Кептірілген өрік – курага өте пайдалы табиғи өнім
Кептірілген өрік магнийге бай болғандықтан, оны қан тамырларын «жұмсартуға» көмектеседі деп жиі айтылады. Магний ағзада босаңсу процесіне қатысатын элементтердің бірі, сондықтан магнийі мол тағамдар қан тамырларының түйілуін азайтуға ықпал етуі мүмкін деп саналады.
Соның нәтижесінде қан айналымы жақсарып, жүрек пен бүйрекке түсетін жүктеме жеңілдейді деп айтылады.
Жүкті әйелдерге қатысты
Халық арасында «курага» жүкті әйелдерге пайдалы тағамдардың бірі ретінде ұсынады, себебі:
*ағзаға табиғи магний береді;
*стресс деңгейін төмендетуге көмектеседі;
*гемоглобин мөлшерін қолдауға ықпал етуі мүмкін.
Маңызды ескерту:
Бұл — халықтық көзқарас. Өрік қағы магний препараттарын толық алмастыра алмайды.
Жүкті әйелдер және жүрек, бүйрек, қант диабеті бар адамдар өрік қағын көп мөлшерде қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесу керек.
* * *
Гипертониямен (жоғары қан қысымымен) күресудің табиғи тәсілдері
1. Жаңғақ + бал қоспасы
100 г ұнтақталған грек жаңғағын
60 г балмен араластырыңыз.
Күні бойы 3–4 ретке бөліп жеңіз.
Ұсынылатын емдік курс — 1,5 ай.
2. Мумие
Халықтық тәсіл бойынша:
0,15–0,2 г мумийені кешкі тамақтан кейін 3 сағаттан соң,
ұйықтар алдында қабылдайды.
Курс — 10 күн,
Одан кейін 5–10 күн үзіліс
Жалпы 2–3 курс жасау ұсынылады.
Мумие таблетка немесе сұйық күйде болуы мүмкін.
3. Арония (қара жемісті шетен) шырыны
Арония шырыны қан қысымды төмендетуге көмектеседі деп айтылады.
50 мл-ден күніне 2–3 рет,
1 ай бойы қабылдауға болады.
Сосын 10 күн үзіліс жасап, курсты қайталауға болады.
Маңызды ескерту:
Бұл — дәрігердің емін алмастырмайтын халықтық кеңестер.
Гипертония — күрделі ауру.
Қан қысымы жоғары адамдарға:
препараттарды өз бетінше тоқтатуға;
бал, жаңғақ, мумие, аронияны шектен тыс қолдануға болмайды.
Әсіресе жүкті әйелдер, жүрек, бүйрек, қант диабеті бар адамдар мұндай тәсілдерді қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігерге қаралуы керек.
* * *
Безеуден қалған тыртықтарды жою
1. 1 шай қасық лимон шырынын 25 г ашытқы және 1 ас қасық шикі сүтпен араластырып, бетке 20 минут жағыңыз. Содан кейін жылы сумен жуыңыз.
2. Лимон шырынын жартылай қаймақпен араластырып, бетке 15–20 минут жағыңыз.
3. 1 шай қасық ақ саз маскасы (белая глина), 2 шай қасық сутек асқын тотығы, 2 шай қасық лимон шырынын араластырыңыз. Бетке жағып, 5-7 минуттан кейін жуып тастаңыз.
* * *
Алоэден жасалатын емдік рецептер
Гастрит, асқазан жарасы
Тамаққа жарты сағат қалғанда күніне 2–3 рет 1–2 шай қасық жаңа дайындалған алоэ шырынын қабылдаңыз.
Ішектің қызметі бұзылғанда және метеоризм
100 мл алоэ шырынын 100 г балмен араластырып, 3 сағатқа тұндырыңыз. Күніне 3 рет 1 шай қасықтан ішіңіз.
Мұрынның бітелуі
Жаңа шырынын мұрынға 2–3 сағат сайын 5 тамшыдан, 2–3 күн енгізіңіз.
Стоматит, пародонтоз
Ауызды жаңа шырынымен шайыңыз.
Шаршау, ашушаңдық
Алоэ шырынын лимон шырынымен, балмен, сары маймен және жаңғақпен тең мөлшерде араластырыңыз. Тамаққа дейін күніне 2–3 рет қабылдаңыз.
* * *
Анардың (гранат) пайдасы
1️⃣ Гемоглобинді көтереді
Анардың ең танымал қасиеті – анемияға қарсы күрес. Қан аз болса, 0,5 стақан анар шырынын 3 рет күніне, тамаққа 30 минут қалғанда ішіңіз, курс – 2 ай.
2️⃣ Қан қысымын төмендетеді
Анар дәндері гипертонияны жұмсақ төмендетеді. Жеміс қабығы құрғатылып шайға қосылса, жүйке жүйесін тыныштандырады, ұйқыны қалыпқа келтіреді.
3️⃣ Гормоналды белсенділікті арттырады
Анар дәндерінде майлы заттар бар, гормоналды баланс қалпына келеді. Айлық кезінде ауырсынсаңыз немесе бас ауырады, дәндерін тастаудың қажеті жоқ.
4️⃣ Ауыз бен тамақты дезинфекциялайды
Анар қабығының қайнатпасы немесе шырыны тамақ пен ауыз қуысын шаюға пайдалы. Таниндер ауырсынуды басады, органикалық қышқылдар инфекцияны жояды.
5️⃣ Инсулиннің орнын басады
Анар диабеттік адамдарға пайдалы тәттілердің бірі. 60 тамшы шырынын күніне 4 рет тамаққа дейін ішсеңіз, қант деңгейі 3 күнде төмендейді.
6️⃣ Радиацияны шығарады
Радиациямен жұмыс істейтіндерге немесе радиацияға жақын тұратындарға өте пайдалы.
7️⃣ Теріге пайдалы
Майлы тері, безеу немесе гнойлы шыққанда: жеңіл қуырылған, ұсақталған анар қабығын маймен араластырып маска жасаңыз. Аптасына 2 рет қолдануға болады. Құрғатылған қабығын күйік, сызат емдеуге қолдануға болады.
8️⃣ Құрттарды шығарады
Дайындау: 40–50 г қабығын 400 г суға 6 сағат тұндырыңыз, баяу отта жартысына дейін қайнатыңыз, салқындаған соң ішіңіз. 1 сағаттан кейін жеңіл іш жүргізетін дәрі ішіңіз, 4–5 сағаттан кейін клизма жасаңыз.
9️⃣ Диареяны тоқтатады
Анар қабығы мен жемістері іш өтуге қарсы, колит және энтероколитке пайдалы. Ересектерге құрғатылған қабығын ұсақтап, тамақтан кейін 3 рет шағын мөлшерде беруге болады. Балаларға – шырынды суға араластырып.
🔟 Қабынуды басады
Бүйрек, бауыр, құлақ, көз, буын, гинекологиялық органдардағы қабынуларға: 2 шай қасық ұсақталған қабығын 1 стақан ыстық суға қайнатып, сүзген соң бастапқы көлеміне дейін қайнаған сумен қайнатыңыз. Күніне 2–3 рет, тамаққа 30 минут қалғанда 50 г ішіңіз.
* * *
Витаминдер мен минералдарды қалай дұрыс қабылдау керек?
Кейбір витаминдер мен минералдар бір-бірінің сіңуіне кедергі келтіруі мүмкін, әсіресе жоғары дозада.
Бір-бірімен үйлесетін комбинациялар
Темір + C витамині –
темірді жақсы сіңіру үшін.
Майда еритін витаминдер маймен бірге жақсы сіңеді.
Мультивитаминдер мен мультиминералдар аз дозада және өзара әсерлері есепке алынса бірге қабылдауға болады.
Қолданбау қажет комбинациялар
Темір + Цинк, Кальций, Йод
Бір-бірінің сіңуін тежейді.
Цинк + Темір немесе Кальций – цинктің сіңуі төмендейді.
Қолдану бойынша кеңестер
B тобы витаминдері.
Таңертең немесе күннің бірінші жартысында.
Тамақпен бірге
Магний
Кез келген уақытта қабылдауға болады.
Формаға назар аударыңыз (цитрат, малат, глицинат).
Цинк
Күннің бірінші жартысында
Тамақпен немесе тамақтан кейін, асқазанды тітіркендірмеу үшін.
Ескерту: Дұрыс комбинация мен уақытты сақтау – витаминдердің ең тиімді әсерін қамтамасыз етеді!
* * *
Шаш түсуін тоқтатады
1 литрлік банканы пияз қабығымен жақсылап толтырып, үстінен спирт (немесе арақ) құйыңыз да, бір ас қасық "гвоздика" қосыңыз.
Қараңғы жерде 10 күн ұстап, ара-тұра шайқап тұрыңыз.
Шаш жуар алдында тампонмен осы тұнбаны шаштың түбіне жағыңыз.
Басыңызды полиэтиленмен (немесе душқа арналған қалпақ) жауып, үстінен жылы орамалмен 2–3 сағатқа орап қойыңыз.
Нәтиже керемет: шаш тез өсіп, қалыңдайды.
* * *
Мың құпиясы бар меновазин
Меновазин әр отбасының дәрі қобдишасында бар, бірақ оны қалай дұрыс пайдалану керектігін көбі біле бермейді. Сондықтан кез келген дәріханадан табылатын, бәріне қолжетімді бағадағы дәріні қолдануда пайдалы кеңестер ұсынбақпыз.
Радикулит кезінде мойынды, желке тұсын, омыртқаны майлаңыз. Бұл дертіңізді айтарлықтай жеңілдетеді. Ұзақ уақыт бойы тұрақты түрде денеңізді майлай отырып, буындардағы тұздардың шөгуін толық емдеуге болады.
Жүрек ауырғанда, бас ауруы, тіс мазаласа, құлақтың айналасын күніне 2 рет майлау керек.
Аяқтарыңыз ауырып, мүлдем көтере алмайтындай болсаңыз, күніне 1 мезгіл табан мен тізелеріңізді майлаңыз. Нәтиже керемет болады.
Меновазин құлақ ішіндегі құлықты тоқтатып, ауырсынуды және қабынуды жояды.
Безеуге миникопресс жасаған (мақтаға меновазин сіңіріп, кішкене саусақпен қысасыз), оның көмегімен банкаларды қойып, дезинфекциялауға болады.
Егер бас ауруы мазалап жүрген болса, меновазинді шекеңіз бен самайыңызға жағыңыз. Әсері бірден байқалады.
Меновазин геморройға да көмектеседі. Таңертең жуынып болған соң, сұқ саусағыңызға бинт орап алыңыз. Оны «Меновазинаға» батырып, тік ішекті бір «сүртіп» майлап шығасыз. Қатты ауырады, бірақ шыдамдылық қажет. Осы процедураны 5 рет қайталағаннан кейін геморройды мәңгіге ұмытасыз.
Сүт безінде ауырсынуды, шаншуды сезсеңіз, ауырған жерді дереу осы препаратпен сүртіңіз. Ауырсыну тез басылып, қабыну жойылады. Онкологиялық аурулар кезінде қолдануға болмайды!
Суық тиіп, жөтел мазаласа, денеңізді меновазинмен сүртіңіз. Арқа мен кеудені аталған препаратпен сылап, кейін бірден жылы орамал немесе жүн свитерді киіңіз де, жылы төсекке жатыңыз. 2-3 рет жасау арқылы жөтелден құтылуға болады және сіз қайта ауырып қалмайтын боласыз. Егер сізде ангина басталса, дәрігер тағайындаған дәрі-дәрмектерден басқа, меновазинмен тамақ аймағын сүртіңіз, жылы оранып жатыңыз. Ал мұрын бітеліп жатса, алдымен бір мұрын тесігін жауып иіскеп, содан кейін басқасын жауып, қайталайсыз.
Еріндегі герпес. Мақта дискісін меновазин ерітіндісіне малып алып, ауру аймағына басып тұрыңыз. Герпестің орнына меновазин жақпа майын жағуға да болады.
Құлақ ауруы. Мақтаны спиртті ерітіндімен сулап, құлаққа күніне 2 рет 15-20 минутқа жағыңыз.
Венаның варикозды кеңеюі кезінде меновазинді пайдалану аяқтағы ауырсыну мен ауырлық сезімін жояды, ісінуді азайтады. Ерітіндіні табаннан жоғары қарай жеңіл қозғалыстармен жағу қажет.
Егер сіз ұйқысыздықтан зардап шегетін болсаңыз, меновазиннің спирттік ерітіндісінде мақта тампонын сулап, желкені, құлақтан құлаққа дейін сүртіп шығу жеткілікті. Ешқандай ұйықтататын препараттардың көмегінсіз-ақ тыныш ұйықтайсыз.
Гайморитте меновазинді ауырсыну белгілері мен ісінуді басу үшін қолданады. Аурудың көзі – инфекция, оған препарат әсер етпейді. Бастапқы симптомдарды, ісіну және ауырсынуды жою үшін сұйықтықтың аз мөлшерін гаймор қуысына жағып, жеңіл массаж жасау керек. Меновазиннің әрекетін күшейту үшін бұл аймақты жұқа матамен жабуға болады. Немесе бинт пайдалана аласыз. Әсерді күшейту үшін, маңдайға және самайға жағады.
* * *
Вирустарға қарсы! Таблеткасыз қолдау!
Денсаулыққа қазірден бастап көңіл бөлген дұрыс. Дұрыс тамақтану – ең жақсы профилактика.
Ал өзін жайсыз сезіне бастасаңыз ше? Міне, ағзаны қолдаудың табиғи тәсілдері:
Куркума мен имбирьден жасалған жылы сусын
Ағзаны жылытып, иммунитетті қолдайды.
Таңертең ішу ұсынылады.
Құрамы:
Куркума – 0,5 шай қасық
Имбирь – 0,5 шай қасық
Қара бұрыш – бір шымшым
Қайнаған су құйып, сәл суыған соң қосыңыз:
1 шай қасық бал
Лимон шырыны
С дәруменіне бай сусын
Шиповник тұнбасы — күшті антиоксидант.
Тамақ ауырып тұр ма?
Күн ішінде 2–3 гвоздика – түймедақ гүлін шайнауға болады.
Көбірек сұйықтық ішу:
Лимон қосылған су, шөп шайлары (липа, жалбыз, Иван-шай),
жидек морстары, көкөніс шырындары, смузи — ағзаны жақсы қолдайды.
Денсаулық мәселелерінде дәрігерге жүгінуді ұмытпаңыз.
* * *
Прополис қосылған жылы сүт: денсаулыққа пайдалы сусын
Прополис пен жылы сүт қоспасы денсаулықты күтуге арналған "жұмсақ" тәсіл ретінде белгілі.
Қалай дайындалады:
Дәріханадан 10% прополис тұнбасын алыңыз.
100 мл жылы (ыстық емес) сүтке шамамен 20 тамшы тұнба қосыңыз.
Жақсылап араластыру керек.
Қалай ішеді: Әдетте бұл сусынды ұйқы алдында 10 күндік курс түрінде қабылдайды. Айына бір рет қайталау керек.
Денсаулыққа пайдасы:
иммунитетті нығайтуға көмектеседі,
тыныш ұйқыға ықпал етеді,
жалпы жағдайды жақсартады,
суық тию кезінде ағзаға қуат береді.
Ескерту: прополиске аллергия болуы мүмкін. Қолданбас бұрын маманнан кеңес алу керек.
баспаға әзірлеп, жиған-терген
Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>
Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
|