23/11/2020, 15:10 | |
ЖАҢҒАҚТЫҢ ЖҮРЕККЕ ЖӘРДЕМІ БАР Жаңғақтың адам денсулығына пайдасы көп. Сондықтан оны емге пайдалануға болады. Мынадай рецепттер бар: 1) Суықтаудың алдын-алу үшін: тең дәрежедегі жаңғақ дәні мен кепкен өрік, мейізді еттартқыштан өткізіп, бал қосып әбден араластыру керек. Оны күнде таңертең және кешке 2 ас қасықтан жеп тұрса болады. 2) Жүрек бұлшық етін нығайту, инсульттің алдын-алу үшін: жаңғақ дәнін уатып, оған аз ғана мейіз және үккіштен өткен ірімшік қосып, араластырады. Үш-төрт апта бойы күніне 3 мезгіл, тамақ арасында 1-2 ас қасықтан жеп тұру керек. 3) Ағзаны қуаттандыруға: 4 жас жаңғақты жақсылап жуып, дәнін еттартқыштан өткізіп, оған 0,5 келі бал қосады. Тоңазытқышта сақтау керек. Күніне 3 мезгіл, 1 ас қасықтан жеп тұрған дұрыс. 4) Иммунитетті арттыруға: 500 грамм уатылған жаңғақ дәнін, 300 грамм бал, 100 грамм алоэ шырынын, 4 лимон шырынын жақсылап араластырып қояды деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. 3-4 апта ішінде, күніне 3 мезгіл (тамақ алдында) ішеді. Ересектер 1-2 қасық, балалар 1-2 шай қасық. (Аллергиясы барлар абайлағаны дұрыс). ...Жалпы, жаңғақ дәні жүрек-қан тамырлары, жүрек, асқазан-ішек жолдары, өт жолдары, бауыр аурулары кезінде пайдалы. Жүкті және бала емізетін әйелдерге де пайдасы көп. Жаңғақ дәні аралығындағы перделерін жинап, спирт тұнбасына салып қойса да болады. Ол зат алмасуына, көзге, гипертония, асқазан дерттеріне, атеросклерозға қарсы қолданылады. Жалпы, жаңғақ ағашының жапырақ, тамын, қабықтары да емге пайдалы. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 201 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |