Халық емі
01/12/2020, 23:25

ГЕМОРРОЙҒА ДАУАСЫ БАР   

1. Уатылған қалақай (крапива) жапырағы мен итшомырт (крушина) қабығынан 2 ас қасығын ыдысқа салып, үстінен 0,5 литр қайнаған су құяды. Баяу жанған отта 10 минут қайнатады. Сосын үй температурасында 30 минут тұндырып, сүзіп алады деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Күніне жарты ас қасықтан 3-4 мезгіл (тамақтан жарты сағат бұрын) ішіп тұрса, ауырсынуды басады, ішті босатады.

2. Шетен (рябина) шырыны. Піскен жемісін жуып, шырынын сығып алады. Күніне 3 мезгіл, стаканның 4-тен 1-і мөлшерінде ішіп тұру керек. Соңынан 1 стакан қайнаған су ішеді.

3. Қызыл шетен мен бал. 1 стакан шырынға 1 ас қасық бал қосады. 50 миллилитрдан, күніне 3 мезгіл ішеді, соңынан 1 стакан қайнаған су шеді.

4. Картоптан «свеча» қоюға болады. Ол үшін картопты тазалап, одан саусақтай етіп кесіп алады. Ұйқыға жатарда тік ішекке енгізіп қояды. Таңертең ол үлкен дәретпен шығады.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 202 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: