгенде немесе өзіңізге өзгенің сұқтана, қызыға да қызғана қарағанын сезген жағдайда теңіз тұзы, хош иісті майлар қосылған ваннада 10 минут жату керек. Шашыңыздың да түгел осы суға шайылуына мән беріңіз. Ваннада жатқанда көзіңізді жұмып, бойдағы: ойыңыз, жаныңыз бен тәніңіздегі барлық жағымсыз әсердің осы сумен бірге келмеске кеткенін елестетіңіз. Өзіңізді өте жеңіл сезінетініңіз анық. Сосын бал қосылған жылы шай ішіп, ұйқыға жатыңыз.

ҮШІНШІ_АМАЛ. Хрусталь ыдысты жақсылап жуып, оған су толтырыңыз. Бұлақ суы болса тіпті жақсы. Оған жақында түскен суретіңізді түгел батырыңыз. (Суретте көзіңіз ашық, басыңыздан аяғыңызға дейін түскен болу керек. Мұны түнде – ұйқы алдында істейсіз). Суретті суға салып жатып өміріңізді, ойыңызды, жолыңызды, жаныңыз бен тәніңізді осы хрусталь ыдыстай мөлдірете тазарту жайлы тілегіңізді айтыңыз. Судың адам ойын «оқитыны» ғылыми түрде дәлелденген. Таңертең суды жеміс ағашы не гүлдің түбіне төгесіз. Унитаз немесе раковинаға төгуге де болады. «Жаманы – кетсін, жақсысы – қалсын» деген сөздерді айтуды ұмытпаңыз.

ТӨРТІНШІ_АМАЛ. Қара мысық асыраңыз. Мысықты сіз емес, сізді мысық таңдағаны дұрыс. Сары мысықтар шаңыраққа жайлылық сыйлайды деген сенім бар. Ал қара мысық қара ниетті адамдардың кері әсерінен сақтайды, мұндай жағымсыз әсерлерді кері қуады.

ЕСКЕРТУ: Ай кішірейіп, өшуге айналғанда үйді бұрыш-бұрышына дейін жинап, киімдерді жуып, шашты қысқартып, тырнақты алу керек. Ал жаңа ай туғанда Терезе алдына хрусталь құмыраға гүл салып қойғаныңыз дұрыс. Шаңырақтағы жағымсыз энергетиканы осылай өзіңіз-ақ тазартып, оның орнына молшылық шақыра аласыз.

Сәттілік тілейміз!!!

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 181 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: