21/09/2020, 12:52 | |
ЕҢ АРЗАН КӨК Асқа қосатын «шөптің» ішіндегі ең арзаны – аскөк (укроп) екені даусыз. Менің әжем оны қолданғаннан қалған артығын кептіріп, жинап қояды. Сонда қыста асқа қосуға да болады, емге де қолданады. Иә, аскөкті асқазан ауырғанда қайнатып ішуге болады екен. Әжемнен үйренгенім – 1 ас қасық кептірілген аскөкті жарты литр қайнаған суға салып, 1 сағат тұндырасыз деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Іші жиі бұзылатын немесе іш қатуы мазалайтын жағдайда, асқазанның түрлі кеселінде осыны жарты стаканнан күніне 3 рет ішу керек. Әрине, дәрігер берген емді үзуге болмайды. Ал аскөк тұнбасын күнде жаңадан әзірлей отырып, 10-15 күн ішсе, асқазан-ішек жұмысын жақсартуға көмегі күшті. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 227 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |