Халық емі
22/10/2026, 22:19

ДЕНСАУЛЫҚҚА ПАЙДАЛЫ ДӘНДЕР
Асқабақ дәндері — мырыш, магний, фосфорға бай. Шаршауды азайтып, шаш, тіс, тері және сүйек саулығын жақсартады.
Күнбағыс дәндері — Е дәрумені, В тобының дәрумендері, селен, магнийге бай. Жасушаларды тотығудан қорғайды.
Күнжіт тұқымдары — онда кальций, В6 дәрумені мол. Жасушалардың дұрыс жұмыс істеуіне қажет.
Қарасора тұқымдары — ақуыз, Е дәрумені, фосфор, кальций, натрий, магний, күкірт, калий, темір және мырышқа бай.
Зығыр тұқымдары — Омега-3, тиамин, мыс, магний, фосфорға бай.
Чиа тұқымдары — A, C, F дәрумендері, кальций, темір, мырышқа бай.  

* * *

БУЫНДАҒЫ АУЫРСЫНУ МЕН СЫҚЫРДАН АРЫЛТАТЫН РЕЦЕПТ
Буынның ауырғанын бәріміз білеміз. Өте жағымсыз. Және дерлік бәрінде кездеседі: компьютер алдында күні бойы отыратын адамдарда тізе, иық, шынтақ және білек ауырсынуы жиі болады.
Әсіресе 45 жастан кейін қатты байқалады.
Әрине, буын ауруының компьютер мен отырықшы өмір салтынан басқа да себептері бар: жарақат, артық күш түсу, сыну, артрит, ревматизм.
Буын ауруына қарсы халық медицинасынан рецепт ұсынамыз. Құрамы өте қарапайым. Және алғашқы қолданудан-ақ әсер етеді.
Құрамы: — 1 ас қасық бал; — 1 ас қасық ащы қыша; — 1 ас қасық ұсақ тұз; — 1 ас қасық су.
Дайындау: Барлық ингредиентті біртекті масса болғанша жақсылап араластырыңыз. Дайын қоспаны ыңғайлы құтыға құйыңыз.
Қолдану: Буындарыңыз мазалай бастағанда, осы «кремді» ауырған жерге жағыңыз. Үстінен полиэтилен пакет жауып, жылы орамалмен байлаңыз. Жүн орамал болғаны жақсы. Компресті 1,5–2 сағат ұстаңыз.
Процедураны ұйықтар алдында жасаған дұрыс. Таңертең «кремді» жуып тастаңыз.
4–5 күн қатарынан қайталаңыз. Әсерін бірінші қолданудан-ақ сезесіз. Қоспаны тоңазытқышта сақтаңыз, 5–6 күннен артық емес.

* * *

КӨЗДІҢ ШАРШАУЫН БАСАТЫН НҮКТЕЛЕР
Нүктелік массаждың көмегімен өзіңізді тезірек сергітуге болады. Ол үшін беттегі бірнеше белгілі нүктені уқалаңыз. Бұл әдіс бірден әсер етеді, өзіңізді әлдеқайда сергек сезінесіз.
№1 нүкте — көздің ішкі бұрышы. Екі жақтан бір уақытта басыңыз.
№2 нүкте — бірден үш нүкте: қастың сыртқы шеті, ортасы және ішкі шеті. Екі қастағы симметриялы нүктелерді қатар басыңыз.
№3 нүкте — қас арасындағы, мұрын үстіндегі дөңестеу жер.
№4 нүкте — қарашықтың астында, төменгі қабақтан шамамен жарты сантиметр төмен. Екі көздің астын бір уақытта басыңыз.
Қалай басу керек? Көрсетілген нүктелерді саусақ ұшымен 1 минут уқалаңыз. Қатты, бірақ ауырсыну тудырмайтындай басыңыз.

* * *

ҚАНДЫ ТАЗАЛАУ
1 стақан суға (салқын) — 5 тамшы йод, 1 ас қасық бал, 1 ас қасық алма (жүзім) сірке суы.
Барлығын жақсылап араластырыңыз.
Күніне 2 стақан ішеміз:
1-ші стақан — таңертең сағат 6-да, сағат 12-ге дейін тамақ ішпеңіз!
Одан кейін қалаған, жақсы көретін тағамды жеуге болады.
2-ші стақан — кешке сағат 22-де, содан кейін де тамақ ішпейміз! Болды.
Дәмі кәдімгі шырын сияқты.
1 ай ішкен дұрыс, осы уақытта қан мен лимфа жүйесі тазарады, суық тию азаяды, бас ауруы басылады, зат алмасу қалыпқа келеді.

* * *

ОЙЫҚ ЖАРАНЫҢ АЛДЫН АЛУҒА АРНАЛҒАН ТҰНБА
Бір бөтелке араққа 10–15 г үгітілген прополис салып, қараңғы жерде 2–3 апта тұндырыңыз,.
Күн сайын жақсылап шайқап тұрыңыз. Кейін күніне 3 рет тамақтан 30 минут бұрын 1 стақан суға 15 тамшы қосып ішіңіз.
1 апта қабылдап, 1 апта үзіліс жасаңыз.
Әдетте 20 күн ауырсыну ұстамаларын басуға жеткілікті, ал кейін олардың пайда болуы да тоқтайды.

* * *

ӘЙЕЛДЕРГЕ АРНАЛҒАН РЕЦЕПТ
(Жас көрінудің табиғи жолы)
Шалфей – қартаю процесін баяулатуға қабілетті негізгі дәрілік өсімдіктердің бірі.
Шалфейде табиғи заттар – өсімдік гормондары бар, олар әйелдер гормоны – эстрогенге ұқсас құрамы бар.
Сондықтан 35 жастан кейін табиғи жасарту тәсілінде шалфейлің орны бөлек.
Бет терісі мен ағзаның қартаюын баяулату үшін жылына 3 рет, әрқайсысы 3 апта, әр таң шалфей тұнбасын ішу ұсынылады.
1 шай қасық шалфейді 1 стақан қайнаған сумен құйып, тұнбасын салқындағанша күтіңіз, содан кейін сүзгіден өткізіп, 30–40 минут бұрын таңғы асқа аздан аздан ішу керек.
Дәміне қарай тұнбаға бал немесе лимон қосуға болады, тіпті екеуін бірге қосуға да болады.

* * *

АСҚАЗАН АУЫРМАСЫН ДЕСЕҢІЗ...
Қышқылдықты тексеріңіз
Егер асқазанда жиі ауырлық, кебу байқалса, ауыздан шіріген иіс сезілсе – қышқылдық төмен деген сөз.
Лимонмен тест: лимоннвң бір тілімін жеңіз. Одан кейін ащы дәм сезілмесе – қышқылдық жеткіліксіз болуы мүмкін.
Асқазан шырышын қолдау үшін
Ал – жазылуды тездетеді, қабынуды азайтады.
Шырышты қайнатпа (қара бидай, зығыр) – қорғаныш қабатын нығайтады, қалпына келтіреді және Helicobacter pylori-ді басады.
Ас қорыту жүйесін қалпына келтіріңіз
Көбірек ферменттелген тағамдар жеп көріңіз (қышқыл қырыққабат, кимчи, табиғи йогурт).
Рационыңызға ащы шөптер қосыңыз (шалфей, сұлы) – асқазан сөлін ынталандырады.
Шырышты тітіркендіретін тағамдарды азайтыңыз (кофе, қатты сусындар, тәттілер, газдалған сусындар).

* * *

Құлақтағы шу мазалады ма?
Бұл мәселе көпшілікке таныс. Құлақтағы мазасыз шу көбіне мойынның қысылып қалуынан және қан айналымының нашарлауынан пайда болады.
Бұл жаттығуды күнде таңертең бар болғаны 5–7 минут жасаңыщ — әсерін күні бойы сезінеміз!
Қарапайым жаттығу:
Басты бұру
Басты жайлап солға және оңға бұрыңыз. Әр бағытта 10 реттен.
Иыққа еңкею
Басты оң иыққа, кейін сол иыққа қарай қозғалтыңыз. 8 реттен.
Иықпен айналдыру
Иықты алға және артқа қарай қозғаңыз. 15 реттен. Бұл қаттылықты жояды.
Қандай әсер болады? Мидағы қан айналымы жақсарады
Мойындағы кернеу басылады
Мазасыз шу айтарлықтай азаяды!

* * *

ІШ ҚАТУҒА ҚАРСЫ
ең жақсы үй жағдайындағы құрал
Ағзаны токсиндер мен шлактардан тазарту – денсаулық үшін өте маңызды. Бұл тек салмақ тастауға және ағзаны тазартуға ғана емес, бүкіл ағзаның жұмысын жақсартуға көмектеседі.
Қажет болады:
сүйексіз қара өрік – 150 г;
мейіз – 150 г;
қайнаған су – 5 стақан.
5 стақан суды қайнатып, қара өрік пен мейізді қосып, тағы 15 минут қайнатыңыз.
Оттан алып, тұндырыңыз.
Күн сайын ашқарынға осы сұйықтықтың 1 қасығын ішіңіз – ағзада жиналған барлық токсиндерден арыласыз. Бұл іш қатуға қарсы ең тиімді құрал!
Күн өткен сайын өзіңізді әлдеқайда жақсы сезінесіз, артық салмақ еш күшсіз-ақ кетеді.

* * *

Өкпедегі қақырықты қалай шығаруға болады?
Пияз тұнбасымен жасалған қақырық түсіретін құрал.
Бұл халықтық емді дайындау үшін қажет: жаңа сұйық бал – 50 г, пияз – 0,5 кг, тазартылған су – 1 л, қант – 0,5 кг. Пиязды тазалап, ұсақтап тураңыз. Кәстрөлге су құйып, қант пен пиязды қосыңыз.
Қоспаны баяу отта шамамен 15-20 минут қайнатыңыз. Сосын сәл суытып, оттан алып, бал қосыңыз. Дайын тұнбаны қақпағы тығыз жабылатын ыдысқа (бөтелке не банка) құйыңыз. Тамақтан кейін күніне 5–6 ас қасықтан ішіңіз.
Банан қайнатпасы.
Піскен банан – 2 дана, қант – 50 г, тазартылған су – 1 стақан. Суды қайнатып, қант қосыңыз. Кейін ыдысты оттан алып, қант шәрбатына ұсақ үккіштен өткізілген банандарды қосыңыз.
Барлығын жақсылап араластырып, шаймен бірге ішіңіз.

 баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 5 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: