22/02/2021, 11:35 | |
ӨМІР ЖАСТЫ ҰЗАРТУҒА БОЛА МА? Адам өмірін ұзартуға, денінің әрдайым сау болуына байланысты қарапайым ғана нәрселерді кез келген адам біліп, мән беріп, ықыласпен орындап жүрсе сырқат мазаламайды, өмір жасы ұзақ болады әрі жастық қалпын сақтап, әрдайым көңілді жүреді екен. Бұл – ғалымдардың тұжырымы. Олай болса, кәріліктің ауылын алыстатып, жаз күніндей жайнап жүру үшін не істеу керектігін біле жүріңіз. Күн сайын отыз минут таза ауада серуендеу адамның денсаулығын жақсартуға сеп. Денені шынықтыру ағзаны сергітеді, бұлшық еттерді, сүйектерді, жүрек тамырларын, жүйке, иммунитетті, ағзаның барлық жүйелерін нығайтады. Дене шынықтыру жаттығулары кезінде ойлау, есте сақтау қабілеттері артады. Сонымен қатар, көңіл-күй көтеріледі. Сондай-ақ, суға түсу, моншаға бару артық салмақты бір сәтте-ақ жояды. Әр күн сайын шоколадтың кішкентай ғана бөлігін жеу жақсы эмоцияларды арттырады. Шоколадтың бірнеше үлесі бір күнде жақсы эмоцияларды арттырып, адам өмірін 1,3 жылға ұзартады. Жаңа піскен қызанақ (соус түрінде де) ер адамдарға 1,9 жыл, әйел адамдарға 0,8 жылға жас көріну мүмкіндігін береді. Өсімдік, зәйтүн, зығыр майлары тамырлардың икемді жұмыс істеуін қолдап қана қоймай, бауырдың өтті дұрыс өңдеуіне және ағзадан зат алмасу өнімдерін бөлуге көмек береді. Күн сайын 5 түрлі жеміс жеңіз. Ол қуатыңызды арттырады, ағзаның жасаруына, сымбатты болуыңызға сеп. Мүмкіндігінше аптасына 2-3 рет пісірілген, бұқтырылған немесе буға пісірілген таза теңіз балығын жеуге тырысыңыз. Ол адам өмірін 3 жылға ұзартады. Дұрыс, мағыналы күлкі, көңілге тимейтін әзілді де ұмытпаңыз. Күлкі, жағымды, сәнді әзілдің адам өміріне тағы да 8 жыл қосатынын ұмытпаңыз. Құрамында кальцийі басым болатын тамақтар (ірімшік, йогурт, сыр, сүт) сүйегіңізді бекітеді. Ол өмірге шамамен бір жыл қосады. Ауыз қуысын тәртіпте ұстап, әр жарты жыл сайын тіс дәрігеріне бару сіздің өміріңізге тағы да 6,4 жыл қосады. Дұрыс ұйқы – салауаттты өмірдің бір салты. Салауатты түс – әйелдердің өміріне 7 сағат, ал ерлердің өміріне 8 сағат қосып, сіздердің өмірлеріңіз тағы да 3-12 жылға ұзарады. Орташа салмақ ұстаңыз, ол сізге 6 жылға дейін өмір қосады. Күніне бірнеше минут дене шынықтырумен айналысыңыз. Сонда 30 жастан кейін өндірілуі күрт азайып кететін бойдың өсу гармоны еркін қозғалысқа түседі. Жақсы адамдармен жақын болыңыз. Табиғат аясына көбірек шығыңыз. Табиғатпен, тіпті жан-жануарлармен сырласа біліңіз. Бұл сіздің жан сарайыңызды ашады. Қандай жағдай болса да түңілмеңіз. Оптимистер пессимистерге қарағанда айтарлықтай ұзақ өмір сүреді, бұл ғылыми тұрғыда расталған. Қиын сәттерде өз өміріңіздің қуанышты сәттерін, бақытты кездерін есіңізге түсіріңіз, шүкірлік етіңіз. Бұл өмір сүруге деген құштарлығыңызды арттырып, ренжіткен адамдарды кешіруге көмектеседі. Миды жұмыс істетіңіз. Кроссворд шешіңіз, көп оқыңыз, шет тілдерін меңгеріңіз. Миды белсенді жұмыс істеуге мәжбүрлесеңіз тек қана ақыл емес, сонымен бірге жүрек қызметін, қан айналымы жүйесін, зат алмасу барысын жақсартасыз. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 163 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |