Халық емі
16/11/2020, 11:33

БАС АУЫРСА...     

Бас ауруының себебі көп. Мысалы, жақпайтын тамақ ішсе де бас шыдатпай ауырады. Мұндайда асқазанды тазартса жетіп жатыр.

Көзілдіріктің сай келмеуінен де бас ауырады. Бұл жағдайда көз дәрігеріне көрініп, көзілдірікті алмастыру қажет.

Қан аздықтан да бас ауырады деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Мұндайда дереу басты орамалмен қатты таңып, тегіс жерде шалқалап жатып, демалыңыз, көңілді орнықтырыңыз. Соңынан кофе немесе шай ішіңіз.

Ой еңбегімен айналысатын жандардың басы көп ауырады. Мұндайда легенге ыстық су құйып, 10-15 минут аяғыңызды (толарсаққа дейін) малып отырыңыз.

Бас сақинасы, желкенің тартылуы жүйкенің әлсіздігінен болады. Мұндайда мазасыз ойдан арылып, жақсылап тынығып алу керек. Шай ішкен дұрыс немесе жұмыртқаны шикілей кесеге жарып алып, үстінен қайнаған сүт құйып, әбден араластырады. Әр күні осындай қоспаны аз-аздан ішіп тұрса, жүйке ауруынан біртіндеп арыла алады.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 239 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: