Халық емі
18/11/2026, 20:08

ШЫЖЫҢ - ЭНУРЕЗГЕ
өрмекшінің ұясы да ем екен
«Балаларда көбіне төсекке жіберіп қоятын жағдайлар болады. Тибет медицинасында бұған өрмекшінің торын алып, кіндікке салып, соныменен үстін пластырьмен жабыстырып қою керек. Ол бір күн тұрса жақсы. Осыны 4-5 рет қайталаса төсекті бүлдіріп қою ахуалы азаюы мүмкін».  

* * *

Боза буын ауруын да басады
Қазір көп адам суықтап, тұмауратып ауырып жүр. Оның да таныс-туыстарының арасында мұрны пысылдап, тамағы жыбырлап жүргендер көп. Суықта буын ауруы үдеген құрдастары жеткілікті. Ол оларға дәрі орнына боза іш деп кеңес береді. Өйткені боза сусын ғана емес, керемет ем.
Дәнді дақылдардан ашытып жасалатын бозаның буын ауруларына, тұз жиналуына қарсы ем. Асқазаны ауыратын, ас қорытуы қиын адамдар оны күніне аз мөлшерде ішіп жүрсе, тезірек жазылады. Себебі құрамында ферменттер көп, ол асқазанға залалы мол бактерияларға қарсы күреседі.
Бір құрдасы бар, қырыққа келсе де бойына шыр бітпей қойды. Әйтпесе асты қай-қайсымен де тең жейтін-ақ жан. Асқазанында ма, ішегінде ме, кілтипан бар көрінеді. Ол соны боза ішуге үйретті. Күніне жарты кесе ғана ішеді. Кейін бір кесені тауысатын болды. Соған үйреніп алған соң алдыңғы жылы қыс бойы боза ішуге бірге баратын еді. Келесі жылдан бастап сол досы аздап толысып, реңі кіріп қалды.
Қазір екінің бірінде қаназдық бар. Бұған қарсы да боза іш дер еді. Бозаның қоректік қасиетінің күштілігі сонша, ол ағзадағы зат алмасуды күшейтіп, қандағы қалдықтарды айдап шығарады. (Ал медицинада қанды тазалау өте қиын). Қан тазаланған соң жаңа түйіршіктер түзіліп, анемиядан дәрі ішпей-ақ айығатыныңыз анық.
Кейбіреу бозаны спиртті сусын санайды. Рас, оның құрамында спирт бар. Бірақ ол өте аз мөлшерде, ағзаға залалы жоқ. Мұны тағамтанушылар да мойындаған. Бозаны әзірлеу технологиясы мен құрамына мән берген олар емдік-тағамдық құндылығын жоққа шығармайды. Себебі бұл сусын жаңа өніп келе жатқан дәннен дайындалады. Ал жаңа өніп келе жатқан дәннің денсаулыққа шипасы мол.
Әйткенмен бозаны бүйрегіне тас, тұз жиналған адамдар абайлап ішуі керек. Күніне 50-100 грамнан ғана ішіп үйренгені жөн. Үйренген соң да мөлшерін 300 грамнан асырмағаны дұрыс. Ал 3 жастан асқан балаларға 5 ас қасықтан артық ішкізуге болмайды. Айтпақшы, боза бауыры ауыратын адамдар үшін де емдік сусын бола алады.
Ол өзі жылда күн суытқаннан көктем келгенше күніне бір немесе екі кесе боза ішуді әдет еткен. Суықтап ауыра қоймайтыны, тұмауды тез жеңетіні соның арқасы деп ойлайды.

* * *

Күріш суының пайдасы
Бұл – ежелгі Қытай рецепті. Уақытпен тексерілген, тән саулығын сақтау мәселесінде басты шара саналатын, әдеттегі медициналық әрекеттер пайдасын тигізбеген кезде жасалатын амал деседі.
Қытайлықтар күрішті ерекше жақсы көреді. Бұл тағамды көп тұтынатындары да кездейсоқтық емес. Дұрыс дайындалған күріш өмірді ұзартып, ағзаны қажетті заттектермен қамтамасыз етіп отыратын өте пайдалы тағам.
Күріш жеп отырған кезде ағзаңыздағы токсиндер сыртқа шығады, асқазан мен ішек жұмысын ретке келтіреді.
Дегенмен күрішке қарағанда оның суының пайдасы мол. Егер бұрын-соңды күріш суының пайдасы туралы естімеген болсаңыз, бұл жазбаны сақтап қойғаныңыз жөн. Ал айтарымыз мынау: мінсіз келбет, күш-қуат, сау тері күріш суын тұтынатын адамдардың серігі. Күріш суы ағзаны көмірсулармен қамтамасыз етіп, асқазан ауруын емдейді, артериялық қысымды ретке келтіреді. Оба ауруының алдын алады. Мұнымен қатар, оның косметикалық қасиеті бар. Саңылаулардың аузын бітеп, тері түсін біркелкі етіп, майлылық деңгейін азайтады. Ертеде қазіргідей арнайы дайын сусын мен тағамдар шықпаған кезде, ата-аналар балаларын осы сусынмен тамақтандырған. Бүгінде жиі айтылатын «бұрынғының балалары мықты болған» деген сөз осындай табиғи ас-судың арқасы екені жасырын емес.
Иә, ертеректе күріш суының арқасында дисбактериоз, гепатит сынды аурулар өте сирек кездесетін болған. Ол өте қарапайым әдіспен дайындалады: аз мөлшердегі күрішті суға салып қайнатыңыз. Бір стакан суға бір ас қасық күріш жеткілікті. Күріш жартылай піскен шақта су түсі өзгереді. Онымен күніне екі рет бетіңізді жуыңыз. Бір аптаның ішінде оң нәтижесі байқала бастайды. Ал күрішті суға қайнатып, оған айран қосып ішсе, асқазан-ішекті тазартып, ағзаны, теріні жасартатын дайын детокс дей беріңіз. Үш немесе бес күнге созылған осындай диета ұстансаңыз жасушалар да жаңарып, ағзаға жиналған тұздан арыласыз. Бұл «диетаның» ерекшелігі – күріш+айран ботқасын қалауыңызша жей беруіңізге болады.
Айтпақшы, күріш қайнатылған суды жиірек ішу бауырды сауықтырады.

* * *

Бас сақинасына ем
Күнде таңертең ашқарынға жарты стакан жаңа сығылған картоп шырынын ішу керек. Ол бас сақинасын қойдырады, асқазан жұмысын жақсартады, ішектерді шлактан тазартады. Дәмі ұнамаса аздап бал немесе құлпынай шырынын (3/1 мөлшерінде) қосуға болады. Ем курсы – 15 күн.

* * *

БАУЫРДЫ ТАЗАЛАУҒА АРНАЛҒАН КЕҢЕСТЕР
1) Таза су ішіңіз, бір стақан суға жарты лимонның шырынын қосыңыз. Лимон шырыны бауырды токсиндерді шығаруға ынталандырады, ал су оларды ағзадан шығарады.
2) Сарымсақ пен пияз жеңіз. Бұл жақындарыңызға ұнамауы мүмкін, бірақ бауырға өте пайдалы. Пияз бен сарымсақта ағзадағы жиналған майды ыдырататын, сондай-ақ бактериялар мен саңырауқұлақтарды шығаруға көмектесетін өсімдік тектес заттар бар.
3) Дәрілік түйетікен (расторопша) шайын ішіңіз немесе оның сығындысын суға қосыңыз. Түйетікен құрамындағы силимарин бауыр жасушаларын уыттардан қорғайды және глутатионның (токсиндерді шығаруға көмектесетін антиоксидант) бұзылуын тежейді.
4) С витаминіне бай көкөністер мен жемістерді жеңіз: брокколи, болгар бұрышы, құлпынай, спаржа, гүлді қырыққабат, лимон, қырыққабат, шпинат, жасыл бұршақ, апельсин, грейпфрут, қызанақ, таңқурай, балдыркөк, жалбыз, ақжелкен және т.б. Неғұрлым көп болса, соғұрлым жақсы (ең дұрысы — шикі күйінде).
5) Бақбақтың жапырағын кез келген түрде тұтыныңыз. Әрине, қалалық саябақтан термеңіз, ал егер саяжайда немесе экологиялық таза жерде болсаңыз, емдік жапырақтарды жинамау қателік болар еді.
6) Куркума қосылған тағамдар дайындауды үйреніңіз. Куркума ағзадағы қабыну үдерістерін баяулатып, бауырды бос радикалдардың зақымынан қорғайды.

* * *

КІР САБЫННЫҢ КЕРЕМЕТІ
Құрамы: сілті, май қышқылдары, су — химия жоқ.
Бактерияға қарсы әсері: микробтармен дәріханалық антисептик сияқты күреседі.
Гипоаллергенді: сезімтал теріге де жарайды (шынтаққа жағып сынап көріңіз!).
Емдік ТӘСІЛДЕРІ:
Тырнақ аурулары (грибок) мазалай ма?
Сабын үгіндісін азырақ ыстық суға ерітіп, күніне 15 минут аяқты булаңыз. Сілті "грибокты" өлтіреді, тері жұмсақ болады.
Беттегі безеу мен тітіркену:
Кір сабынмен (аптасына 1–2 рет) жуыныңыз. Қабынуды басады, майлылығын кетіреді.
Жарақат:
Жараны сабынды ерітіндімен шайыңыз — дезинфекциялайды және жазылуды жылдамдатады.
Мұрын бітелгенде:
Мақта оралған таяқшаны сабынды көбікке малып, мұрын ішін абайлап сүртіңіз. Еркін тыныс аласыз!
Буын ауруы:
Үгітілген сабынды тұзбен (1:1) араластырып, азырақ жылы су қосыңыз. Оны түнде аяғыңызға жағып, орап қойыңыз. Таңертең қозғалу жеңіл болады!
Тек 72% сабынды қолданыңыз — пайдасы көп.
Артық қолданбаңыз: сілті теріні құрғатады, соңынан креммен ылғалдандырыңыз.

* * *

ЗӘЙТҮН МАЙЫ ТУРАЛЫ 10 ДЕРЕК
1️⃣ Пайдалы майлардың көзі. Моноқанықпаған майлар гормондарды, жүрек пен қан тамырларын қолдайды.
2️⃣ Ағзадағы қабынуды азайтады. Табиғи қабынуға қарсы әсер береді.
3️⃣ Антиоксиданттарға бай. Полифенолдар қартаюды баяулатып, жасушаларды қорғайды.
4️⃣ Әйел гормондарын қолдайды. Эстроген синтезі, цикл тепе-теңдігі және тері саулығы үшін маңызды.
5️⃣ Витаминдердің сіңуіне көмектеседі. Майда еритін A, D, E, K витаминдері маймен бірге жақсы сіңеді.
6️⃣ Ми мен жүйке жүйесін қоректендіреді. Зейін, есте сақтау және көңіл күй үшін қажет.
7️⃣ Жүрек саулығын қолдайды. «Жаман» холестеринді төмендетіп, қысымды жұмсақ реттейді.
8️⃣ Ас пісіруге жарамды. Сапалы extra virgin майымен 180–190°С-қа дейін пісіруге болады.
9️⃣ Сапасы сенімді. Ал ең сенімді әрі пайдалысы Extra virgin, бірінші суық сығым (первый холодный отжим), қара бөтелкеде болғанын таңдаңыз.
🔟 Күнделікті қолданыңыз. Күніне 1–2 қасықты салаттарға, ботқаларға, көкөністерге, дайын тағамдарға қосыңыз.

* * *

КӨЗДІҢ КӨРУІН ЖАҚСАРТАДЫ
Көкжидек (черника) пен таңқурайды (малина) тең мөлшерде араластырыңыз. Көкжидек көз көруді жақсартатын ең пайдалы жидектердің бірі, шектеусіз жеуге болады.
Батпақты аирдің (аир болотный) ұсақталған тамырының үш шай қасық мөлшерін бір стақан тазартылған қайнаған суға салып, 30 минут тұндырыңыз. Күніне 3 рет стақанның төрттен бірін ішіңіз.
Лимонник (лимонник) жемісінен күні бойы әр 3–4 сағат сайын 5 данадан қабылдаңыз. Жасыл шаймен ішіңіз.
«Пырей» кептірілген, ұсақталған тамырының 4–6 ас қасығын 5 стақан тазартылған суға салып, көлемі төрттен біріне азайғанша қайнатыңыз. Күніне 4–5 рет 1 ас қасықтан ішіңіз.
Балдың ¼ шай қасығын қою шайдың жарты стақанымен араластырыңыз. Дайын қоспаны көзге тамызады: күніне 3 рет 5 тамшыдан.
Ұйықтар алдында бір стақан бал қосылған су ішіңіз (1 шай қасық бал + 1 стақан тазартылған су).
Күн сайын кемінде бір стақан жаңа сәбіз шырынын жарты шай қасық зәйтүн майымен бірге ішіңіз.
Итмұрынның (шиповник) қайнатпасы көзге өте пайдалы. 2 стақан қайнаған суға 3–4 шай қасық ұсақталған итмұрын салып, 5 минуттан артық қайнатпаңыз. Жылы күйінде әр стақанға 1 шай қасық бал қосыңыз.
Көз көруді жақсарту үшін күн сайын кемінде 150 г зімбір (имбирь) мен қызыл қызылшадан (свекла) жасалған салатты лимон шырыны мен зәйтүн майымен (шай қасықтан) қосып жеу ұсынылады.
2 стақан суда қалақайдың (крапива) 1–2 шай қасық ұсақталған жапырағы немесе сабағын 5 минут қайнатып, сүзіп, жасыл шаймен араластырыңыз. Күніне жарты стақаннан ішіңіз.
Қырмызыгүлден (календула) 1 шай қасықты 1 стақан қайнаған суға демдеп, 3–5 минут тұндырып, сүзіңіз. Әр 4–6 сағат сайын 1 стақаннан ішіңіз. Қалауыңызша бал қосуға болады.
Аскөк (укроп) тұқымының 1 шай қасығын 1 стақан қайнаған суға салып, 5 минуттан соң ұрттап ішіңіз. Күніне 2 рет қабылдаңыз.

* * *

Сарымсақ қабығы – жасарудың құпиясы
Сарымсақты тазалағанда ақ қабығын тастамаңыз!
Бұл – жасаруды ұзартудың бағалы құралы.
Қабықтан дайындалған сусын пайдалы және өте қарапайым:
Ақ сарымсақ қабығының бір жұптасын алып, бір стақан қайнаған сумен құю керек.
Шайнек қайнағаннан кейін 1–3 минут күтіп, тек содан соң қабыққа су құйыңыз.
Сусынды тек толық суығаннан кейін ғана ішіңіз.
Қатты ыстық немесе жылы сусынды ішуге болмайды.
Күніне 1–3 стақан сусын ішуге болады.
Сусынды алдын ала дайындауға болады, өйткені ол әдетте ұзақ суиды.
Ерлер ақ сарымсақ қабығының сусындарын айдың 10-нан 20-сына дейін ішсе, әйелдер 20-дан 30-ына дейін пайдалана алады.
Нәтиже: құлақтағы шу мен қан қысымының ауытқуы азаяды, тері тез жақсарады.
Қарсы көрсеткіштер: аритмия, тахикардия, асқазан-ішек жолдарының аурулары өршу кезінде.

* * *

БУЫН АУРУЫ МАЗАЛАЙ МА?
Мына қоспамен емдеп көріңіз
Сиқырлы паста рецепті:
Ем үшін тек екі қарапайым ингредиент – кастор майы мен ас содасы – буындағы ауыруды жеңілдетуге көмектеседі.
Құрамы:
1 шай қасық кастор майы
1 шай қасық ас содасы
Дайындау тәсілі:
Кішкентай ыдыста кастор майы мен ас содасын араластырыңыз.
Қою паста күйіне келгенше жақсылап араластырыңыз.
Қолдану әдісі:
Тізе ауыратын болса, пастаны буынға жағып 30 минут қалдырыңыз, сосын жуып тастаңыз.
Пастаны папилломаға да қолдануға болады – 30 минут қалдырыңыз.

 баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 5 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: