Халық емі
30/09/2026, 20:34

ЦИСТИТ пен БҮЙРЕК ауруынан құтылуға көмектеседі
Зәр жолдарының инфекциясымен қиналатын адамдар үнемі ауырсынуды бастан өткереді. Қысым, ауырсыну және жиі-жиі дәретке бару — негізгі белгілердің бірі.
Циститтің белгілері қандай? Әр 10 минут сайын дәретке бару, зәрде қанның пайда болуы және зәр шығару кезінде шаншу. Егер дәріханалық препарат қолданғыңыз келмесе, табиғи әдістерді байқап көруге болады деп айтылады. Бұл табиғи қоспа жағымсыз ауруды тез жояды делінеді.
Табиғи қоспаның құрамы:
– Петрушка — 250 г
– Лимон — 250 г
– Бал — 250 г
– Зәйтүн майы — 200 мг
Дайындау тәсілі:
Алдымен петрушканы турап, блендерге салыңыз. Лимонды қабығымен, зәйтүн майын және балды қосыңыз. Біркелкі масса болғанша араластырыңыз. Қоспаны тоңазытқышқа қойыңыз.
Қолданылуы:
Бұл қоспаны әр таң сайын бір ас қасықтан қабылдау ұсынылады.
Ескерту:
Бал міндетті түрде таьиғи болуы керек. Тәтті тағам мен газды сусыннан аулақ болған жөн.  

* * *

АРҚАДАҒЫ АУЫРСЫНУ
Бұл сіздің арқаңыздың терісінің картасы, ол ішкі ағзалардың жағдайын көрсетуі мүмкін. Өйткені барлық ішкі ағзаларда өз жағдайын білдіретін рецепторлар (ноцицепторлар) жоқ, сондықтан кейбірінде ауру белгісі арқаға беріледі.

* * *

Буындарды қарапайым әрі тиімді тәсілмен емдеуге болады
Картоп пен балдан компресс рецепті
Буындарда қабыну немесе тізе, бел, иықтарда ауырсыну пайда болса — картоп шырынын мен бал көмегіне жүгініңіз! Бұл емдік рецепт қабынуды басып, ауырсынуды жеңілдетуге көмектеседі.
Құрамы:
• 1 картоп
• Бал (картоппен тең мөлшерде)
Қалай қолдану керек:
1. Картопты жылы суда немесе батареяда бөлме температурасындай етіп жылытыңыз.
2. Қабығымен бірге ірі үккіштен өткізіңіз.
3. Аздап сығып, шырынын бөлек құйып аласыз. Оны бетке маска ретінде қолдансаңыз болады. Ал сізге керегі – қою ботқасы.
4. Картопты балмен тең пропорцияда араластырыңыз.
5. Қоспаны қабатталған таңғышқа (марля немесе бинт те болады) біркелкі етіп жағыңыз. Оны ауырған буынға орау керек.
6. Сыртын пленкамен жабыңыз, жылы орап қойыңыз.
7. Компресс дайын. Енді 30−40 минут көп қозғалмай, тыныққан дұрыс. 15 минутта жеңілдеу сезімін байқайсыз.
Процедурадан кейін әсерін күшейту үшін ментол майымен майлаңыз.
Мұндай қарапайым компресс — суық кезде нағыз көмекші!

* * *

5 дана грек жаңғағын же де, 4 сағат күт — ағзаңда не болатынын білгің келе ме?
Грек жаңғағы бекерден-бекер суперөнім атанған жоқ. Оның құрамында
A, B1, B2, B12, B15, C, K, E, PP дәрумендері, каротин, илік заттар, ситостерондар, хинондар, линолен қышқылы, галлотаниндер, юглон, фитонцидтер, сондай-ақ фосфор, калий, магний, кальций, күкірт, темір, марганец, мырыш бар.
Осының бәрі ағзаны нығайтып, жалпы денсаулықты сақтауға көмектеседі
Грек жаңғағының пайдалы қасиеттері:
Күніне небәрі 5 дана грек жаңғағын жеу —
мидың жұмысын жақсартады,
тері, шаш, тырнақтың жағдайын түзетеді,
жүрек-қан тамыр ауруларының,
қатерлі ісіктің,
қант диабетінің қаупін төмендетуге көмектеседі.
Дәрігерлер дәл осы мөлшерді тұрақты тұтынуға кеңес береді.

* * *

Шайдың пайдасы қандай?
Цейлон шайы — сергітеді, зат алмасуды жақсартады, бүйрекке пайдалы, тамырды нығайтады.
Эрл Грей — антиоксидантқа бай, қартаюды бәсеңдетеді, фторға бай, тістерге пайдалы.
Жасмин қосылған көк шай — босаңсуға және стресспен күресуге көмектеседі.
Жапырақты қара шай — спазмды басады, бас ауруын жеңілдетеді, иммунитетті көтереді.
Лимон қосылған қара шай — жұмыс қабілетін арттырады, артық салмақтан арылуға және тамырларды нығайтуға көмектеседі.

* * *

Бал мен бадам — жүрекке пайдалы дуэт
Бал мен бадамды күнделікті тұтыну жүрек ауруларының алдын алуға көмектеседі.
Бадам қандағы холестерин деңгейін айтарлықтай төмендетіп, жүрек талмасының қаупін азайтады.
3 ас қасық балды 1 стақан суға араластырып ішсеңіз, ағзадағы антиоксиданттар деңгейі артады.
Бал қосылған бадам — тек дәмді ғана емес, сонымен қатар инфаркттан сақтанудың тамаша жолы..

* * *

Итмұрын бауырды тазартады
Бауырды тазартудың тағы бір қарапайым әрі тиімді халықтық тәсілі — итмұрын.
Дайындау жолы:
2 уыс кептірілген итмұрынды термосқа салып, үстіне 0,5 литр ыстық су құямыз.
Шамамен 12 сағат тұндырамыз.
Дайын болған тұнбаны стақанға құйып, жақсылап араластырамыз.
Қолдану тәсілі:
Таңертең аш қарынға тұнбаны бірден ішіп қоямыз.
20 минуттан кейін тағы 1 стақан таза итмұрын тұнбасын ішуге тырысамыз.
Таңғы асты тек 1 сағаттан кейін ішуге болады.
Денсаулығыңызға қамқор болыңыз!

* * *

Паразиттерге қарсы қасиеті бар өнімдер тізімі:
Асқабақ дәндері — күнделікті мөлшері 10 дана.
Сәбіз — шырын түрінде де ішуге болады. Паразиттермен күресіп қана қоймай, ағзаны көптеген дәрумендер мен талшыққа байытады.
Брокколи — құрамындағы тиол заты паразиттерге қарсы өте жақсы әсер етеді. Шикідей жеуге болады.
Бұрыш — жаңа күйінде де, ұнтақталған түрінде де тиімді.
Лимон — паразиттерге қарсы әрі микробтарға қарсы әсері бар. Тек жұмсағы емес, қабығы да пайдалы.
Сарымсақ — күніне 1 түйір жеу паразиттерден арылуға көмектеседі.
Денсаулығыңызға табиғи жолмен қамқор болыңыз!

* * *

Апельсиннің пайдасы
Апельсин — дәмі керемет, әсіресе кейбір сұрыптары. Сонымен қатар ол
дәрумендерге өте бай нағыз қазына
Апельсин:
қан тамырларының қабырғаларын нығайтады,
қан қысымын төмендетеді,
мидың жұмысын белсендіреді,
қан құрамын жақсартады,
жасуша алмасуын ынталандырады,
иммунитетті көтереді
Апельсин шырыны сергітеді, шаршауды басады.
Ол буын ауырғанда және дене қызуы көтерілгенде пайдалы.

* * *

Ұзақ өмір сүретіндердің құпия таңғы асы
Суға жібітілген бадамды (миндаль) монахтар таңғы асқа дейінгі ең пайдалы жеңіл ас деп санайды.
Бадамның құрамында:
марганец, Е дәрумені, ақуыздар, талшық, Омега-3 және Омега-6 май қышқылдары бар.
Бадамның пайдасы:
ас қорытуды жақсартады;
салмақ тастауға көмектеседі;
жүрек саулығын қолдайды;
зиянды холестерин деңгейін төмендетеді;
антиоксиданттарға бай,э;
қандағы қантты реттейді;
жоғары қан қысымын түсіруге көмектеседі.

 баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 10 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: