09/11/2020, 19:51 | |
АДАМНЫҢ ОН ЕКІ МҮШЕСІНІҢ ТӘУЛІКТІК ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ Адамның он екі мүшесінің тәуліктік жұмыс жүйесі бар. 1. Таңғы сағат 3-5-тердің шамасында өкпе жүйесінің қуаты (энергиясы) артады. 2. Таңғы сағат 5-тен 7-ге дейін тоқ ішектің қуаты күшейеді. 3. Таңғы сағат 7-ден 9-ға дейін асқазанның қуаты үсті-үстіне жақсарады. 4. Сағат 9-дан 11-ге дейін ұйқы безінің және талақтың қуаты еселеп артады. 5. Сағат 11-ден 13-ке дейін жүректің қызметі айрықша күшейеді. 6. Түскі сағат 13-тен 15-ке дейін ащы ішектің қуаты барынша артады. 7. Ал сағат 15-тен 17 аралығында қуықтың қуаты өте жоғары болады. 8. Сағат 17-ден 19-ға дейін бүйректің қуат көзі ерекше күшейеді. 9. Түнгі сағат 21-ден 23-ке дейін иық сүйегінің қуаты барынша артады. 10. Түнгі сағат 23-тен түнгі сағат 1-ге дейін өттің күш-қуаты өте молаяды. 11. Түнгі сағат 1-ден 3-ке дейін бауырдың қуаты шарықтау шегіне жетеді. 12. Тек 12 сағаттан кейін әр мүшенің қабынуы өз қалпына түседі, төменгі шегіне жетіп, тынышталады. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 202 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |