ҚАЛАМПЫРДЫҢ ПАЙДАСЫ КӨП
Қалампырды (гвоздика) ежелден тек дәмдеуіш ретінде ғана емес, сонымен қатар дәрі ретінде де қолданған:
тыныс алу жолдары ауруында дем алуды жеңілдетеді.
денені жылытады, ас қорыту жүйесін жақсартады.
тәбетті ашады, асқазан мен бауырды нығайтады.
жадыны, қан айналымын жақсартады.
көз ауруларын емдеуге де пайдаланылады.
Ангина немесе тамақ ауруының алғашқы белгілері болса 2–3 қалампырды шайнап көріңіз, тамақ бірден жеңілдеп, аурудың дамуы тоқтайды!
Ас қорытуды жақсарту үшін:
2 қалампырды 1 шай қасық балмен қосып шайнаңыз.
Одан бөлек күніне 2-3 рет 1-2 дана қалампыр шайнап тұруға болады, ауыз қуысына пайдасы көп.
Табиғи жолмен денсаулығыңызды күтіңіз!
* * *
ЦИСТИТТІ ХАЛЫҚТЫҚ ӘДІСТЕРМЕН ЕМДЕУ
2 ас қасық құлмақ бүршігін (хмель) 1,5 литр қайнаған суға құйып, 2 сағат тұндырыңыз, кейін сүзіп алыңыз. Тамақтан бұрын күніне 4 рет 1,5 стақаннан ішіңіз.
6 бас сарымсақты үккіштен өткізіп, үстіне 0,6 л құрғақ ақ шарап құйыңыз. Баяу отта 15 минут қайнатып, тұндырыңыз, сүзіңіз. Ұйықтар алдында 1 ас қасықтан ішіңіз.
Тіпті жедел цистит те 3 күнде кетеді!
Арпа суы. Егер зәр шығарғанда ашыту мен ауырсыну болса, бірден 2 кесе арпа суын ішіңіз, содан кейін 3 сағат бойы әр 20 минут сайын 1 кеседен ішіп отырыңыз.
Арпа суын дайындау үшін 1 шай қасық арпа дәнін 1 л қайнаған суға құйып, 1 сағат тұндырыңыз. Сүзіп, аздап бал қосыңыз.
Үш уыс тарыны жуып, 3 стақан суға құйыңыз. Түнге қалдырыңыз (ақ тұнба пайда болады — тарыны алып тастауға болады). Тұнбаны күніне 3–4 рет 0,5 стақаннан ішіңіз. Бір сағатта ауырсыну басылады, ал 3 күннен кейін циститті ұмытасыз.
* * *
Қан тамырларын тазартуға арналған құралдар
Қан тамырларын тазартуға арналған бұл рецепттерді дайындау да, қолдану да оңай. Бірнешеуі төменде:
Тамырлардың серпімділігі үшін
1 шай қасық лимон шырыны, 1 шай қасық бал және 1 шай қасық күнбағыс майын араластырып, аш қарынға ішіңіз. Курс — 10 күн.
Немесе 1 шай қасық балды жарты лимонның шырынымен 3/4 стақан жылы қайнаған суға араластырып, ұйықтар алдында 10 күн ішіңіз.
Тамырларды тазарту үшін
2 орташа лимонды еттартқыштан өткізіп, 2 ас қасық бал қосып араластырыңыз. Шыны банкаға салып, бөлме температурасында 1 тәулік ұстаңыз. Күніне 2–3 шай қасықтан тамақ алдында немесе шаймен бірге қабылдаңыз.
* * *
Етті ақ нанмен бірге жеу ас қорытуды қиындатады!
Ет пен ақ нан – бір-бірімен үйлеспейтін тағамдар. Себебі еттің қорытылуы үшін клетчатка қажет, ал ақ нанда өсімдік талшықтары жоқ.
Ақ нан асқазанда етпен бірге ісініп, ақуыздың қорытылуын қиындатады. Қорытылмаған ақуыз қабыну процестерінің көзіне айналып, ағзаға кері әсер етуі мүмкін.
Сондықтан ет пен ақ нанды көк шөптермен және көкөністермен бірге тұтынған дұрыс.
* * *
Қан қысымына пайдалы ең жақсы рецепт!
Дайындау тәсілі: орташа көлемдегі 10 лимонды жылы сумен жуып, суын сорғытып алыңыз. Шайға турағандай етіп кесіп, барлығын үш литрлік банкаға салыңыз.
Оның үстіне 0,5 л бал және 0,5 л алоэ шырынын, 0.5 40% спирт (арақ) қосыңыз.
Банка қақпағын жауып, қараңғы жерде дәл 40 күн сақтаңыз.
41-күні күніне 3 рет, тамақтан жарты сағат бұрын 1 ас қасықтан қабылдаңыз.
* * *
Ағзаны тазартуға арналған қарапайым рецепт
Қажетті ингредиенттер:
Тұқымы алынған қара өрік — 150 г
Мейіз — 150 г
Қайнаған су — 5 кесе
5 кесе суды қайнатып, қара өрік пен мейізді қосыңыз. Тағы 15 минут қайнатып, оттан алыңыз да тұндырып қойыңыз.
Бұл сұйықтықтан күн сайын ашқарынға 1 ас қасықтан ішіңіз. Ол ағзада жиналған зиянды заттарды шығаруға көмектеседі және іш қатуға қарсы өте тиімді құрал.
* * *
Зәр тастарын кетіреміз!
Бұл қоспа токсиндерді жақсы шығарады, ал балдыркөк пен әсіресе зімбір қабынуды азайтады.
Буындардағы несеп қышқылы кристалдарын қалай кетіруге болады:
1 орташа қияр, 2 сабақ балдыркөк, жарты лимон және ұзындығы 2,5 см жас зімбір тамырынан шырын дайындаңыз.
Алдымен қабығын аршыңыз. Қияр мен балдыркөкті ұсақтап тураңыз. Лимонның жартысын блендерге сығып, қалғанын тоңазытқышқа салыңыз. Зімбірді турап, бәрін блендерден өткізіңіз.
Қоспаны күніне 1–2 рет, нәтиже сезілгенше ішіңіз.
* * *
Жүрек пен қан тамырларға арналған лимоннан 2 рецепт
1️⃣ 2 лимон мен 2 апельсинді турап, дәндерін алып, еттартқыштан өткізіңіз. Үстіне 2 ас қасық бал қосып, шыны ыдыста 1 тәулік бөлме температурасында ұстап, кейін тоңазытқышқа қойыңыз.
Күніне 2–3 шай қасықтан шаймен бірге немесе тамақ алдында қабылдаңыз.
2️⃣ 500 г лимонды (қабығымен, дәнсіз), 500 г мүкжидек, 500 г итмұрынды (дәнінен тазартылған) еттартқыштан өткізіңіз. Үстіне 500 г бал қосып, араластырыңыз. Тығыз жабылған ыдыста 1 тәулік тұндырыңыз.
Күніне 3 рет, тамақтан 15 минут бұрын 1 ас қасықтан ішіңіз. Тоңазытқышта сақтаңыз.
* * *
Шипалы бал түрлері
Тау гүлдерінің балы
Асқазан-ішек ауруларына пайдалы. Суға ерітіп ішсе — ұйқысыздық пен бас ауруына көмектеседі.
Жоңышқа, беде балы
Гинекологиялық ауруларда, геморройда, әлсіздікте қолданылады. Зәр айдайтын, қақырық түсіретін әсері бар.
Жөке (липовый) балы
Суық тиюде, жоғарғы тыныс жолы ауруларында пайдалы. Бауыр, бүйрек, асқазан-ішек жолы қабынуында көмектесіп, жүрек бұлшықетін нығайтады.
Дала гүлдерінің балы
Микробқа қарсы, қабынуға қарсы қасиеті бар. Бас ауруы, асқазан ауруы, жүрек қағуы, ұйқысыздық, тыныс жолы ауруларында ұсынылады.
* * *
БУЫН АУРУЫН
бал мен мейіз арқылы жеңуге болады
Таңертең ашқарынға бір уыс мейіз жеп, 2 сағат бойы ішіп-жемеңіз.
Келесі күні таңертең 1 ас қасық бал жеп, тағы да 2 сағат ішіп-жемеңіз.
Мейіз бен балды осылай кезектестіріп, таусылғанша жалғастырыңыз.
Әрқайсысынан 1 келіден алу қажет.
Көп ұзамай буындарыңыздың ауырғаны басылғанын байқайсыз!
баспаға әзірлеп, жиған-терген
Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>
Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
|