28/12/2020, 12:19 | |
ҚАЛҚАНША БЕЗГЕ ҚОСЫМША КӨМЕК Қалқанша безінің қалыпты жұмыс істеуі ағзадағы гормондық тепе-теңдіктің кепілі. Осы теңдік бұзылуынан жүйкесі, психология, мінезі өзгеріп, адам зоб ауруына ұшырайды. Шалдыққан кеселдің шипасын іздегенше, оған жеткізбейтін жол қарастырған жақсы емес пе? Олай болса, мына жай есіңізде жүрсін: Жаңғақ, лимон мен бал аралас қоспа қалқанша безінің жақсы жұмыс істеуіне жәрдем береді. Рецепті мынадай: 3-4 дана грек жаңғағын майдалап, 1 ас қасық балмен араластырады. Оны таңертең ашқарынға жеу керек. Таңғы асты жарты сағаттан кейін ғана ішуге болады деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Кемі екі апта жалғастыру керек. Теңіз капустасы йодқа бай өнім. Одан бөлек, онда қалқанша безінің жақсы жұмыс істеуіне көмегі көп 40 шақты витамин бар. Құрма да құрамында йоды көп жемістер қатарына жатады әрі теңіз капустасына қарағанда дәмі жағымды, оны көп адамдар сүйсіне жейді. Құрма сонымен қатар магний, натрий, темірге бай. А, С, Р витаминіне де бай оны пісіп-жетілген маусымында қалауыңызша жиірек жеген жөн. Пияз да қалқанша безінің жақсы жұмыс істеуіне жәрдемші. Иммунитетті нығайтуға көмектесетіні де белгілі, себебі микроэлементтерге бай. Пияз жүрек үшін де пайдалы. Пайдалы элементтерге бай алманың ең басты құндылығы – рак клеткасынан қорғайтын қасиеті. Ал дәнінде 15% май мен йод бар. Қабығы да микроэлементтерге бай. Сондықтан алманың дәні мен қабығын да тұтынған дұрыс. Теңіз тағамдарында В12 витамині мен цинк мол. Әсіресе теңіз шаяны иммунитетті көтеруде және қалқанша безі үшін өте пайдалы. Оның консервіленген түрінде де пайдалы қасиеттері сақталады. Қарақатты қалқанша безінің қалыпты жұмыс жасауына ерекше жәрдем ететін жидек деуге болады. Гормондық тепе-теңдікті сақтауда да оның орны бөлек, антиоксиданттарға бай, қартаюға қарсы да әсері бар. Шпинат құрамындағы лютеин мен каротеноидқа қалқанша бездің жұмысына оңды әсер ететін көмекші деуге болады. Негізі қалқанша безге пайдалы, қажетті азықты, витаминді мейлінше кешкісін қолданған тиімді. Себебі күнімен белсенді жұмыс істеген соң кешкісін тынығу барысында қалқанша безі жоғалтқан қуаты мен шығынын толтыруға бейім, соған мұқтаж болып тұрады деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Осы кезде тұтынған азық жүз пайыз қажетке жарайды. Осындайда суға не буға пісірілген қызыл балық, лосось, семга, форель өте пайдалы: ағза үшін аса керек Омега-3 қышқылы қалқанша безінің де жұмысына оңды әсер етеді. Ерекше ескертетін жайт – жұтынудың қиындауы, тамақта бір түйін тұрған сияқты сезім, мойны жабық киім кигенде тұншығу, ауа жетпеу сезімі кезінде эндокринологқа көрінген жөн. Жоғарыда аталған жай қалқанша безінің жұмысын жақсартатын, сау адамда аурудың туындауына жол бермейтін азықтар. Ал ауру анықталған жағдайда, әрине, ем алу керек. Осы жағы естеріңізде болсын. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 200 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |