25/01/2021, 10:13 | |
БАЛАНЫҢ МІНЕЗІ ҚАНДАЙ БОЛАДЫ? Шетелдіктер жасанды толғақ шақыру арқылы баланы арнайы бір күні босануды қолға алуды көздеп отыр. Бұған астрологтардың жеті жыл бойы зерттеген мына бір қорытындысы себеп болыпты: Дүйсенбі. Бұл күні дүниеге келген сәби аса сезімтал, арманшыл, ақынжанды болуы мүмкін. Кейде ойын жинақтай алмайтындықтан тез шешім қабылдауы қиын болмақ. Дегенмен өсе келе өз жұмысына жауапты дәрігер, қиялшыл жазушы болуы да ықтимал. Сейсенбі. Өмірлік қуаты мол, жылдам қимылдайтын, ешкімге бағынбайтын, туа бітті лидер болып қалыптасуға бейім бала болады. Нақты шешім шығару, өз ісіне қасқайып тұрып жауап беру де оған тән қасиет болмақ. Бірақ олар төзімсіз болғандықтан бастаған ісін үнемі аяғына дейін жеткізе бермейді. Сәрсенбі. Ақпарат жинауға, оны таратуға аса бейім бала туылмақ. Ол жан-жақты ойланып, қателеспеуге тырысады. Ойын ешкімді ренжітпей, әдемі айта біледі. Бірақ махабатта тұрақсыздау болуы мүмкін екен. Бейсенбі. Бұл күні өмірге дарынды ұйымдастырушы, әділ басқарушы келетін көрінеді. Ол жеке басын емес, ұжымның мүддесін көздейтін жан. Бірақ қай істі қолға алса да көңіл-күйіне қарай әрекет етеді. Жұма. Сұлулықты өте қатты сүйетін, үйлесімділік пен жарасымға ерекше мән беретін адам болмақ. Ол аздап мақтаусүйер, үнемі көтермелеп отыруды қажет ететін жан. Артық не ойланбай айтылған сөз оны ауыртып қояды. Сенбі. Тұла бойы күшке толы, қандай істен де тайсалмайтын жан туылады. Қысқа ойлап, асығыс қимылдайтындықтан көптеген қателіктер жіберіп алады. Оны түзетуде тағы да асығыстыққа салынып, тік мінезімен айналасындағыларды ренжітіп ала береді. Жексенбі. Бұл күні туылған сәби өмірге құштар, ақжарқын,жан-жағына қуаныш сыйлап жүретін тұлға болмақ. Оның досы көп болады. Өмірінде анау айтқандай аса бір қиыншылықтар бола бермейді, қайта көздегеніне оңай қол жеткізеді. Осындай болжамдар шетелдегі жүкті әйелдерді үлкен ойға қалдырған сияқты. Сондықтан дәрігерлер жасанды толғақпен тууды көздейтін әйелдер көбейеді деп болжап отыр. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 175 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |