19/10/2020, 22:30 | |
ЛИМОННЫҢ СӨЛІ ТАМАҚ АУРУЫНАН САҚТАЙДЫ Бәз біреудің қызы баспа (ангина) ауруымен жиі ауырады. Бір жасқа толмаған шағында балмұздақ жеп, тамағы қатты суықтағаны бар. Содан бері қысы-жазы сәл салқын су ішсе, тер қатса бітті, тамағы ісіп, көмекей безі қабынып шыға келеді. Балаға дәріні көп бере беруге болмайды. Сондықтан баспаны асқындырмайтын халық емі тәсілдерін қарастырып жүреді деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Соның бірі лимонға қатысты. Көмекей безі енді қызарып, ісініп келе жатқанда бір лимонның шырынын сығып алып, оған осынша мөлшерде қайнаған салқын су құйыңыз. Онымен сағат сайын тамақты шайып отыру керек. Қабығынан аршылған лимонды жұқалап кесіп, бір тілімін ауызға салып жүру де көмекей безінің қабынуынан сақтайды екен. Оны 15-20 минуттан соң, қышқылы кеткенде түкіріп тастауға да, жеп қоюға да болады. Бала балмұздақ жеп, салқын су ішкенде ауырып қалады деп қорықпай-ақ, осы шараны алдын-ала жасай беріңіз, зияны жоқ. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 209 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |