АСПИРИН
шашты жылтыр әрі қалың етеді
Аспиринді шашқа қалай қолдануға болады?
3 аспирин таблеткасын алып, жақсылап ұнтақтаңыз. Ұнтақталған аспиринді бір рет жууға жететін шампунь мөлшерімен араластырып, бас терісіне жақсылап уқалап жағыңыз.
Нәтижесінде шашыңыз әлдеқайда жылтыр әрі көлемді болады. Қайызғақты кетіру үшін осындай бірнеше процедура жеткілікті.
Аспириннің кейбір химияға толы дәрілерден айырмашылығы, табиғи ауырсынуды басатын құрал ретінде ұзақ уақыттан бері қолданылып келеді. Сондықтан оны кейде зиянды химиялық заттардан тұратын шашқа арналған құралдардың орнына пайдалануды ұсынамыз. Сонымен қатар, ақшаңызды үнемдеп, мәселені өте арзан жолмен шеше аласыз.
* * *
МИДЫ ҚАРТАЮДАН ҚОРҒАЙТЫН ШАЙ ТҮРЛЕРІ
жасы үлкен адамдарға шие пайдалы
Түймедақ (ромашка) шайы
Антиоксиданттарға бай — қатерлі ісік қаупін төмендетеді, организмді жасартады, есте сақтауды жақсартады және бос радикалдарды жояды.
Итмұрын (шиповник) шайы
Денсаулыққа пайдалы заттарға бай, ми функцияларын сақтауға ең тиімді профилактикалық құралдардың бірі болып саналады.
Жалбыз (мята) шайы
Жалбыздағы розмарин қышқылы амилоид талшықтарының түзілуін тежейді және егер миға енген болса, оны «жояды».
* * *
Ас қорыту мен зат алмасуды жақсартады
Және бұл рецепт табиғи түрде арықтауға көмектеседі.
Бұл белсенді қоспаның сыры – асқазан мен ішекке әсерінде.
Бал мен даршын (корица) организмді паразиттерден тазартып, токсиндерді шығарады.
Құрамы:
0,5 шай қасық даршын
1 шай қасық бал
1 стақан қайнаған су
Дайындау тәсілі:
Даршынға қайнаған су құйып, шыныны қақпақпен жауып, тұндырыңыз.
Су сәл суыған соң бал қосып араластырыңыз. Даршын-бал қоспасын бірнеше сағатқа қалдырыңыз.
Күніне екі рет ішіңіз: таңертең аш қарынға жарты стақан, кешке ұйықтар алдында жарты стақан.
Қосымша ингредиент қоспаңыз және рецепттегі дәл мөлшерді сақтаңыз. Бал сапалы болуы керек.
* * *
Бақбақ тамыры 48 сағатта қатерлі ісік жасушаларының 98%-ын жоя алады!
Бақбақ тамыры қосылған шай қатерлі ісікті жеңе алады. Ғалымдар осындай қорытындыға 72 жастағы онкологиялық науқасқа жүргізілген тәжірибеден кейін келген.
Науқас бір ай бойы бақбақ тамыры қосылған шай ішкен. Шайды рационға енгізгеннен кейін небәрі екі күн өткен соң таңғаларлық жағдай болған: зерттеушілердің айтуынша, ісік жасушалары өле бастап, олардың орнына сау жасушалар пайда болған.
Нәтижесінде бақбақ тамыры миеломоноцитарлы лейкозды емдеуде химиотерапияға қарағанда жоғары тиімділік көрсеткен. Ғалымдар бақбақтан дайындалған шай бауыр, өкпе, сүт безі, тоқ ішек және қуықасты безі ісіктерімен ауыратын егде жастағы науқастар үшін оңтайлы емдеу әдісі ретінде танылуы мүмкін деген болжам айтты.
* * *
ЖАС ҰЛҒАЙҒАНДА
теріде пигментті дақтар пайда бола бастайды. Бұл дақтар денсаулыққа тікелей қауіп төндірмейді. Медицина мен косметологияда оларды кетіру үшін криодеструкция, лазер, химиялық әдістер қолданылады.
Жасқа байланысты пигментті дақтарды азайту үшін мына құралдарды қолдануға болады.
Ақжелкен тамыры
Жаңа болса жақсы, болмаса кептірілгені де жарайды. Ұсақталған тамырдан 1 ас қасық алып, 100 мл су құйып, баяу отта 2 минут қайнатыңыз. 1 сағат тұндырып, сүзіңіз. Күніне 2–3 рет теріге жағыңыз.
Чистотел мен түймедақ
Жаңа чистотел шөбі мен түймедақ гүлін (кептірілгені де болады) тең мөлшерде араластырыңыз. Қоспадан 1 ас қасық алып, 100 мл қайнаған су құйып, 1 сағат тұндырып, сүзіңіз. Күніне 2–3 рет жағыңыз.
Шалфей, алоэ және қара шомыр
Шалфей шөбінен 1 ас қасық алып, 100 мл қайнаған су құйып, 1 сағат тұндырып, сүзіңіз. Осы тұнбаны алоэ жапырағының жаңа сығылған шырынымен және қара шомыр шырынымен тең мөлшерде араластырыңыз. Теріге жағып, 15 минут ұстап, жуыңыз. Күніне 2 рет жасаңыз.
Ақжелкен мен кефир
Ақжелкен көгін майдалап тураңыз. 1 стақан көкті 1 стақан кефирге қосып, 3 сағат тұндырыңыз, сүзіңіз. Күніне 2–3 рет теріге жағыңыз.
Зәйтүн майы мен лимон шырыны
2 бөлік зәйтүн майын 1 бөлік жаңа сығылған лимон шырынымен араластырыңыз. Теріге жағып, 15 минут ұстап, жуыңыз. Күніне 2 рет.
Кез келген тұнба немесе қоспаны қолданбас бұрын аллергияға тексеріңіз. Аз мөлшерін қолдың ішкі жағына жағып, 1 күн күтіңіз. Қызару немесе бөртпе болмаса — қолдануға болады. Егер тітіркену пайда болса — қолданбаңыз.
* * *
D ДӘРУМЕНІ
Денсаулыққа пайдасы туралы
Қазіргі өмір ырғағы бізді күн сәулесін жеткілікті алудан жиі шектейді, ал соның салдарынан ағзада D дәрумені азаяды. Ал бұл дәруменнің ағза үшін маңызы өте зор.
Иммунитетті нығайтады: ағзаның вирустар мен бактерияларға қарсы тұруына көмектеседі.
Көңіл күйді жақсартады: бақыт гормоны — серотониннің түзілуіне қатысады.
Жүрек пен қан тамырларын қолдайды: қан қысымын реттеп, инфаркт пен инсульт қаупін азайтады.
Сүйектерді нығайтады: кальций мен фосфордың сіңуіне қажет, остеопороздың алдын алады.
Қандағы қант деңгейін төмендетуге көмектеседі: диабеттің алдын алу үшін маңызды.
D дәрумені деңгейін тексеріп, оның қалыпты екенін қадағалаңыз — бұл салауатты болашаққа жасалған алғашқы қадам.
* * *
Жасартатын крем
теріні жұмсартады, серпімді етеді, тартылуды және қабыршақтануды кетіреді.
Бұл кремнің тағы бір керемет қасиеті – теріні ағартады, аз күнде дақтар азаяды. Рецепт нағыз керемет!!!
Кремге қажет заттар:
1 ас қасық бал
1 шай қасық вазелин
1–2 тамшы йод
1 ас қасық кастор майы (дәріханадан сатып алуға болады)
Кішкентай шыны ыдыс
Кремді дайындау өте оңай:
Ыдысқа 1–2 тамшы йодты қосыңыз – тек 1–2 тамшы, одан көп емес!
Содан кейін бал, вазелин және кастор майын қосып, жақсылап араластырыңыз.
Кремді кез келген жерде сақтауға болады, бірақ 1 айдан артық емес.
Жасартатын кремді міндетті түрде тазартылған бетке жағыңыз, қолданар алдында жақсылап араластыру керек (үйде сақтайтын ыдыс мүмкіндік берсе, саусақпен араластыруға болады).
Кремді бетте 15 минуттан 2 сағатқа дейін ұстауға болады – уақытыңызға қарай. Нәтижесіне көңіліңіз толады.
Бір ғана ескерту: йодқа, балға және крем құрамындағы басқа компоненттерге аллергия жоқ екенін нақты білу керек!
* * *
ДӘМДЕУІШ ҚОСЫЛҒАН СҮТ – денсаулыққа пайдалы 7 ерекше үйлесім
Кардамон қосылған сүт мидың жұмысын жақсартып, күйзеліс пен шаршауды азайтады.
Даршын қосылса, жеңіл сергітетін, ерлер күшіне оң әсер ететін сусынға айналады.
Куркума мен сүт бауырға пайдалы, әжімдермен күреседі, ал зімбір ағзаны тазартып, иммунитетті күшейтеді.
Мускат жаңғағы бас ауруын басады, сергітеді, есте сақтауды жақсартады. Аз ғана мөлшері ұйқысыздық пен шаршауды азайтады.
Қалампыр мен хош иісті бұрыш қосылған сүт ұйқысыздық пен психологиялық кернеуде пайдалы. Қалампыр – күшті антисептик, суық әрі ылғалды күндері ағзаны қорғайды.
Шафран қосылған сүтті таңертең ішу ұсынылады: миды белсендіреді, сергітеді және сүтті қиын сіңіретіндерге де көмектеседі.
* * *
СУЫҚ ТИЮ
алғашқы белгілері
басталғанда қолдансаңыз, тез жазыласыз
1️⃣ Суықтың алғашқы белгілерінде үлкен балғын пиязды турап, иісін күніне 3–4 рет жұтыңыз.
2️⃣ 100 г сарымсақты езіп, 1 стақан арақ құйып шайқаңыз. 1 тамшысын тілге тамызып, ауызда ұстап жұтыңыз. 3–4 күн қайталаңыз.
3️⃣ Лимонды қабығымен бірге ұсақтап, өсімдік майымен араластырыңыз. Мұрын ішіне күніне бірнеше рет жағыңыз. Кешке қызыл иекке, табанға және құлаққа жағуға болады.
4️⃣ 1,5 л қайнаған суға 1 ас қасық ірі тұз, 1 лимон шырыны және 1 г аскорбин қышқылын қосып, 1,5 сағат ішінде ішіп бітіріңіз.
5️⃣ 1 лимонды 1 минут ыстық суға салып, қабығымен бірге ұсақтаңыз. 100 г сары май және 1–2 ас қасық балмен араластырыңыз. Әр 2–3 сағат сайын 1 ас қасықтан қабылдаңыз..
6️⃣ Дене қызуы көтерілсе, 2 шикі үгітілген картопты 1 ас қасық алма сірке суымен араластырыңыз. Дәкеге жағып, маңдайға қойыңыз. 2 сағаттан соң ауыстырыңыз.
7️⃣ 2 бөтелке сыраға аздап даршын, 3–4 қалампыр, лимон қабығын қосыңыз. 3 жұмыртқаның сарысын 2–4 ас қасық қантпен көпіртіңіз. Ыстық сыраны құйып, қоюланғанша қыздырыңыз, қайнатпаңыз. 1–1,5 стақан ішіңіз.
8️⃣ 4 ас қасық кептірілген таңқурайды 500 мл қайнаған суға тұндырып, түнге қарай 2 стақан бірден ішіңіз. Таңқурай тұнбасымен тамақ шаю пайдалы.
9️⃣ Суық пен вирустардан сақтану үшін күн сайын тісті сарымсақпен ысқылаңыз.
🔟 100 мл кагорды жылытып, 1/4 шай қасық қара бұрыш, 1 шай қасық бал қосып, ұйықтар алдында жылы күйінде ішіңіз.
* * *
ЖҰМЫРТҚА КӨП ДЕРТТЕН ЖЫЛДАМ АРЫЛУҒА КӨМЕКТЕСЕДІ
Жұмыртқа әр үйде бар. Ал оның емдік қасиеті барын көбіміз біле бермейміз. Төмендегі қарапайым тәсілдер нәтижесін тез береді.
Жөтелге қарсы
2 ас қасық сары май, 2 шикі жұмыртқаның сарысы, 1 шай қасық бидай ұны, 2 шай қасық табиғи балды араластырыңыз. Күніне 3–4 рет 1 шай қасықтан ішіңіз.
Күйікке
2–3 жұмыртқаны қатты қайнатып, сарысын табада майсыз баяу отта қою, қара түсті масса болғанша қуырыңыз. Күйген жерге жағыңыз. Тоңазытқышта сақтаңыз.
Созылмалы бронхит пен бронхиалды астмаға
10 жұмыртқаның қабығын кептіріп, ұнтақтаңыз.
10 лимонның шырынын сығып, ұнтаққа қосыңыз.
Қараңғы жерде 10 күн тұндырып, сүзіңіз.
10 жұмыртқаның сарысын 10 ас қасық қантпен көпіртіп, 1 бөтелке коньяк қосыңыз.
Барлығын араластырыңыз.
Күніне 3 рет, тамақтан 30 минут бұрын 1 ас қасықтан қабылдаңыз.
Суық тию мен тұмауға
500 мл жылы сүтке 1 шикі жұмыртқа, 1 шай қасық бал, 1 шай қасық сары май қосып, түнге қарай ішіңіз. Ертеңіне жөтел мен тұмау басылады.
Буын ауырғанда
Қатты қайнатылған жұмыртқаның жарты сарысын езіңіз.
1 стақан тазартылған күнбағыс майына сіріңке қорабындай балауыз қосып ерітіңіз.
Сарысын аз-аздан салып, қайнатып алыңыз.
Суытып, сүзіңіз.
Маймен буынға жағып, 2 сағатқа компресс жасаңыз. Қалауыңызша түнге қалдыруға болады. Тоңазытқышта шыны ыдыста 10 ай сақталады.
баспаға әзірлеп, жиған-терген
Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>
Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
|