Халық емі
28/09/2020, 22:58

Сода қосылған су аяққа да, ағзаға да сергектік сылайды.

Шаруа кісінің ісі ерте көктемнен қоңыр күз аяқталып, қыс түскенге дейін жалғасатыны сөзсіз. Белін бүгіп, аяғымен тік тұрып, жұмыс жасағанда, әсіресе, аяқтың сіңірлері сіресіп қалады. Мұндайда жұмыс арасында аяқтарды демалдырып отырған жөн.

Оның тәсілі мынадай:

Аяқ киімді шешіп, сосын астына қатты нәрсе қойып, жоғары көтеріп жату керек. Бұның өзі аяқ қан тамырларының демалуына жақсы әсер ететіні сөзсіз.

Аяқтарды демалдырудың жақсы жолы – аяқты бөлме температурасындағы суға салып, бір мезет отыру деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Мұндайда ыстық суды пайдалануға болмайды. Әсіресе, аяқта варикоз аурулары барлар үшін қауіпті. Өйткені ыстық су қан тамырларының кеңеюіне әсер етуі мүмкін.

2 стакан жылы суға 2 ас қасық соданы жақсылап араластырып, ерітіп алады да, оны ішінде жылымық суы бар ыдысқа құяды. Үстіне жалбыз тұнбасының бірнеше тамшысын тамызып, аяқты 15-20 минут салып отырады. Осы 20 минутта аяқ тынығып,  адам кәдімгідей сергіп қалады.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 217 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: