24/12/2020, 11:24 | |
АНАР ҚАБЫҒЫНЫҢ ТАҢҒАЖАЙЫП ҚАСИЕТТЕРІ Қысқы жемістердің қыстағы кеселдерге қарсы күресетін қауқары бар. Мысалы, анар. Оның қабығына дейін қолдануға болады екен. Жүрек ырғағының бұзылуы: 2 ас қасық анар қабығына 250 мл. қайнаған су құйып, 30 минут тұндырыңыз. Содан кейін 1 ас қасық бал қосады деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Оны күні бойы, қалауыңызша іше беруіңізге болады. Тері түлеуі немесе жарылуы: ұнтақталған құрғақ қабығын зақымдалған жеріңізге себіңіз. Бүйрек қабынуы: 2 ас қасық кептірілген қабығын ұнтақтап, үстінен 250 мл. қайнаған су құйыңыз. Оны су моншасында 30 минут қайнатады. Сүзіп алып, азырақ қайнаған су (жалпы 250 мл. болғанша) қосыңыз. Мұны күніне 4 рет, тамақ алдында 50 мл-нан қабылдаңыз. Созылмалы жөтел: анар қабығын шай секілді қызғылт түске боялғанша демдеңіз. Бал қосып, аз-аздап ішіңіз. Мұны жарты стаканнан, күніне 2 рет ішеді. Күйік: Алдымен күйік орнына анар шырынын (сөлін) жағыңыз, үстінен ұнтақталған құрғақ қабығын себіңіз. Көп ұзамай ауырсынуы басылады. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 218 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |