Халық емі
07/10/2026, 23:27

Мейіз жоғары қан қысымын төмендетуге көмектеседі
Ағзаны қолдау үшін калийге бай өнімдерді тұтыну өте маңызды.
Мейіз осы талапқа сай:
100 граммында 749 мг калий бар. Сонымен қатар, магний, фосфор және темірге бай рекордшы өнім.
Мейіздің тағы бір пайдасы:
антиоксидант қасиеті бар.
В дәрумендері тобын қамтиды.
Пайдасы:
жүрек-қан тамыр аурулары бар адамдарға пайдалы.
жеңіл седативтік және диуретикалық әсері бар.
иммунитетті көтеруге көмектеседі.  

* * *

Бұл шөп мидың қан айналымына пайдалы
Күшті және хош иісті шөп — розмарин, ол ағзаға қажетті энергияны береді, жүрек жұмысы мен қан айналымын жақсартады.
Қолдану жолы:
1 шай қасық розмарин жапырағын 2 стакан қайнаған сумен құйамыз
30 минут термоста тұндырамыз, кейін сүземіз
Тамаққа дейін күніне 3 рет, 1–2 ас қасықтан ішеміз
Миды сергітіп, қан айналымын жақсартудың қарапайым жолы!

* * *

Қара өрік (чернослив) — сүйектеріңіздің саулығын сақтайды!
Зерттеушілердің айтуынша, күнделікті 100 грамм қара өрік (шамамен 10 құрғақ жеміс) бір жыл бойы тұтыну:
білектің және омыртқаның төменгі бөлігіндегі сүйек минералдық тығыздығын жақсартады,
сүйек массасының жоғалуын азайтады.
Мұның бір себебі — қара өрік ішек микрофлорасына оң әсер етіп, ағзадағы қабынуды төмендетеді.
Нәтижесінде сүйектерге зиян келтіретін стресс азайып, сүйек саулығы сақталады.

* * *

Сарымсақ майы
Сарымсақ майы:
мидың қан тамырлары мен жүрек спазмын жеңілдетеді,
тыныс алуды жақсартады,
склероздың алдын алады,
тамырларды кеңейтеді.
Үйде дайындалатын дәстүрлі рецепт:
Орташа көлемдегі 1 бас сарымсақты езгіштен өткізіп, езгіш күйге келтіріңіз.
Езілген сарымсақты кең аузылы шыны ыдысқа салып, үстіне 1 стакан өңделмеген күнбағыс майын құйыңыз.
Ыдысты тоңазытқыштың төменгі бөлігіне қойыңыз.
Келесі күні 1 лимонды қолмен сүзіп, үстінен 1 шай қасық лимон шырынын қосыңыз.
Тамырлар мен жүрек саулығын қолдаудың қарапайым әрі тиімді тәсілі!

* * *

ҚАН ҚЫСЫМЫНАН ҚОРҒАЙТЫН ТАҒАМДАР
1️⃣ Майсыз сүзбе
Жүректі нығайтады
Тамырларды кеңейтеді
Кальций, магний, калий көзі
2️⃣ Қызыл бұрыш
C дәруменіне бай рекордшы өнім
Гипертониясы бар адамдарға әр мүмкіндікте тұтыну ұсынылады
3️⃣ Лосось
Май қышқылдарының көзі
Жоғары қан қысымын төмендетуге көмектеседі
Аптасына 3 рет, 100–150 грамм жеу тиімді
Денсаулығыңызды табиғи өнімдермен сақтаңыз!

* * *

Жедел дайындалатын кеспенің зияны
Жедел дайындалатын кеспе өзінің танымалдылығы мен ыңғайлылығына қарамастан, денсаулыққа теріс әсер етуі мүмкін:
1️⃣ Тұздың шамадан тыс болуы
Жоғары натрий деңгейі асқазан рагы, жүрек аурулары және инсульт қаупін арттырады.
2️⃣ Қосымша ингредиенттер
Консерванттар мен дәм күшейткіштер құрамында болуы мүмкін.
Мысалы, третичный бутилгидрохинон (TBHQ) денсаулыққа зиян келтіріп, жанама әсерлер туғызуы мүмкін.
3️⃣ Натрий глутаматы
Бұл дәм күшейткіш кейбір адамдарда бас ауруы және басқа жағымсыз реакциялар тудыруы мүмкін.
Денсаулығыңыз үшін жедел кеспені шектеу маңызды!

* * *

Анар қабығының таңғажайып қасиеттері
Жүрек ырғағының бұзылуы: 2 ас қасық анар қабығына 250 мл. қайнаған су құйып, 30 минут тұндырыңыз. Содан кейін 1 ас қасық бал қосады. Оны күні бойы, қалауыңызша іше беруіңізге болады.
Тері түлеуі немесе жарылуы: ұнтақталған құрғақ қабығын зақымдалған жеріңізге себіңіз.
Бүйрек қабынуы: 2 ас қасық кептірілген қабығын ұнтақтап, үстінен 250 мл. қайнаған су құйыңыз. Оны су моншасында 30 минут қайнатады. Сүзіп алып, азырақ қайнаған су (жалпы 250 мл. болғанша) қосыңыз. Мұны күніне 4 рет, тамақ алдында 50 мл-нан қабылдаңыз.
Созылмалы жөтел: анар қабығын шай секілді қызғылт түске боялғанша демдеңіз. Бал қосып, аз-аздап ішіңіз. Мұны жарты стаканнан, күніне 2 рет ішеді.
Күйік: Алдымен күйік орнына анар шырынын (сөлін) жағыңыз, содан кейін үстінен ұнтақталған құрғақ қабығын себіңіз. Көп ұзамай ауырсынуы басылады, жазылуы да тез болмақ.
Ем болсын!

* * *

Өт қабындағы тастарға қарсы табиғи көмекшілер
Көне заманнан белгілі халықтық әдістер өт қабындағы тастарды табиғи жолмен, ауырсынусыз шығаруға көмектеседі. Төмендегі қарапайым, бірақ тиімді тәсілдер ұрпақтан-ұрпаққа жеткен шипалы рецепттер болып саналады.
Табиғи емдік құралдар:
Қызылша шырыны
Күніне 2–3 рет жарты стақаннан ішсе, тастарды біртіндеп ерітіп, өт айдау процесін жақсартады.
Бал қосылған қуырылған жүгері дәндері
Дәмді әрі пайдалы тағам. Өт қабының жұмысын реттеп, әсіресе холециститке жақсы әсер етеді.
Қарбыздың дәні
Дәндерді ұнтақтап, ыстық сүтке (1:10) араластырып, бір түнге қалдырады. Таңертеңнен бастап күніне 4–5 рет 100 мл-ден тамақтан бұрын ішу ұсынылады. Бұл қоспа өттегі де, бүйректегі де тастарға пайдалы.
Әсерін күшейтудің құпиясы:
Моншаға жүйелі түрде түсу – өттің ағуын жақсартып, ағзадағы тоқырауды азайтады.
Ескеретін жәйт:
Бұл ем түрлерін өте тасы 0,1–0,8 мм аралығында болса қолдануға болады.

* * *

Пиязбен емделудің 8 тәсілі
Бұл каустикалық көкөніс күкіртке өте бай. Ол пияздың бактерияға қарсы және антисептикалық қасиеттерін күшейте түседі. Пияз әсіресе қысқы маусымда ағзаны түрлі асқынулардан қорғайтын күшті көмекші. Одан бөлек мынадай 8 емдік әсері бар:
1. Мұрын қуысын тазартады. Басыңызды сәл шалқайтып, мұрын қуысына бірнеше пияз кесектерін қоюға болады. Келесі бір тәсіл – пиязды турап, ыдысқа салыңыз да, тезірек басыңызға орамал жауып, сол пиязды барынша терең иіскеуге тырысыңыз. Иә, бұл процедура жағымды емес, бірақ ол мұрын қуысын керемет тазартады.
2. Жөтелге қарсы жәрдем. Дәріханаға жүгіріп, жөтел шырынына ақша жұмсамас бұрын осы әдісті жасап көрсеңіз болады. 1 бас қызыл пияз, 1/2 бас сарымсақ және жарты кесе шекер алыңыз. Барлық ингредиенттерді блендерде араластырып, ыдысқа салыңыз. Оған дәл сонша көлемде бал араластырады. Қақпағын мықтап жауып, 8-12 сағатқа тоңазытқышқа қойыңыз. Оны күніне 3 рет балаларға 1 шай қасықтан, ал ересектер үшін 1 ас қасықтан ішу керек. Қоспаның дәмі, әрине, жағымсыз. Бірақ ол тез көмектеседі.
3. Жүрек айнуды басады. Егер жүрек айнып, себепсіз құсу сезімі мазаласа пияз арқылы емделіп көруге болады. Орташа көлемдегі пиязды ортасынан екі бөлікке бөліңіз де, әр бөлікті қолтық астына қойыңыз. Оларды бірнеше минут ұстаңыз. Жүрек айнуы өздігінен басылады. Одан кейін денені жылы дымқыл шүберекпен сүртіп тастайсыз.
4. Қан кетуді тоқтату. Байқаусызда жарақат алып, ол жер қанап қалса, пиязды кесіп, жұқа дәкеге ораңыз да, қанап тұрған жерге басыңыз. Көп ұзамай қан тоқтауы тиіс. Егер сіз бұл процедураны жиі қайталасаңыз, терең жарақат тезірек жазылады.
5. Аяқтың иісін жояды. Пияз күшті антифункционалды қасиетке ие. Егер күн ұзақ жүргеннен кейін аяқ киіміңізді шешкенде жағымсыз иіс шықса, онда сізде саңырауқұлақ (грибок) бар деген сөз. Оны кетіру үшін табанды, өкше мен башпайлар арасын он минут пиязбен сүртіңіз. Содан кейін аяғыңызды жылы сумен шайыңыз. Мүмкіндігінше бұл циклды күніне үш рет қайталаңыз. Иіс пен саңырауқұлақ екі-үш күнде кетеді.
6. Құлақ инфекциясына қарсы. Құлақ ауруы оңай нәрсе емес. Әдетте, одан құтылу үшін адам кез-келген тәуекелге баруға дайын. Бірақ ол қауіпті. Ал пиязбен емделу оңай да қолжетімді тәсіл. Пиязды ыңғайлы етіп кесіп, құлақ қуысына салып қойыңыз деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Бөлік ұзындау болғаны жақсы, өйткені оны алып тастау проблема тудырмауы керек. Пияздың қабынуға қарсы әсері бар. Мигрень – бас сақинасы мазаласа да сізді ұйықтар алдында осы процедураны жасауға болады. Пияз құлақ қуысында таңға дейін тұра берсе болады.
7. Қара дақтарды кетіреді. Әдетте қара дақтар мен безеулерді кетіретін мамандандырылған дәрі-дәрмектер өте қымбат. Оның орнына мынадай амал жасауға болады: орташа көлемдегі пияды турап, 1/2 стакан бал араластырыңыз. Қоспаны қалың пастаға айналғанша баяу отта ұстайды. Оны безеу мен қара дақ пайда болатын теріге жағыңыз. 15 минут ұстап, жылы сумен жуып тастайды. Мұны күнделікті немесе күнара қайталауға болады.
8. Шаш түсуін тоқтатады. Пияз құрамындағы күкірт шаш түсуіне қарсы өте жақсы күреседі. Ол үшін пияздың шырынын алу керек. Оны шаш түбіне сіңіре жағу керек. Шамамен 20 минуттан кейін жуып жіберуге болады. Сусабын пияз иісін тез және оңай жояды. Есесіне шаштың тамыры айтарлықтай күшейеді. Мүны аптасына 1 рет жасап тұрған жақсы.
Күнделікті ас мәзіріне қолданылатын пияздың осындай емдік көмегі бар.

* * *

Табанды ЖАРТЫ САҒАТ уқалаңыз
Сонда бүкіл ағзаға саулық сыйлайсыз
Күндіз көп жүргеннен аяққа күш түседі.
Әсіресе әйелдер биік өкше аяқ киімдерінен көп зардап шегетіні сөзсіз. Мұндайда табанға жасалған массаждың пайдасы зор.
Жалпы, адам табандарында ағза мүшелерінің дұрыс жұмыс жасауына әсер етіп, сауықтыратын негізгі нүктелер орналасқан. Соларды уқалау арқылы ағзада қан ағымын жақсартуға болады. Қиыр Шығыс медицинасында табан мен саусақтарға жасалған массаж барлық ауруға ем деп саналады. Егер жатар алдында ақтарыңызға массаж жасасаңыз, жақсы демалып, таңертең сергек тұратын боласыз.
• Аяқ ұштарын уқалау арқылы #бас ауруынан құтыласыз. Миыңыз жақсы жұмыс істейтін болады.
• Үлкен бақайды белсенді уқалау #мойныңыздың құрысқан ауруын жазады.
• Табанның орта тұсын уқалау #өкпе ауруымен күресуге көмектесіп, демікпені басады.
• Үлкен бақайдың төменгі жерін уқалау арқылы #жүректің кінәратсыз жұмыс істеуіне көмек жасай аласыз.
• Беліңіз ауырып, иіліп-бүгіле алмасаңыз, дереу өкшеңізді жақсылап уқалаңыз.
• Табандағы дөңестің ішкі жағын уқаласаңыз #бауырға түскен күштен арылатын боласыз.
Осылай сіз аяқтың шаршағанын басамын деп бүкіл ағзаны сауықтыра алады екенсіз. Олай болса, табанға да жарты сағат уақыт бөліп тұрыңыз.

 баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 7 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: