ДҰРЫС ТАҒАМ – ДЕНСАУЛЫҚ КІЛТІ
Қан құрамындағы қантты тұрақтандыру – Малина
Малинада антоциан (өсімдік пигменті) бар, ол инсулин өндірісін қолдап, қандағы қант деңгейін бақылауға көмектеседі. Бұл диабеттен қорғайды.
Асқазан-ішек қатерлі ісігінен қорғау – Жасыл немесе ақ шай
Күнделікті бір кесе шай ішсеңіз, ішек қатерлі ісігіне шалдығу қаупін екі есе азайтады. Шайдағы катехиндер ісік жасушаларының дамуын тежейді.
Теріні қорғау – Сәбіз
Сәбіздегі каротин тері қатерлі ісігінің даму қаупін 6 есе төмендетеді.
Жүрекке арналған қорғаныс – Лосось
Лососьтағы омега-3 май қышқылдары жүрек-қан тамыр ауруларының алдын алады, ал табиғи майлар жақсы холестеринді (ЛВП) арттырады.
Сүйек күшін сақтау – Креветка
Креветкадағы B12 және D витаминдері сүйекті нығайтып, жаңа жасушалардың дамуына ықпал етеді.
Кеуде ісігінен қорғау – Дәнді дақылдар
Күніне кемінде 30 г толық дән тұтынатын әйелдерде кеуде ісігі қаупі екі есе төмендейді. Мысалы, қарақат қосылған ботқа – ең жақсы қорғаныс.
Қан қысымын бақылау – Картоп (терісімен)
Күніне 400 г пісірілген картоп пен оның терісін жеу калийге бай, бұл қан қысымын айтарлықтай төмендетеді.
Тістерді қорғау – Қатты ірімшік
Күніне 10 г Чеддер, Гауда немесе Моцарелла ірімшігі тіс эмалінің бұзылуын азайтады.
Көзді қорғау – Шпинат немесе салат
Лютеинге бай көкөніс көру қабілетін жақсартып, жасуықтың деградация қаупін 43% төмендетеді.
Шашты қалпына келтіру – Сиыр еті
Темір шаштың өсуін ынталандырады, ал мырыш шаш түсуін азайтады.
Простата ісігінен қорғау – Сарымсақ
Сарымсақ құрамындағы компоненттер простата ісігі қаупін 50% төмендетеді.
Өкпе қатерлі ісігінен қорғау – Грейпфрут
Күніне бір грейпфрут ішсеңіз, өкпе ісігінің дамуы 50% төмендейді.
Холестеринді бақылау – Зәйтүн майы
Жақсы холестеринді (ЛВП) арттырып, жаман холестеринді (ЛНП) төмендетеді, жүрек ауруларынан қорғайды.
Ми жұмысын ынталандыру – Кофе
Күніне бір кесе кофе сергектік береді және Альцгеймер ауруының даму қаупін 60%-дан аса төмендетеді.
* * *
ТӘБЕТІҢІЗ НЕГЕ ТАРТАДЫ?
Ағзаңызға қандай элемент жетіспейтінін анықтаймыз
1️⃣ Шоколад жегіңіз келсе
Жетіспейтін нәрсе: Магний
Қайдан алуға болады: жаңғақтар, тұқымдар, жемістер, бұршақ тұқымдастар
2️⃣ Нан жегіңіз келсе
Жетіспейтін нәрсе: Азот (ақуыз)
Қайдан алуға болады: балық, ет, жаңғақтар
3️⃣ Тәтті жегіңіз келсе
Жетіспейтін нәрсе: Глюкоза
Қайдан алуға болады: бал, тәтті көкөністер, жидектер, жемістер
4️⃣ Майлы тағам жегіңіз келсе
Жетіспейтін нәрсе: Кальций
Қайдан алуға болады: брокколи, бұршақ тұқымдастар, ірімшік, сезам
5️⃣ Ірімшік жегіңіз келсе
Жетіспейтін нәрсе: Кальций және фосфор
Қайдан алуға болады: брокколи, сүт, құрт
6️⃣ Тұздалған, шұжық өнімдері жегіңіз келсе
Жетіспейтін нәрсе: Холестерин
Қайдан алуға болады: авокадо, қызыл балық, жаңғақтар, зәйтүн
7️⃣ Қышқыл жегіңіз келсе
Жетіспейтін нәрсе: C витамині
Қайдан алуға болады: лимон, қарақат, киви, құлпынай, раушан жемісі, брюссель қырыққабаты және т.б.
* * *
БАУЫР мен ӨТ ЖОЛДАРЫН ТАЗАЛАЙДЫ
Бұл рецепт сондай-ақ қан тамырын қалпына келтіреді, ұйқыны да жақсартады
Ежелгі, тексерілген рецепт
1️⃣ Сұлы рецепті
1 ас қасық тазаланбаған сұлыны түнде 0,5 л суға салып қойыңыз (идеалы – сүзілген су).
Егер қан қысымы жоғары болса, 1 ас қасық арпа қосуға болады.
Таңертең:
1. Сол суға сұлыны 2 минут қатты отта қайнатыңыз (ыдыстың беті ашық болсын).
2. Содан кейін бетін жауып, 5 минут баяу отта қайнатыңыз.
3. 10 минут бетін орамалмен жауып қойыңыз.
4. Сүзіп, тамақтан бұрын және ұйқы алдында 150-200 гр ішіңіз.
Емдеу курсы: 10 күн
Пайдасы:
Холестеринді төмендетеді
Бет терісін жақсартады
Тұз, қалдықтар мен құм шығарады.
* * *
Қырмызыгүл (календула) тұнбасы — жеңіл ас қорытуға арналған көмекші!
Қырмызыгүлдің тұнбасы өттің ағысын жұмсақ ынталандырып, ас қорыту жүйесінің жұмысын жақсартады.
Дайындау тәсілі:
1 ас қасық құрғақ қырмызыгүл (календула) гүлін алыңыз
1 стакан (200 мл) қайнаған сумен құйыңыз
Қақпақпен 1 сағат тұндырыңыз
Сүзіп алыңыз — емдік тұнба дайын!
Қалай қабылдау керек:
Күніне 1 рет, жарты стакан ішіңіз
Тамаққа 15–20 минут қалғанда, күннің бірінші жартысында
Курс — 2 апта
Тұнбаны әрдайым жаңа дайындаған дұрыс — сонда барлық пайдалы қасиеттер сақталады!
* * *
БЕЗЕУГЕ ҚАРСЫ 3 МАСКА
Сенімді рецепттер: бет терісін жақсартып, безеулер іздерін азайтады. Нәзік және тиімді әсер етеді!
1️⃣ Ашытқы мен лимон маскасы:
1 шай қасық лимон шырыны, 25 г ашытқы және 1 ас қасық сүт араластырыңыз.
20 минут бетке жағып, жылы сумен жуыңыз.
Терінің тонусын тегістейді және жарықтырады!
2️⃣ Қаймақпен жұмсақ маска:
Лимон шырынын қаймақпен тең бөлікте араластырыңыз
15–20 минут бетке жағыңыз
Сезімтал тері үшін керемет!
3️⃣ Ақ балшық (белая глина) мен тотығу маскасы:
1 шай қасық құмырсқашаш, 2 шай қасық сутегі тотығы және 2 шай қасық лимон шырынын араластырыңыз.
Ұзақ ұстаса да болады, кейін жылы сумен жуыңыз.
Терең тазартады және жарықтырады!
Бұл маскалар таза және жарқыраған теріге жетудің сенімді көмекшілері болды. Сіздер де байқап көріңіздер!
* * *
Тауық сорпасы — жүрек пен қан тамырлары үшін керемет сергіткіш!
Тауық сорпасы жүрек пен тамырларға керемет пайда береді. Минералдарға бай: калий, кальций және магний жүрек бұлшықетін нығайтып, демалуға көмектеседі.
Коллаген қан тамырларын серпімді етеді, қабырғаларын нығайтады, кеңейіп-қысқаруға көмектеседі.
Дайындау жолы:
Еті мен сүйекті қолдану, терісін керек емес.
Жай жанған отта баяу пісіру.
Күнделікті 100 мл. ішкен жеткілікті.
Бұл сорпа тек дәмді ғана емес, жүрек пен тамырларға табиғи көмекші болады.
* * *
АСКӨК (укроп) — ас үйдегі жасыл дәріхана!
Пайдасы:
Витамин қоры: С, А, В2, В6 және РР дәрумендеріне бай, қан түзілуін жақсартады.
Минералдарға бай: Кальций, калий, фосфор, темір және магнийдің керемет көзі.
Ас қорытуға: Асқазан-ішек жолын және зәр шығару жүйесін жұмсақ дезинфекциялайды.
Жүйке жүйесіне: Жүйке жүйесін тыныштандырады, ұйқыны жақсартады, қан қысымын төмендетеді.
Ісінуге қарсы: Ағзадан артық сұйықтықты шығарады.
Қолдану тәсілі:
Салат пен сорпаға қосу.
Дайын тағамның үстіне себу.
Кейде шай ретінде қайнату.
Укроп - аскөк денсаулыққа нағыз керемет әсер береді!
* * *
«Аспиринді бал» — тізе ауырсынуын жеңілдетуге арналған халықтық әдіс
Жас ұлғайған сайын немесе жарақаттан кейін тізе буындарында жайсыздық, қозғалғанда немесе тіпті тыныш күйде де ауырсыну пайда болуы мүмкін. Халық арасында ауырсынуды жеңілдетуге осындай қарапайым қоспаны қолданатындар бар.
Рецепт:
10 таблетка аспиринді (ацетилсалицил қышқылы) ұнтақтап алыңыз;
Оны 200 г сұйық балмен жақсылап араластырыңыз;
Қоспаны 10 күн жылы жерде ұстап, ара-тұра араластырып тұрыңыз.
Дайын қоспаны тізеге жағып, үстін жүн мата және пленкамен жауып, компресс түрінде қоюға болады. Аздап қызару мен күйдіру сезімі болуы мүмкін — көп жағдайда бұл уақытша әсер.
Процедураны түнге қойып жүріңіз.
Қосымша арнайы буын жаттығуларын жасау да маңызды.
Маңызды: Бұл — халықтық әдіс. Қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіңіз. Егер теріде тітіркену немесе аллергия байқалса, пайдалануды тоқтатыңыз.
* * *
АС ҮЙДЕГІ ДАЙЫН ДӘРІ
Бұл — халық арасында қолданылатын ем түрлері.
Жоғары температура
Суды мен сүтті 1:1 қатынасында араластырып (0,5 л), аздап қант немесе бал, 1 шай қасық ұнтақ кардамон қосып ішсе, денені жеңілдетуге көмектеседі.
Асқазанның «ауырлауы»
Имбирьдің жұқа тілімін балға батырып, шайнау — асқазанға жайлық береді дейді.
Іштің өтуі (диарея)
0,5 стакан йогуртты 0,5 стакан сумен араластырып, бір шымшым имбирь мен мускат жаңғағын қосыңыз. Халықта бұл қоспаны ішектің жұмысына пайдалы деп қолданады.
Кебулер (метеоризм)
Кардамон, аскөк (фенхель) және имбирьдің тең бөлігінен 1 шай қасық алып, бір стакан қайнаған суға бұқтырып ішсе, жайсыздықты азайтуға көмектеседі дейді.
Бас ауруы
Кориандр мен зираны (кумин) тең мөлшерде алып, 1 шай қасықты 1 стакан ыстық суға салып демдеңіз. Қайнап емес, жылы кезде жайлап ұрттап ішіңіз.
* * *
Қызылша шырынының пайдасы
Халықтық тәсіл ретінде қолданылады
1,5 кг тазартылған қызылшаны турап, үстіне 2 литр ыстық су құйыңыз.
Баяу отта 1 сағат қайнатыңыз.
Содан кейін 1 ас қасық қант пен 1 ас қасық алма сірке суын қосыңыз.
Дайын қоспаны тоңазытқышта сақтауға болады.
Қолдану тәсілі
Тамақтанар алдында 30–40 мл қызылша тұнбасын ішіп, қасына 1–2 тілім қызылша жеуге болады.
Халық арасында мұндай қоспа:
қан құрамын жақсартады;
ағзаны тазартуға көмектеседі;
шыдамдылықты арттырады;
тіндердің оттегіні жақсырақ пайдалануына ықпал етеді деп айтылады.
Маңызды: Бұл — дәстүрлі халықтық әдіс. Созылмалы ауруы бар адамдарға, қан қысымы төмен немесе жоғары адамдарға, асқазан-ішек мәселелері барларына қызылша тұнбасын дәрігермен кеңеспей қолдануға болмайды.
баспаға әзірлеп, жиған-терген
Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>
Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
|