Халық емі
01/03/2021, 15:12

ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ХАЛЫҚ ЕМІ

Көктемнің алғашқы айы да бастауын алды. Бұл суық тию мен тұмаудың өршитін уақыты. Осы мезгілде Жер шары тұрғындарының 40 пайызынан астамы тұмаумен ауырады екен. Бұрындары онша елей бермейтін аурудың қазір қауіпті белең алып бара жатқаны жасырын емес. Сондықтан тұмаумен ауырғанның алдын алған тиімдірек. Ал ол үшін не істеу керек? Тұмауды жұқтырмаудың тәсілдері бар ма?

Тұмауратқан кезде ауырған адам тәулігіне 2 литр сұйықтық ішкені дұрыс. Ол ағзадан вирустың тез шығып кетуіне көмектеседі. Сондай-ақ тұмау эпидемиясы басталған кезде қолды жылы сумен күніне 5-6 рет сабындап жуып тұрған дұрыс. Сонда оның жұғу қаупі 2 есеге дейін төмендейді.

Халық емдерінің ішінде тұмауға қарсы таптырмас тәсілдердің бірі – бал қосылған сүт. Ол анау-мынау антибиотиктерден де пайдалы әрі дәмді. Ол үшін ыстықтау сүтке бір шай қасық сары май және осынша бал қосып ішкен дұрыс. Егер осы қоспаға үккіштен өткізіп сарымсақтың бір бөлігін қоссаңыз, ол тұмауды бірден жоюға көмектеседі.

Егер тұмау кезінде мұрныңыз бітіп, тыныс ала алмай жүрсеңіз алоэжапырағының сөліне 4-5 тамшы өңделген өсімдік майын қосып, мұрынға таңертең және кешке тамызып тұрыңыз. Ал егер алоэ табылмаса оның орнына сәбіз шырынын пайдалануға да болады. Тек мұндай кезде оған бірнеше тамшы сарымсақ сөлін қосу керек.

Бұл жұқпалы вирусқа қарсы тағы да бір таптырмас халық емі – бір стакан шикі сүтті жылытып, оған шикі жұмыртқа мен бір шай қасық шекер, сонша сары май қосып араластырыңыз. Сөйтіп оны екі не үш күн аш қарынға таңертең ішсеңіз, тұмау сізге жұға қоймайды. 

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 188 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: