01/02/2021, 09:43 | |
ДӘРУМЕН ЖЕТІСПЕУІНІҢ ТӨРТ БЕЛГІСІ Адам көбіне ағзада болып жатқан өзгерістерді елей бермейді. Тіпті байқамауы да мүмкін. Сол сияқты дәрумен тапшылығын да дер кезінде білмей, сезбей қалуы жиі кездесетін жағдай. Ал дәрумен тапшылығын қалай анықтауға болады? Төмендегі сұрақтарға жауап беріп көріңіз. 1. Аяқ-қолыңыз жиі ұйып қала ма? Әлде аяғыңыз тез талып, әсіресе баспалдақпен көтерілгенде балтыр тұсында шаршау, әлсіздік сезіле ме? Жүрек қағысының жиілеуі, есте сақтау қабілеті бұзылып, адамдардың түрін танып тұрғанмен атын еске түсіре алмау, қолдағы затыңызды қайда қойғаныңызды ұмыту жиіледі ме? Бұл тиамин мен В1 дәрумені жетіспегенде болатын белгілер. Әйткенмен «жарасы жеңіл»: жүгері, қара нан, фасоль, шпинат, сыра ашытқысы мен сәбізді жиі тұтыну, күнделікті ас мәзіріне енгізу арқылы жағдайды қалыпқа келтіре аласыз. 2. Соңғы кездері жиі суықтап қала бересіз бе? Аз қозғалыстың өзінде бойды әлсіздік билеп, бас себепсіз ауыра ма? Бұл сізде пантотен қышқылы мен В3 дәрумені тапшы екенін білдіретін белгі. Жасыл бұршақ, сиыр (әсіресе бұзау) бауыры, қызыл фасольды жиі тұтыну арқылы аздың орнын толтырып, жоғарыдағы жайсыздықтан құтылуға болады. 3. Қанша күтім жасасаңыз да қол мен бет терісі құрғап, жарылып кете бере ме? Шашыңыз көп түсіп жүр ме? Күтпеген жерден басыңыз айналып, тез қойып қала ма? Бұл ағзаға пиридоксин мен В6 дәрумені қажет деген сөз. Оның орнын бұршақ (горох), өңделмеген күріш толтырады, жиі тұтынуға тырысыңыз. 4. Түнде дұрыс тынығып, жайлы ұйықтасаңыз да таңертең аяқтарыңыз, әсіресе балтыр қатты талып, шаршап тұра ма? Бет пен қол терісі қабыршақтанып, қайызғақтанып кете ме? Бұл рибофлавоноид пен рутин жетіспейтінін білдіреді. Керегіңізді қызылша, брусника, анар, қара өрік, итмұрын жемісі мен сәбізден табасыз. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 187 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |