Халық емі
14/12/2020, 16:02

...СОРПА – БЕТКЕ

Сиыр етінен жасалған сорпаның құрамында метионин амин қышқылы бар. Ол ағзадағы зиянды заттардың шығуын реттейді. Әрі сорпа 20-40 минутта қорытылып кететін сіңімді ас. 

Көп адам сорпаны диеталық ас деп жатады. Ол рас. Дегенмен сорпа диеталық қана емес, шипалы ас. Ол ішектердің жұмысын жақсартады, сіңімділігіне сай құрамындағы бар пайдалы қасиеттері ішек арқылы ағзаға толық сіңіріледі. Отадан кейінгі әлсіреген адамға тауық сорпасын ұсынудың бір себебі осында. Ыстық күйдегі тауық сорпасы ас қорыту жолының, асқазан мен аш ішектің жұмысын жақсартады. Ол асқазандағы артық қышқылды шығарады. Гастритпен ауыратын адамдар үшін әсіресе тауық сорпасының көмегі зор. Сорпа, сонымен бірге, сүйектердің бітіп кетуін тездетеді. Яғни сорпадағы элементтер сүйек, шеміршек және дәнекер тіндерге және көкбауырдың қызметіне жақсы әсер етеді.

Бар нәрі мен құрамы ағзаға толық сіңетін сорпаны жиі ішетін адамның ағзасы токсиннен таза, сүйектері мығым болады, артық салмақ жинамайды. Мұндай адамның қимыл-қозғалысы да жеңіл, өзі сергек болатыны түсінікті. Ал терісі артық күтімсіз де әдемі, серпімді болып тұрады. «Ет – етке, сорпа – бетке» деген осы шығар...

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 203 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: