Бауырды тазартатын және майды кетіретін сусындар!
Бауыр – ағзамыздағы ең көп жүктемені алатын мүше. Сондықтан оны мезгіл-мезгіл тазартып, демалдырып отыру өте маңызды. Детокс ағзаны тазалап, бауырдың тиімді жұмыс істеуіне көмектеседі.
Егер бауыр дұрыс жұмыс істемесе, басқа мүшелер де зардап шегеді, түрлі аурулар мен бұзылыстар пайда болады. Ал төмендегі сусын бауырды тазалап, ағзадан май мен уыттарды шығарады.
Шипалы сусын
— 1/2 лимон
— 1 болгар бұрышы
— 1 алма
— 1 орташа қияр
Барлығын блендерге салып, жаңа дайындалған күйінде ішіңіз. Сонда құрамындағы антиоксиданттар барынша әсер етеді.
Күніне 2-3 стақан осындай сусын ішсеңіз, бауырыңыз тазарады, ағза уыттардан арылады, өзіңізді сергек әрі жеңіл сезінесіз!
* * *
Қай кезде смартфон пайдалану денсаулыққа зиян?
Тамақ кезінде
Ас ішіп отырғанда телефонға алаңдау зат алмасу жылдамдығын төмендетеді. Нәтижесінде ас баяу қорытылады және майдың жануы баяулайды.
Ұйықтар алдында
Ұялы телефон экранынан шығатын жарық пен сәуле ми қыртысын қоздырады. Сол себепті ұйқышылдық жоғалып, ұйқының сапасы бұзылады. Уақыт өте келе бұл ұйқының тұрақты бұзылуына әкелуі мүмкін
Дәретханада отырған кезде
Телефонға беріліп, унитазда ұзақ отыру – тік ішектегі қан тамырларының кеңеюіне және геморройдың пайда болуына себеп болады.
* * *
Бауырға күтім жасауға арналған табиғи құрал
Бауырды күшейтуге ең тиімді шөптердің бірі — алатікен (расторопша – тұқымы немесе ұны).
Қарапайым тәсіл:
1 шай қасық алатікен тұқымын 1 стакан суға қосу керек.
Баяу отта 1–2 минут қайнатып, үстін жауып 1 сағат тұндырыңыз.
Сүзіп алып, дайын тұнбаны күні бойы 2–3 рет ішесіз.
Қалай ішу керек?
Аш қарынға ішкен дұрыс. Тамақ — ішкеннен кейін 20–30 минуттан соң.
Курсы:
1 ай ішесіз → 1 апта үзіліс → қайта жалғастырасыз. Бірнеше курс жасауға болады.
* * *
Бір ғана құрма ағзаға не береді?
— Суық тигенде көмектеседі
Құрма құрамындағы С дәрумені иммунитетті қолдап, ағзаның суықтау мен тұмау белгілерімен күресуіне жәрдемдесе алады.
— Қан аздықтың алдын алуға пайдалы
Құрмадағы темір қан түзілу процесін қолдайды. Күн сайын шамамен 100 г құрма жеу темір тапшылығының алдын алуға көмектеседі.
— Табиғи несеп айдататын әсері бар
Құрма калий мен кальцийге бай, бұл ағзадағы сұйықтықты реттеуге ықпал етеді. Табиғи өнім болғандықтан, калийдің шамадан тыс жоғалуына жол бермейді.
Ескерту: Құрма пайдалы болғанымен, бұл — дәрі емес. Созылмалы ауруларыңыз болса, тамақтану тәртібін өзгертер алдында маманмен кеңескен дұрыс.
* * *
Арқаңыз ауырмасын десеңіз…
Ұйықтар алдында 1,5 ай бойы мына 3 тағамды жеу ұсынылады:
— 1 дана інжір
— 5 дана кептірілген өрік
— 1 дана қара өрік
Бұл жемістер омыртқааралық дискілердің тіндерін қолдауға көмектесетін пайдалы заттарға бай, сондықтан арқаның жақсырақ жұмыс істеуіне ықпал етеді.
* * *
Барлық дертке қарсы табиғи сусын
Бұл тибеттік деп аталатын қоспаны 3 ай бойы күн сайын бір стаканнан ішу ұсынылады. Дайындауы өте оңай:
— 1 қызылша
— 1 алма
— 2 сәбіз
Бәрін жуып, тазалап, ұсақтап турап, шырынсыққыштан өткізіңіз. Шырынды дайын болған бойда ішкен дұрыс. Қалауыңызша аздап лимон қосуға болады.
Бұл табиғи сусын ас қорытуға, иммунитетке және жалпы ағза тонусына пайдалы болуы мүмкін.
* * *
Глицеринді «Жастық» маскасы
Күн сайын ұйықтардан 1 сағат бұрын осы масканы жағатын болсаңыз, беттегі ұсақ әжімдер жұмсарып, тері өңі біртіндеп тегіс бола бастайды.
Қалай дайындалады?
Глицерин мен Е дәруменін кез келген дәріханадан қолжетімді бағаға алуға болады.
30 г глицеринге — 10 капсула Е витамині.
Капсулаларды инемен тесіп, ішіндегі майды глицерин құйылған құтыға сығып қосыңыз.
Қолдану тәсілі:
Бетті алдын ала тазартып, жеңіл массаж жасаңыз.
Масканы жаққан кезде тері аздап жабысқақ болуы мүмкін — бұл глицерин сіңіп жатқандықтан.
Ыңғайлы болу үшін бетке сергіткіш тоник сеуіп қоюға болады.
* * *
БЕТТЕГІ БЕЗЕУЛЕР
қай органның дұрыс жұмыс істемейтінін көрсетеді?
Бет — ішкі ағзалардың жағдайын бейнелейді. Безеулер көбінесе дәрумен тапшылығы, гормондық теңгерімсіздік немесе терідегі май бездерінің белсенділігінен пайда болады.
Зоналық бөлініс:
Маңдай — тоқ ішек проблемалары
Маңдайдың төменгі бөлігі, қас үсті — зәр шығару жүйесі
Екі қас ортасы – бауыр
Аяқ-бет (ортаңғы бөліктер)
Көз айналасы — бүйрек
Көз бен құлақ арасы — өт қабы
Қас арасындағы аймақ — бауыр
Мұрын-ауыз аймағы (мұрын мен еріннің арасындағы қатпар) — жүрек-қан тамырлары
Мұрын үсті – ұйқы безі
Ерін айналасы — тоқ ішек
Ерін асты — жыныс ағзалары
Безеулер қай жерде шоғырланғанына қарап, қай органға көңіл бөлген дұрыс екенін түсінуге болады.
* * *
Қан тамырларын тазалауға арналған табиғи сусын
Қажетті заттар:
1 стақан кептірілген жүзім – мейіз
2 ас қасық үгітілген имбирь
2 ас қасық бал
4 ас қасық көк шай
1 литр су
Дайындау:
1. Қазанды алып, суды баяу отта қайнатыңыз.
2. 10 минуттан кейін отты азайтып, шай, имбирь және бал қосыңыз.
3. Барлығын араластырып, қазанның үстін жылы мата немесе қақпақпен жауып, 8 сағат тұндырыңыз.
Қабылдау:
Күніне 2 рет, тамақтан 150–200 мл дейін ішіңіз.
* * *
Асқазан қыжылын басуға арналған халықтық тәсілдер
— Ромашка тұнбасы
3 ас қасық ромашканы 1 стакан қайнаған суға құйып, 20 минут тұндырыңыз.
100–150 мл ішіңіз.
Ромашка асқазан мен ішекті тыныштандырып, газды азайтуға көмектеседі.
— Жаңа жалбыз тұнбасы
1 шай қасық кептірілген жалбызды 200 мл қайнаған суға құйып, 15 минут тұндырыңыз.
Жалбыз қышқылдықты бейтараптап, жүйкені тыныштандырады, бас ауруын жеңілдетеді.
баспаға әзірлеп, жиған-терген
Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>
Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
|