ЖАЙЛЫ ҰЙЫҚТАҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ
жастықтың астына қалампыр қойыңыз
Қалампырдың нәзік хош иісі жүректі тыныштандырып, ойдан арылып, жүйкені тыныштандырып, жайлы ұйықтауға көмектеседі. Бұл қарапайым әдісті әжелеріміз .
Түнде қалампырдың пайдасы:
Мазасыздықты басады. Иісі босаңсытып, ауыр ойларды тарқатады.
Жаман түстерді қуады. Кеңістікті тазартып, мазасыз түстерден қорғайды.
Тынысты жеңілдетеді. Суық тигенде мұрынмен дем алуды жеңілдетеді.
Қуатты күшейтеді. Шаршаудан сақтап, жағымсыз әсерден қорған болады.
Жылу мен жайлылық сыйлайды. Ұйқыны жұмсартып, оянуды жеңіл етеді.
Құрғақ қалампырдың 1–2 түйірін матадан тігілген қалташаға салып, жастықтың астына қойыңыз.
Түніңіз тыныш, хош иісті болсын.
* * *
Тістеріңізді ағартудың 5 қарапайым рецепті:
Ас тұзын тістеріңізге жағып, ысқылаңыз да, аузыңызды сумен немесе ауыз шайғышпен шайыңыз.
1/2 шай қасық ас содасын, 1/2 шай қасық сірке суын және бір шымшым ас тұзын араластырыңыз. Қоспа тіс пастасына ұқсас болуы керек. Оны тістерге жағып, 3–5 минуттан кейін шайып тастаңыз. Бұл арзан, бірақ тиімді құрал тістердегі бактериялық қақты кетіріп, қара дақтарды жояды.
Үй жағдайында тіс ағартудың тағы бір тәсілі: 1/2 шай қасық ас содасын 1–2 тамшы сутегі асқын тотығымен араластырыңыз. Қоспаны тістердің бетіне аптасына екі реттен артық жақпаңыз. Тісті жақсы ағартады. Жаққаннан кейін қызыл иекте аздап ашыту сезілуі мүмкін, бірақ тіс пен қызыл иекке зиян келтірмейді.
1 шай қасық ас содасын бір шымшым йодталған ас тұзымен араластырыңыз. Осы қоспамен тістеріңізді тазаласаңыз, олар інжу түстес ақ болады.
Жарты лимонның шырынын ас содасымен қоймалжың болғанша араластырыңыз. Қоспаны алдымен үстіңгі, кейін астыңғы тістерге жағып, әрқайсысын 1 минуттан ұстаңыз. Содан кейін тістеріңізді тіс пастасымен тазалаңыз. Бұл әдісті аптасына бір реттен артық қолданбаңыз.
* * *
Базилик жүйкені тыныштандыруға өте жақсы көмектеседі
Базиликтің жаңа жапырақтары А, К, С дәрумендеріне, темірге, кальцийге, фолий қышқылына және марганецке бай.
Ең бастысы — базилик кортизолдың бөлінуін баяулатады. Бұл — стресс гормоны.
Хош иісті өсімдік жүйке жүйесінің жалпы жағдайын жақсартады, стресс пен мазасыздықты азайтады, ұйқысыздықтан және эмоциялық шаршаудан сақтайды.
Рецепт:
2 ас қасық туралған жаңа базиликті 1 литр қайнаған суға саламыз.
Ыдыстың қақпағын жауып, 20 минут тұндырамыз.
* * *
Көңіл күйің неге өзгеріп тұрғанын түсінбей жүрсің бе?
Міне, оны жақсартуға көмектесетін пайдалы тағамдар:
Шөп шай
Босаңсытады, стрессті азайтады, ас қорыту мен ағзаның су балансын сақтайды.
Қара шоколад
Антиоксиданттар мен флавоноидтарға бай — мидың жұмысын қолдап, көңіл күйді көтереді.
Жидектер
Антиоксиданттарға бай, қабынуды азайтып, есте сақтауды жақсартады
Майлы балық
Миға және ойлау қабілетіне қажет омега-3 май қышқылдарының көзі.
Авокадо
Пайдалы майларға бай, миға қан айналымын жақсартады, ойдың айқындығын арттырады.
Сонымен қатар В тобы дәрумендері бар — жүйке жүйесін қолдап, кортизолды төмендетеді.
Жаңғақтар мен тұқымдар
Е дәрумені, мырыш және пайдалы майлар — зейінді жақсартып, миды қорғайды.
* * *
Витамин ағзаға сіңімді болуы үшін
Витаминдерді бірден жұта беру — бір кремді бетке де, өкшеге де жағумен бірдей. Әр витаминнің өз уақыты, өз жолы бар.
D витамині
Майлы таңғы аспен бірге. Авокадо, жұмыртқа, лосось — осылармен жақсы сіңеді. Аш қарынға да, кофемен де болмайды.
Мырыш — талғампаз
Ең дұрысы — таңертең немесе түсте. Бірақ сүт өнімдерімен, кальциймен, бұршақ дақылдарымен және жаңғақтармен қатар ішпеңіз. Әйтпесе әсері болмайды.
Магний
Ұйқы алдында — 1 сағат бұрын. Босаңсытады, тыныштандырады, ұйқыға көмектеседі. Дұрыс түрін таңдаңыз: жұмсақ әсер үшін — глицинат, ал жүйке мен денені жеңілдету үшін — цитрат.
Темір
Тек аш қарынға қабылданады. Шайсыз, сүтсіз, кальцийсіз. С витамині бар сусынмен ішіңіз — мысалы, апельсин шырынымен. Сонда дұрыс сіңеді.
* * *
Бауырды тазарту және іш аймағындағы майды азайту
Түймедақ тұнбасы
Түймедақтан бір кесе шай демдеп, ұйықтар алдында ішіңіз. Ол тыныш ұйқыға көмектеседі, ішекті жұмсақ тазартады және бауырдың саулығын қолдайды.
Зімбір мен лимон қосылған сусын
Біршама жаңа зімбірді турап, қайнаған суға жарты лимон қосыңыз. Шамамен 5 минут қайнатып, суытыңыз да, екі апта бойы кешке ішіңіз. Бұл сусын зат алмасуды белсендендіріп, ағзаның тазаруына көмектеседі.
Даршын қосылған сұлы сусыны
Бір стақан сұлыны суға салып, 7 сағатқа қалдырыңыз. Кейін сүзіп, 1 қасық даршын мен 1 стақан су қосып, блендерден өткізіңіз. Кешке жылы күйінде ішіңіз — құрамындағы талшық ас қорытуды жақсартып, ағзаны жұмсақ тазартады.
* * *
Сарымсақты үнемі тұтынудың 7 себебі
Иммунитетті күшейтеді және суық тиюден қорғайды.
Күн сайын сарымсақ жеу түрлі ЖРВИ-дің жиілігін орташа есеппен 63% төмендетеді (плацебомен салыстырғанда).
Қан қысымын төмендетеді.
Жасы ұлғайған сайын ми қызметін қолдайды.
Қан құрамындағы қант деңгейін төмендетеді.
Простата рагының даму қаупін азайтады.
(Күніне кемінде бір ірі түйір сарымсақ жегендерде простата қаупі 50% төмен).
Шаршауға қарсы әсері бар.
Төрт түйір (шамамен 28 г) сізге береді:
Марганец – күнделікті қажеттіліктің ~23%
В6 дәрумені – 17%
С дәрумені – 15%
Селен – 6%
* * *
ҚАЛҚАНША БЕЗІНЕ ПАЙДАЛЫ БОТҚА
Қалқанша безіне ғана емес, бүкіл ас қорыту жүйесіне өте пайдалы арнайы ботқа.
Қажет:
100 г қарақұмық дәні
1 шай қасық куркума
50 г кептірілген теңіз қырыққабаты
0,5 л су
Тұз — дәміне қарай
Дайындалуы:
Қарақұмықты әдеттегідей пісіріңіз. Дайын болуға жақын кезде куркума мен теңіз қырыққабатын, тұз қосып, жақсылап араластырыңыз.
Ботқа сарғыш-қызғылт түске еніп, өте дәмді болады. Куркума қан тазартуға көмектеседі және ертеден емдік мақсатта қолданылып келеді. Куркуманы дәмдеуіш сататын дүкендерден, ал теңіз қырыққабатын көкөніс сататын дүкендерден оңай табуға болады. Қалқанша безде өзгеріс бар адамдарға пайдалы ас кез келген жанға шипа болары сөзсіз.
* * *
Ас қорытуға арналған су
1/2 апельсин (тілімдеп) — С дәрумені мен асқазан жұмысын жақсартатын ферменттер
1/2 алма (тілімдеп) — ішекті жұмсақ тазартатын талшық
Қиярдың 5–6 тілімі — ағзаны ылғалдандырып, жеңіл дренаж береді
Жалбыз жапырақтары — түйілуді басып, ас қорытуды жақсартады
1 шай қасық аскөк тұқымы — газ жиналуын азайтады
1 даршын таяқшасы — баяу зат алмасуға көмектеседі
6 стақан су — энергияның негізгі көзі
Қалай қолдану керек:
Суды кемінде 2 сағат (ең дұрысы — түнге қалдырып) тоңазытқышта тұндырыңыз. Таңертең ашқарынға және күн бойы аз-аздан ішіңіз.
* * *
АҒЗАҒА ҚУАТ БЕРЕТІН ТАМАША РЕЦЕПТ
Өте тиімді бұл қоспаны қолдансаңыз, ағзаға қуат,ал сүйектерге әл бересіз. Көзіңіз жарқырап, әжімдер тегістеледі, бет әлпетіңіздің түсі жақсарады. Ас қорыту қалыпқа келеді, склероздан қорықпайсыз.
Бұл керемет рецепт үшін қажет: — 200 г бал
— 100 мл лимон шырыны
— 50 мл зәйтүн майы
Барлығын араластырып, күн сайын таңертең аш қарынға 1 шай қасықтан ішіңіз. Тоңазытқышта сақтаңыз.
Күн сайын шағын мөлшерде мына пропорцияда дайындауға болады: — 2 шай қасық бал
— 1 шай қасық жаңа сығылған лимон шырыны
— 0,5 шай қасық зәйтүн майы
баспаға әзірлеп, жиған-терген
Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>
Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
|