20/07/2020, 16:43 | |
ЖОЛЖЕЛКЕН Жолжелкен жапырағы ішекке пайдалы. Бір деректерден жер бетіндегі халықтың 10-15%-ында іш қату (запор) бар дегенді оқып едік. Америка Құрама Штаттарында 4 миллион адамда осы ауру бар дейді. Былай қарасақ, іш қату анау айтқандай қорқынышты емес көрінеді. Бірақ бұл сондай жайсыз әрі бауыр мен ішектерге өте зиян жағдай ғой. Ал одан құтылу қиын емес. Таңертең және кешке буға немесе суға пірілген асқабақ тілімін жеңіз. Бұл емнің тез әсер етуіне көмек деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Ал негізгі ем мынадай: жолжелкен (подорожник) дәнінің немесе уатылған жапырағының 2 ас қасығына 1 стакан су құйып, баяу отта қайнатады. 3 минут қайнаған соң жылы орап, 4 сағатқа тұндырып қояды. Оны таусылғанша күнделікті 1 ас қасықтан таңертең ашқарынға ішу керек. Ал іш қатуы бірнеше жылға жалғасқан болса, онда стаканның төрттен бір мөлшеріндей ішуге болады. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 233 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |