18/01/2021, 10:11 | |
ӨТТІ ҚАЛАЙ ТАЗАРТҚАН ДҰРЫС? Қыстыгүні қазан асып, қазы мен ет жеп, майлы сорпа сіміру – қазақ үшін қалыпты жай. Әйткенмен осы ет жеуге деген құштарлық өтімізді толтырып, өмірімізді қысқартуы мүмкін екен. Дәрігерлер осылай дейді. Себебі сау болудың жолы жайлы аз-кем мәлімет бере кетейік. Майлы тағамдарды артық мөлшерде жеу өттің қоюлануына әкеп соқтырады. Бұл дегеніміз – өт жолдарында өт қабы қоюланып, астың ішекке дұрыс түспей қалуы. Уақытында ем қабылдамай, өтті дұрыс шығармаса, ол тас болып түйіліп қалуы әбден мүмкін. Ауру асқынып, өтте тас пайда болса, хирургиялық ота жасатуға тура келеді. «Пышаққа түсу» деген проблема, әрине,ешкімге ұнай қоймайтын мәселе деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Сондықтан өт ауруларын дер кезінде емдеген жөн. Ал өт толғанын қалай білуге болады? Бұл кезде жүрек айниды, адам лоқсиды, оң жақ қабырғаның асты сыздап ауырады. Іш жиі қатып, адам өзін жайсыз сезінеді. Өті толған адамдарға майлы, қуырылған және тұзы мен бұрышы көп тағамдарды азайтқаны жөн. Мұндай тағамдар өт жолдарын, өттің қапшығын қабындыруға бейім болады. Сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстанып, қимыл-қозғалысты көбейту керек. Егер мереке күндері мазаңыз кетсе, үй жағдайында да өтті тазартуға болады дейді мамандар. Медициналық тілмен айтқанда, дюбаж жасағыңыз келсе, онда минералды су керек. Суды 36-37 градус температурасында жылытып, таңертең ашқарынға ішкен жөн. Әр сағат сайын бір стаканнан асықпай ұрттап іше отырып, осылай тәулік ішінде табиғи тазалану тәсілін жасаңыз. Мұны айына бір рет жасасаңыз жеткілікті. Бірақ оны екі аптадан астам ішуге болмайды. «Ауру – астан» деген ғой. Тамақты талғаммен ішуді әдетке айналдырыңыз. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 200 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |