Құрма – ең пайдалы тағамдардың бірі!
Құрамында денсаулыққа қажетті көптеген қоректік заттар бар және түрлі мәселелердің алдын алуға көмектеседі.
Құрманың ықтимал пайдасы:
1️⃣ Жүрек ұстамасының алдын алуға көмектеседі
2️⃣ Холестерин деңгейін реттейді
3️⃣ Қан қысымын қалыпқа келтіреді
4️⃣ Жүрек саулығын нығайтады
5️⃣ Диареяның алдын алады
6️⃣ Артық салмақ тастауға ықпал етеді
Сонымен қатар, құрма – калийге өте бай, ал калий жүйке жүйесінің дұрыс жұмыс істеуі мен инсульттің алдын алуда маңызды минерал.
Денсаулық үшін күн сайын бірнеше құрма жеуді әдетке айналдырып көріңіз!
* * *
Неліктен киви жеу керек?
• С дәрумені: Бір кивиде шамамен 92 мг. Иммунитетті күшейтеді, шаршауды азайтады, коллаген түзуге көмектеседі.
• В дәрумендері: С дәруменімен бірге әсерін күшейтеді. Жүйке жүйесін қолдап, зат алмасуды реттейді.
• Фолий қышқылы: Анемияның алдын алады, жүктілікке дайындық пен жүктілік кезінде өте маңызды.
• Калий: Жүрек-қантамыр жүйесіне пайдалы. Қан қысымын реттеп, ісінуді, әлсіздік пен ұйқышылдықты азайтады.
• Магний: 100 г кивиде тәуліктік норманың 50%. Бұлшықет түйілулерін, спазмдарды азайтады, ауа райына сезімталдықты төмендетеді, қартаю процесін баяулатады.
* * *
Неліктен бөдене жұмыртқасын жеу керек?
• С дәрумені: Бір бөдене жұмыртқасында иммунитетті күшейтетін дәрумендер бар, шаршауды азайтады, коллаген түзуге көмектеседі.
• В дәрумендері: С дәруменімен бірге жүйке жүйесін қолдап, зат алмасуды реттейді.
• Фолий қышқылы: Анемияның алдын алады, жүктілікке дайындық пен жүктілік кезінде маңызды.
• Калий: Жүрек-қантамыр жүйесіне пайдалы, қан қысымын реттейді, ісінуді, әлсіздік пен ұйқышылдықты азайтады.
• Магний: Бұлшықет түйілулерін, спазмдарды азайтады, ауа райына сезімталдықты төмендетеді, қартаю процесін баяулатады.
* * *
Тіс пастасының кәдеге асар кезі көп
1. Жәндіктер шаққанда, жарақат алғанда, дененің көгеруін, тітіркенуді басады.
2. Күйіп қалған жердегі ауырсынуды жеңілдетеді.
3. Терідегі ақауларды жасырады, безеуден кейін терінің жазылуын жеделдетеді.
4. Тырнақты жылтыратып тазалайды.
5. Шашты тегістеп, ұқыпты етеді (гелді пасталар – гель сияқты).
6. Сарымсақ, балық, пияз иісін кетіреді.
7. Киім мен кілемдегі дақтарды кетіреді.
8. Лас аяқ киімді тазартады.
9. Қабырғадағы қарындаш, фломастер дақтарын кетіреді.
10. Күміс әшекей бұйымдарды жылтыратады.
11. Компьютер дискілеріндегі сызаттарды азайтады.
12. Музыкалық құралдардың пернелерін тазалайды.
13. Балалар бөтелкесіндегі иісті кетіреді.
14. Қызған металл мен темір беттерді тазартады.
15. Шомылу көзілдірігін тұманданудан сақтайды.
* * *
Құпия дәрі: 2 ингредиент – 12 аурудан қорғану!
Қастор майы шаш өсіруге пайдалы екенін бәрі біледі. Ал кастор майы мен ас содасының қоспасы көптеген аурулардың алдын алады.
Қалай қолдануға болады:
1. Жара мен сіңір жарақаттарын тез жазады.
2. Сүйел мен папилломаларды кетіреді.
3. Созылмалы диареядан құтқарады (іштің төменгі бөлігіне компресс ретінде).
4. 1 шай қасық – күшті іш өткізгіш, артық салмаққа қарсы.
5. Терідегі қара дақтарды азайтады.
6. Жәндік шақса ісіну мен қышуды кетіреді.
7. Тырнақ "грибогына" қарсы тиімді.
8. Бас терісін күнделікті уқалау шаш өсімін жылдамдатады.
9. Аптасына бір компресс арқадағы ауырсынуды жеңілдетеді.
10. Буындарды уқалау кальций тұздарының жиналуын азайтады.
11. Түнде көзді уқалау ісіну мен қызаруды кетіреді, маусымдық аллергия белгілерін жеңілдетеді.
12. Ішке қабылдау аллергиялық аурулардан қорғайды (күн сайын 5 тамшы).
Көріп отырғаныңыздай, кастор майы мен ас содасының қоспасы нағыз халықтық шипа құралы!
* * *
Жөтелден тез құтылудың жолы
Тамақ жыбырлап, жөтел мазаласа смына емді жасап көріңіз:
Капуста жапырағын 1-2 минут қайнаған суға салыңыз. Оған бал жағып кеуде тұсына қою керек. Егер жөтел қатты малаласа арқа тұсына екіншісін қойған дұрыс. Түнде түсіп қалмайтын етіп сыртынан орап қойған жөн. Таңертең алып таствцсыз. Орнын жылы суға малынған шүберекпен сүртіңіз.
2-3 күнде жөтел кетеді.
* * *
Ботокстың орнына қолдануға болатын күтім маскасы
(бірақ ботокс эффектін толық алмастырмайды!)
Жасы ұлғайған, шаршау белгілері бар теріге арналған қарапайым үй маскасы
1 ас қасық қоспаны 100 мл суық суға ерітіңіз.
Эмалданған ыдысқа құйып, үстіне 500 мл қайнаған су қосыңыз.
Қоюланғанша араластырып пісіріңіз.
Содан кейін 5 ас қасық жаңа дайындалған сәбіз шырынын және 1 ас қасық қою қаймақ қосып, жақсылап араластырыңыз.
Бетке жұқа етіп жағып, 20–25 минут ұстаңыз.
Жылы сумен шайып, соңынан сүйікті креміңізді жағыңыз.
Бұл маска теріні жақсы ылғалдандырып, сергітеді, ұсақ әжімдердің көрінуін азайтуға көмектеседі. Бірақ ол медициналық ботокстың әсерін толық алмастырмайтынын ескеріңіз.
* * *
Асқабақ — дәруменге бай өнім
Асқабақта сәбізден 4–5 есе көп каротин бар. Каротин ағзада А дәруменіне айналып, көру қабілетін жақсартады және қуатты антиоксидант болып табылады.
Сонымен бірге асқабақта С, Е, K және В тобының көпшілік дәрумендері бар. Калориясы төмен, құрамында крахмал, холестерин мен трансмайлар жоқ, қант аз, ал талшық көп.
* * *
ТАМЫРЛАРДЫ ТАЗАРТАДЫ
Бал, лимон және апельсин қоспасы
Бұл қоспа ағзаға жеңіл сергітуші әсер беріп, иммунитетті қолдауға және зат алмасуды жақсартуға ықпал етуі мүмкін.
2 апельсин мен 2 лимон алыңыз, жақсылап жуып, дәндерін алып тастағаннан кейін еттартқыштан өткізіңіз.
Дайын массаны шыны ыдысқа салып, оған 2 ас қасық табиғи бал қосыңыз. Қоспаны тоңазытқышқа бір тәулікке қойыңыз.
Қолдану тәсілі: Тамақты алдында күніне 2 шай қасықтан, бір ай бойы қабылдауға болады.
(Созылмалы ауруларыңыз болса немесе қышқыл өнімдерге сезімталдық бар болса, қолданар алдында маманнан кеңес алған дұрыс.)
* * *
Даршын – корица денсаулыққа пайдасы көп
Иммунитет:
Күнделікті бал мен даршын қабылдау ағзаның қорғаныс функцияларын күшейтіп, бактериялар мен вирустардан қорғайды, лейкоциттердің инфекциялармен күресу қабілетін арттырады.
Цистит:
2 ас қасық даршын мен 1 шай қасық балды аздап жылы суға араластырып ішіңіз. Бұл зәр жолдарының инфекцияларымен күресуге көмектесуі мүмкін.
Шаш түсуі:
Шашты жуу алдында тамырларын жылы зәйтүн майы, 1 ас қасық бал және 1 шай қасық даршыннан жасалған пастамен 15 минут бойы сүртіңіз. Содан кейін шашты жылы сумен шайыңыз. Тіпті 5 минут қолдану да әсерін сездіруге жеткілікті.
баспаға әзірлеп, жиған-терген
Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>
Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
|