27/07/2020, 19:16 | |
СІЗДЕ ҚАЙСЫ ДӘРУМЕН ТАПШЫ? Сізде қандай дәрумен жетіспейтінін қалай анықтауға болады? Егер бас айналып, құлақ шуылдай берсе, онда В6 және Е дәрумендері және марганец пен калийді көбірек тұтыну қажет. Көзіңіз қызарса, қараңғы жерге бірден үйренісе алмасаңыз, А және В2 дәрумені жетіспейді деген сөз. В12, В6, Р және селен жетіспесе, баста қайызғақ көбейіп кетеді. Шашыңыздың түсі солғын, ұштанғыш болса, В9, С дәрумендеріне басымдық беруді ойлаңыз. С дәруменінің жетіспейтінін дененің жеңіл ұрып алған жерінде де көгерген із қалып деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті, оның көкпке дейін кетпеуінен білуге болады. Ұйқы бұзылса, В тобының дәрумендерін қабылдау керек. В6 дәруменінің аздығын жаттығу жасап біле аласыз. Екі алақаныңызды жоғары қаратып созыңыз. Сосын екі қолыңыздағы төрт саусақтың екі буынын бір мезгілде жұмып, саусақ ұштарын алақаныңызға тигізіңіз. Саусақтар мен алақан арасындағы буынды бүкпеңіз. Егер осы жаттығуды ойдағыдай жасай алмасаңыз, сізде В6 дәрумені тапшы. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 236 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |