Халық емі
08/02/2021, 10:42

ҚАТЕРЛІ ІСІКТІ ХАЛЫҚ ЕМІМЕН ЖЕҢІП ШЫҒЫПТЫ

«Қырық жаста маған аш ішектің қатерлі ісігі – 3-сатыдағы қатерлі ісік деген диагноз қойылды. Қатерлі ісік дегенді естіген сәтте өмірім астаң-кестең болып, аурумен күреспей-ақ жеңілдім. Үшінші саты дегенде тіпті ажалдың жақын қалғанына сендім. Қысқасы, мен өлімге дайындалдым. Ал тірі жүргенім кездейсоқ жолыққан қарияның арқасы.

Ойда-жоқта жолыққан қария ағзадағы бөгде өскінді түп-тамырымен жоятын жолды айтып берген еді. Күнбағыстың 5 ас қасық дәнін шыны ыдысқа салып, үстіне бетін жауып тұратындай етіп бөлме температурасындағы су құяды. Бетін жауып, жылы (ыстық емес) жерге бір тәулікке қалдырасыз. Ертеңіне суын төгіп, қайтадан бетін жауып, тағы бір тәулік тиіспейсіз. Осы екі күнде пісте (шемішке) көктей бастайды. Оны үлкендеу ыдысқа салынған топыраққа тастаңыз. Үстіне жұқа етіп бір қатар топырақ (немесе көң) тастауға болады.

Дұрыс жасалған жағдайда бес күнде дәннен күнбағыс көктеп шыға бастауы тиіс. Оның көк өскін түбінен кесіп алынады. Ал пістені қайтадан жұқалап топырақпен көмеді.
Осы жаңа шығып келе жатқан күнбағыс өскінін суға бір шайып алып, шикі күйінде жеу керек.

Жоғарыда айтқан 5 ас қасық күнбағыс дәні – 1 күндік норма. Ал оның өскінін күнде жеу керек. Сондықтан алдын-ала пластик ыдыстарды әзірлеп, әрқайсысына 5 ас қасықтан дән себу керек. Ылғалды да жылы топырақта ол әр 5-7 күнде өніп шығады. Осыны есепке алыңыз.

Күнбағыс өскінін күнде жеуді әдет етіңіз. Оны ауырғанда ғана емес, кез келген адам қолдануына болады. Дәнді жарып шыққан жас өскін ағзадағы бөгде өскінді жояды. Асқазан-ішек жолдарындағы кеселді кетіреді. Ұдайы қолданған жағдайда есте сақтау қабілетін жақсартып, зейінді арттырады, ми жұмысына жағымды әсері бар. Мені аш ішектегі қатерлі ісіктен құтқарған осы өскін. Ал күнбағыс рецептін айтқан қарияны маған Алла жібергеніне күмәнім жоқ».

...Бұл хат Ресейдің «Денсаулық құпиялары» атты журналында екі жыл бұрын жарияланған екен. Хат иесі өзінің аты-жөнін көрсетпеуді жөн көріпті. Дегенмен жорналшылар оның белгілі әнші екенін атап өткен. Және оның қазір аурудан дін-аман, сахна төрінде, ел алдында өнер көрсетіп жүргенін жазған. Ал фитотерапевтер бидай өскіні секілді күнбағыс өскіні де ағзаға аса пайдалы элементтерге бай әрі өте шипалы екенін растайды. 

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 180 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: