Денсаулыққа арналған қоспа: жүздеген ауруларға қарсы!
Рецепт:
1. 100 г грек жаңғағын жуыңыз да, 2 сағат суға салыңыз.
2. Қан қысымын реттеу және тромбтан қорғау үшін 6−7 сарымсақ түйірін қосыңыз.
3. Қан тамырларын нығайту үшін лимонның үштен бір бөлігінің шырынын (шамамен 2 ас қасық) қосыңыз.
4. Әсерін күшейту және қоспаны жұмсақ ету үшін 2 ас қасық зәйтүн майы мен 2 ас қасық бал қосыңыз.
5. Барлығын паста тәрізді массаға дейін ұнтақтаңыз.
Қоспаны шыны ыдысқа салып, тоңазытқышта сақтаңыз.
Қолдану:
Күніне 1 ас қасық қабылдаңыз. Әлсіздік, қысымның ауытқуы мен құлақтағы шу ұмытылып, тамырлар тазаланады, иммунитет күшейеді, тері жасарып көрінеді!
* * *
Бауырды тазартуға және іш майын азайтуға арналған 3 пайдалы сусын
1. Түймедақ – ромашка шайы
Ұйықтар алдында ішіңіз — ол ұйқыны жақсартып, ішектің жұмысын жеңілдетуге көмектеседі.
2. Зімбір мен лимон қосылған су
Зімбірді және жарты лимонды қайнаған суға қосып, 5 минут қайнатыңыз. Кешке бір кесе ішіп жүріңіз.
3. Сұлы сусыны
Сұлуды 7 сағатқа жібітіп, кейін сүзгіден өткізіп, корица және су қосып блендерден өткізіңіз. Кешке жылы күйінде ішіңіз.
* * *
Ангинаны емдеуге арналған «моңғолдық рецепт»
Нәтижесі өте керемет — бар болғаны 4 сағатта!
Рецепт:
0,5 стақан кофетартқышта ұнтақталған зире (тмин) дәнін 1 стақан суға салып, 15 минут өте баяу отта қайнатыңыз — қою масса пайда болады.
Дайын қоспаны сүзгіден өткізіп, 1/4 стақан су қосып, қайтадан қайнатыңыз. Дайын!
Әр 30 минут сайын 1 ас қасықтан ішіңіз.
2 сағаттан кейін тамақтағы ауырсыну басылып, жұту жеңілдейді. 4 сағаттан соң емдеуді аяқтауға болады. Қажет болса, жалғастыруға рұқсат.
Бұл емдік рецепт ангина, тонзиллит, фарингит, трахеитпен жиі ауыратындарға да ұсынылады.
Ескерту: халықтық ем барлық адамға сәйкес келмеуі мүмкін. Ауыр немесе созылмалы белгілер болса, міндетті түрде дәрігерге көрініңіз.
* * *
Имбирь тамырының пайдалы қасиеттері
Тұмаудың алдын алу және жеңіл белгілерді басу
Бал қосылған жылы имбирь шайы денені жылытып, суық тиюдің алғашқы белгілерін жеңілдетуге көмектеседі. Иммунитетті де қолдайды.
Асқазанға пайдалы
Ұнтақталған немесе тұнба түріндегі имбирь кейбір ас қорыту жайсыздықтарын жеңілдетуге сеп болуы мүмкін.
Тістің саулығын қолдайды
Шикі имбирь ауызды сергітіп, ауыз қуысының жалпы гигиенасын жақсартуға көмектеседі.
Антиоксиданттық қасиеттері бар
Имбирь құрамындағы антиоксиданттар жасушаларды қорғауға көмектеседі.
Онкологиялық ауруларды емдейді деген дәлелденген деректер жоқ. Ондай жағдайда міндетті түрде дәрігерге жүгініңіз.
* * *
ҚЫЗЫЛША – ДЕНСАУЛЫҚҚА ПАЙДАЛЫ РЕЦЕПТ
Бұл рецепт:
қанды жақсартады;
ағзаны тазартады – іш жүргізетін, несеп айдайтын әсері бар, бауырды тазартады;
ракқа қарсы әсерге ие – қатерлі ісік жасушаларының өсуін бөгейді;
жыныс бездерінің қызметін күшейтеді, жыныстық әлсіздікті емдейді;
ағзаның төзімділігін арттырады – тіндердің оттегіні сіңіруін күшейтеді;
жүрек-қан тамырлары және тыныс алу жүйелерінің жұмысын жақсартады;
қан қысымын төмендетеді;
тамыр атеросклерозы, жүрек аурулары, 2-типті диабет, остеопороз дамуының қаупін азайтады;
жасартушы әсерге ие – жаңа жасушалардың пайда болуына көмектесетін заттар бар;
климакс белгілерін айтарлықтай азайтады;
тамыр кеңейткіш әсерінің арқасында “суық аяқтар” синдромын жояды;
артерияларды, капилляр қабырғаларын, сіңірлер мен сүйектерді нығайтуға көмектеседі;
ағзаның әлсіреуі мен шаршағанда пайдалы;
семіздіктің, әсіресе бауыр майлануының, алдын алады.
Терапиялық
ДАЙЫНДАУ РЕЦЕПТІ:
1,5 кг тазартылған қызылшаны әрқайсын 4–5 бөлікке бөліп, 2 л ыстық сумен құю. Орташа отта 1 сағат қайнату. Бір сағаттан кейін 1 ас қасық қант және 1 ас қасық алма сірке суын қосу.
Тоңазытқышта сақтау.
Әр жолы тамақ алдында, күніне 3–4 рет, 30–40 мл қызылша тұнбасын ішіп, 1–2 бөлік қызылша жеу ұсынылады.
* * *
Жаңғақ қабықшасы – өте құнды өнім, ол көптеген аурулардан құтылуға көмектеседі.
Бұл ағзаны йодпен толықтырудың тамаша жолы. Барлығына белгілі, йод жетіспеушілігі жалпы әлсіздік, саусақтардың дірілі, ашушаңдық, ұмытшақтық, қан қысымының көтерілуіне әкеледі.
Йод жетіспеушілігі әсіресе қарт адамдарда, емізетін әйелдер мен жүкті әйелдерде, сондай-ақ ұзақ уақыт компьютер алдында отырған адамдарда жиі кездеседі.
Рецепт:
1. Жарты стакан жаңғақ қалқандарын (дәні арасындағы жұқа қабықша) 2 стакан салқын суға салып, қайнатып, баяу отта 10 минут ұстайды. Салқындаған соң сүзіп, күніне 3 рет тамақ алдында бір ас қасық ішеді. Қабылдау ұзақтығы жеке, 1-4 аптаға дейін. Йод мөлшерін тексеру үшін: кешке қол терісіне йод жағу керек. Егер таңертең тері таза болса, ағза йодқа қаныққан.
Нәтижесінде жалпы жағдай жақсарады, зат алмасу қалыпқа келеді.
2. Жаңғақ қалқандары сонымен қатар көз қабынуынан (конъюнктивит) құтылуға көмектеседі.
Қалқандарды кофе тартқышта ұнтақтап, жарты стакан ұнтақты 1,5 стакан суға салып, қайнатып, баяу отта 20 минут ұстайды. Марлямен сүзіп, сұйыққа малынған мақта тампондарын көзге қояды.
3. Спирттік тұнба көптеген ауруларды емдейді: қалқанша безі, асқазан-ішек жолдары, буын аурулары, гипертония.
Рецепт: Қара жарты литрлік бөтелкені 1/3 жаңғақ қалқандарымен толтырып, үстіне арақ құяды. 2-3 апта тұндырады. Сүзіп, тамақ алдында 1 ас қасықтан ішеді.
4. Қант диабеті барлар үшін:
2 ас қасық қалқанды араққа салып, 1 апта тұндырады. Күніне 5-6 тамшыны 2 ас қасық сумен ішеді. Емдеу курсы 3 аптадан 3 айға дейін, қандағы қант деңгейін бақылау қажет.
5. Буын ауыруы немесе радикулит кезінде жаңғақ қалқанынан жасалған тұнбамен ауырған жерлерді жақсылап ысқылайды.
6. Ұзақ асқазан проблемасы, есте сақтау қабілетінің нашарлауы, бас ауруы, жүйке күйзелістері мен ұйқысыздық кезінде ішу ұсынылады.
* * *
Аяқтағы сүйек тасуы: хирург көмегінсіз құтылудың 5 тәсілі
Аяқтағы сүйекшелер көптеген әйелдер үшін азаптың себебі. Жүру кезінде ауырсыну, аяқ киім киюде қолайсыздық, көрінісінің жағымсыздығы, саусақтардың деформациясы — өсіп келе жатқан ісіктің жағымсыз әсері
Аяқтағы саусақтағы сүйек тасуының себептері көп: тым тар аяқ киім, дұрыс емес тамақтану, тұқымқуалаушылық, тегіс табан, ревматизм. Әдетте, сүйекшеден құтылу үшін ортопедтер түзетуші кірістірулерді тағайындайды, оларды тұрақты және ұзақ уақыт кию қажет, ал кейде хирургиялық операция қажет болады.
Дәстүрлі медицина бұл жағымсыз мәселені шешудің өз жолын ұсынады.
1. Алдымен организмді артық тұздардан тазарту керек.
Кешке 1 ас қасық ұсақталған лавр жапырағын 300 мл суға салып, қайнатыңыз және 5 минут қайнатыңыз. Содан соң отварды термосқа құйып, таңға дейін тұндырыңыз. Таңертең дәріні сұрыптап, күн бойы аз-аздан ішіңіз (барлығын бірден ішпеңіз). Әр кеш сайын жаңа сусын дайындаңыз. Оны 3 күн ішіңіз, ал аптасына курс қайта жүргізіледі.
2. 2 айдың ішінде өсіп кеткен сүйек тасуынан құтылуға болады, егер оны мына тұнбамен майласаңыз:
5 үлкен лавр жапырағын 100 мл араққа салып, бір апта тұндырыңыз, араластыруды ұмытпаңыз. Аяқты сода қосылған ыстық суда (3 л суға 1 ас қасық сода) булаңыз да, марляға сіңдірілген тұнбаны сүйек тасуына түнде компресс ретінде қойыңыз. Ұйықтағанла шұлық киіп алу керек.
3. 5 таблетка аспиринді ұнтақтап, 10 мл йодқа қосыңыз.
Алынған дәрімен тек аяқтағы ісікті ғана емес, барлық проблемалы буындарды (тізе, шынтақ, балтыр) майлауға болады.
4. Ауырсынуды және қабынуды жақсы басатын тағы бір әдіс – йод торы.
30 күн бойы аяқтарды булап алғаннан кейін, ұйықтар алдында сүйек тасуына тор сызыңыз.
5. Йод пен лимон шырынын 1:1 қатынасында араластырсаңыз, тек өсіп келе жатқан сүйек тасуына ем ғана емес, сондай-ақ табан сүйегіндегі өсімдікті (плантарлы фасцит) емдеуге арналған дәрі де аласыз.
* * *
МУМИЕ ИММУНИТЕТТІ көтереді
Күз-қыс кезеңінде организмге көмек керек: иммунитетті күшейту өз қолыңызда. Бұған сізге мумие көмектеседі.
Құрғақ мумие 2 грамын 10 ас қасық жылы таза суда толық ерітіңіз. Алынған ерітіндіден әр күні ашқарынға 1 ас қасық ішіңіз, 10 күн бойы.
Содан кейін 5 күн үзіліс жасаңыз, кейін курсты қайта жалғастырыңыз.
Келесі 10 күн бойы ұйықтар алдында 1 ас қасық мумие мен бал қабылдаңыз (2 грамм құрғақ мумиені 10 шай қасық балмен араластырыңыз).
10 күндік бал аралас курстан кейін қайта 5 күн үзіліс жасаңыз.
Содан соң 10 күндік мумие суымен курсты қайталаңыз, кейін тағы 5 күн үзіліс.
Яғни мумие қосылған су мен мумие қосылған бал курсын алмастырып (чередовать) етіп отыру керек. Оны 2 реттен немесе жағдайыңызға қарай 3 рет жалғастыруға болады.
Осы емнен кейін вирустық ауруларды ұмытасыз, иммунитетіңіз нығаяды және организмнің жалпы өмірлік тонусы артады!
* * *
ТЕРІНІ ТАЗАРТАТЫН МАСКА
Қара дақтардан, әжімдерден, қастар мен безеулерден құтылғыңвз келсе мына төмендегі әдісті жасап көріңіз.
Құрамы:
-3 сарымсақ тісі
-4 лимон
-10 г бал
-200 г зығыр майы
Дайындау тәсілі:
1. Сарымсақ тістерін тазалап, майда тураңыз.
2. Лимонды тазалап, тураңыз да, барлық ингредиенттерді шыны банкіге салыңыз.
3. Ағаш қасықпен жақсылап араластырыңыз.
4. Бетін қақпақпен жауып, тоңазытқышқа қойыңыз.
5. Күнделікті 1 ас қасықтан ішіңіз, бұл теріні қоректендіріп, теріні тазартады.
Тұрақты қолдану терінің босауын болдырмайды, әжімдерден құтқарады және қара дақтар, жас ұлғаюына байланысты дақтар және басқа да тері мәселелерін жояды.
* * *
БІР СТАКАН ЫСТЫҚ СУ
оның денсаулықты түзетуде көмегі бар
Рецепт өте қарапайым: тамағыңыз жыбырлап, дауыс қарлығып, ауру басталғалы тұрғанын сезсеңіз, оның дамуына мүмкіндік бермей, дереу бір стакан қайнаған ыстық суды (төзе алатын ыстық) құйып, тезірек ішіңіз. Бірнеше күннен кейін ауруды ұмытып кетесіз. Күніне 3 рет
Егер жөтел пайда болса, бір стакан емес, үш стакан ішу қажет, ал егер жөтел созылмалы болса (2–3 апта), онда 3 күн бойы күніне үш стакан ішу керек.
Егер сіз тоңазытқыштан салқын нәрсе немесе салқын су ішкен болсаңыз, енді тамағым ауыруы мүмкін деп алаңдасаңыз, осы әдісті жасаңыз. Суға джем, қант немесе бал қоспаңыз, өйтсеңіз нәтиже бермейді.
баспаға әзірлеп, жиған-терген
Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>
Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
|