Халық емі
25/08/2020, 13:00

ПАЙДАЛЫ ТҰНБА

Елу жастан кейінгі бір адамның қолы мен аяғының саусақтары ұйып қала беретін еді. Түрлі тексеруден өтті, ем алды. Бірақ біраз уақыттан кейін ауру қайталай беретін. Сонда медбике бір ем айтып, соның арқасында жазылдым деп отыратын. Бүгін сол адамның өтінішімен осы ем түрін сіздерге жолдап отырмыз.

Кешке қарай стаканның 1/3 бөлігіндей зығыр (лен) дәніне 1 литр су құю керек. Оны 5 минут қайнатып, сосын су моншасында 2 сағат ұстайды деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Сосын зығыр салынған ыдысты түнімен бөлме температурасындай жерге қояды. Таңертең сүзіп аласыз. Ол шамамен 850 миллилитр кисель секілді қоюлау қайнатпа болады. Оны 5 күн, күнделікті таңертең және кешке стаканның 1/3 мөлшерінде ішеді. Екі күн демалып, емді қайталау керек. Бұл жолы қайнатпаны 10 күн ішеді. Үш айдан кейін 10 күндік емді тағы бір қайталап жіберу керек.

Қол-аяқтың ұйып қалуынан қиналып жүрген анашым осы емнен кейін тәуір болды. Одан бері де үш жыл өтті, бұл ауру қайта мазалаған емес.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 229 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: