07/12/2020, 13:10 | |
ПИЯЗҒА ШЕКЕР ҚОССА ЕМ БОЛАДЫ Түсі қызғылт көк сияқты пияз бағасы неге басқаларынан қымбат, білесіздер ме? Көпшілік оны өзгеше сұрып (сорт) болғандықтан бағасы көтеріңкі болады деп санайды. Ал негізі мәселе пияздың емдік қасиетінде. Пияздың бұл түрінен созылмалы цирроз, «водянка» сияқты ауруларды жеңуге көмектесетін «дәрі» жасауға болады. Бір кило пиязды еттартқыштан өткізіп, оған 850-900 грамм шекер қосады. Араластырып, 10 күнге салқын жерге қойыңыз. Одан кейін сүзіп, таза шыны ыдысқа салып, тоңазытқышта сақтау керек. Дайын болған «дәріні» күніне 3 рет, әр жолы 2 ас қасықтан ішеді деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Қажет болған жағдайда араға бір ай үзіліс салып, емді тағы қайталауға болады. Бірақ тәттіге немесе пиязға аллергиясы бар, асқазан қыжылы мазалайтын адамдар 2 емес, 1 ас қасықтан ғана, онда да абайлап қабылдағаны жөн. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 214 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |