Халық емі
08/06/2026, 21:44

Әжімге қарсы керемет бет маскасы!
Бет терісін тегіс әрі балғын ұстауға көмектесетін тамаша масканың рецептімен бөлісеміз! Бұл қарапайым маска шын мәнінде керемет нәтиже береді.
Дайындау тәсілі:
4 таблетка аспиринді майдалап ұнтақтайды.
1 ас қасық табиғи йогурт қосылады – ол теріні жұмсартып, ағартуға көмектеседі.
1 шай қасық бал қосылады – теріні қоректендіріп, терең ылғалдандырады
Неліктен әсері күшті:
Аспирин – теріні жұмсақ тазартып, әжімді тегістейді.
Йогурт – терінің түсін ашып, балғындық береді.
Бал – теріні нәрлендіріп, серпінді етеді.
Қолдану жолы:
Масканы таза бетке жағады
10–15 минут ұстайды
Жылы сумен жуып тастайды
Аптасына 1–2 рет қолдану жеткілікті.
Тұрақты қолданғанда тері айқын тегіс болып, қызарулар азаяды, табиғи жылтырлық пайда болады!

* * *

Аппендикс — эволюциялық қате емес, ағзаның стратегиялық қоры!
Факт:
Ұзақ уақыт бойы пайдасыз қалдық деп саналған аппендикс шын мәнінде өте маңызды қызмет атқарады — ішектегі пайдалы бактериялар үшін қауіпсіз «қорғаныс орны» болып табылады.
Қалай жұмыс істейді?
Ішек инфекциялары кезінде зиянды микроорганизмдер негізгі ішектен пайдалы микрофлораны шығарып жібергенде, аппендикс симбиотикалық бактериялардың «резервтік қоры» ретінде сақталады. Сауыққаннан кейін бұл бактериялар қайтадан ішекті мекендеп, қалыпты ас қорыту мен қорғаныс функцияларын қалпына келтіреді.

* * *

Қырыққабат тұздығы тіс етін қорғайды!
Сіздерге таңқаларлық әрі қарапайым тәсілмен бөлісеміз — қарапайым қырыққабат тұздығы тіс етін күтуімде нағыз көмекшім болды! Бұл әдіс оңай, қолжетімді және шынымен нәтиже береді.
Неліктен пайдалы:
Тұздықта табиғи сүт қышқылдары мен С дәрумені бар, олар тіс етін жұмсақ күтіп, иммунитетті қолдайды.
Қолдану тәсілі:
Тұздықты жылы сумен 1:1 араластырамын
Ауызды 30–40 секунд бойы жеңіл шаю
Күніне 2–3 рет қайталаймын
Курс — 7–10 күн.
Маңызды ережелер:
Шайғаннан кейін ауызды таза сумен қайтадан шаю керек, тіс эмалін қорғау үшін
Тұздықты жұтпаймыз
Тек жаңа және сапалы тұздықты қолдану керек
Бұл қарапайым әдіс тіс етін сау ұстауға және өз-өзіңе сенімді болуға көмектеседі!

* * *

Кептірілген алма — жыл бойғы витаминдерім!
Кептірілген алма – алма қағып бұл дәмді жеңіл тағам ғана емес, ағза үшін шынайы витамин бомбасы !
Пайдасы:
Ас қорыту үшін: ішектің жұмысын ынталандырып, метаболизмді жылдамдатады.
Жүйке жүйесі үшін: жүйке жүйесіне жақсы әсер етіп, тыныштық сыйлайды.
Тазалау үшін: жеңіл диуретикалық әсері бар, артық сұйықтықты шығарады.
Бауыр үшін: бауыр тінін пайдалы микроэлементтермен байытады.
Қан айналымы үшін: қан жүйесінің жұмысын жақсартады.
Қалай қолданады:
Негізгі тамақ арасындағы пайдалы жеңіл тағам ретінде.
Таңғы ботқа немесе ірімшікке қосып.
Кейде компот ретінде қайнатып ішуге болады.
Дәмді, пайдалы және өте ыңғайлы!

* * *

Қара наннан маска — шаш жарқырайды!
Шашты керемет жылтыр әрі жұмсақ ететін көне, бірақ тиімді рецептпен бөлісеміз!
Қалай жасауға болады:
Қара нанның жұмсағын жылы суға қосып, сәл езесіз. Қою қаймақ тәрізді консистенцияға жеткізу керек.
Бас терісіне жағып, шаш бойына тарата сылаңыз.
Бірнеше минутқа қалдыру.
Жылы сумен жуу.
Артықшылықтары:
Жұмсақ тазалау
Шашты қоректендіру
Табиғи жылтырлық
Бағынғыш, тегіс шаш
Мұндай маскадан кейін шаш дәл салонынан шыққандай!

* * *

МЕЙІЗ ҚОСЫЛҒАН СУ
ас қорытуға арналған құпия!
Таңертең ішу – бұл қарапайым әдіс ас қорытуды жақсартып, ішекті тазартады.
Артықшылықтары:
Таза ішек: мейіз қосылған суда болатын еритін талшық ішектің жұмысын жұмсақ қалыпқа келтіреді, іш қатудан арылтады.
Ас қорыту жақсарады: мейіздегі табиғи ферменттер мен қанттар тамақты жақсы қорытуға көмектеседі.
Тәбетті реттейді: су мен талшық тоқтық сезімін береді, күн бойы артық тамақтанудан сақтайды.
Дайындау тәсілі:
Кешке бір уыс мейізді 1 стакан суға салып қойыңыз. Таңертең ашқарында суды ішіп, жұмсарған мейізді жейсіз.

* * *

Сарымсақ пен сүт — таза қан тамырларының құпиясы!
Бұл қарапайым әдіс қан қысымын қалыпқа келтіріп, жалпы самочувствиені жақсартады.
Артықшылықтары:
Қан тамырларын холестериннен жұмсақ тазартады.
Жүрек бұлшықетін нығайтып, қан қысымын қалыпқа келтіреді.
Қан айналымын және ми жұмысын жақсартады.
Табиғи және қолжетімді.
Дайындау тәсілі:
3–4 тіс сарымсақты алып, пышақпен езіңіз.
250 мл сүт құйыңыз.
Қайнатыңыз да, баяу отта 10 минут тұндырыңыз.
Сүзіп, жылы күйінде ішіңіз.
Қалай қабылдау керек:
Таңертең және кешке жарты стакан 7–10 күн бойы. Курс әр тоқсанда қайталанады — үш ай сайын ішу ұсынылады!

* * *

Миға да нәр керек
Күніне кемінде 100 грамм ірімшік жеуді әдет етіңіз. Адамның жүйке жүйесі бірқалыпты жұмыс істеуі үшін В12 витамині қажет. Ал ірімшік бұл витаминге өте бай.
Күнделікті таңертең ең аз дегенде 3 ас қасық сұлы ботқасын (овсяные хлопья) жеу керек. Ол мидың жақсы жұмыс істеуі мен ақпаратты тез сіңіруіне, есте сақтауына септігін тигізеді.
Тәулігіне бір дана банан жесеңіз тіпті жақсы. Банан магнийге бай. Ол депрессия, стреске қарсы күресте көмекші. Есте сақтау қабілетін же жақсартады.
Мангоның құрамында жүйке жасушасын қалыпқа түсіретін витаминдер көп. Бұл жемістің миға, әрі жүйке жүйесіне пайдасы зор деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Күніне кем дегенде 100 грамм жеген жақсы.
Әр күні орташа көлемдегі бір дана апельсин жеудің пайдасы – ол мидың қалыпты жұмыс істеуіне жәрдемші, әрі оны негативтен де қорғайды. Бұл жеміс С витаминіне бай.
Күнделікті 1 ас қасық асқабақ дәнін жеп тұрсаңыз өкінбейсіз. Онда май қышқылдары – Омега-3, Омега-6, А мен Е витаминдері көптеп кездеседі. Бұл минералдар эмоция, ұйқы мен есте сақтау қабілетіне жауап беретін жүйке жасушасының жұмысын жақсартады.
Әр күні бес дана грек жаңғағын жеп жүрсеңіз есте сақтау қабілетіңіз жақсарады. Жаңғақтың құрамында жүйке жасушасын жаңартатын қышқыл бар.

* * *

Витаминге толы қоспа рецепті
Мына табиғи қоспа ағзаны қуаттандырып, иммунитетті күшейтеді.
Қажетті ингредиенттер:
- 1/2 стақан мейіз
- 1 стақан жаңғақ
- 1/2 стақан бадам (егер балқарағай жаңғағын қоссаңыз, иммунитет тіпті артады)
- 2 лимонның қабығы мен шырыны
- 1/2 стақан құрма (курага)
- 1/2 стақан қара өрік
- 150 г бал
Дайындау тәсілі:
Барлығын еттартқыштан өткізіңіз.
Лимонның шырынын қоспаға қосыңыз, ал қабығын бөлек өткізіңіз.
Барлығын араластырып, 1–2 күн қараңғы жерде тұндырыңыз.
Содан кейін тоңазытқышта сақтаңыз.
Қолдану тәсілі:
Ересектерге – күніне 3 рет 1–2 ас қасықтан,
3 жастан асқан балаларға – күніне 2 рет 1 шай қасықтан.
Табиғи қуат пен денсаулықтың қайнары осы баночкада!

* * *

«Чечевицаның» пайдасы
«Чечевица» – адам ағзасына аса пайдалы дәнді дақылдардың бірі. Оның құрамында ақуыз, темір, В тобының дәрумендері және аминқышқылдар мол.
Пайдасы:
— Зат алмасу бұзылыстарында, колит, асқазан мен он екі елі ішектің жарасында, қант диабетінде, зәр шығару және жүйке жүйесі ауруларында пайдалы.
— Иммундық жүйені нығайтады, асқазан-ішек жолының жұмысын жақсартады.
Қолдану жолдары:
«Чечевица» тек дәмді және пайдалы сорпаларға ғана емес, сонымен қатар іш қату, күлдіреген қабыну (рожистое воспаление), ревматизм және бүйректе тас жиналғанда қолданылатын емдік тұнбаларға да жарайды.
Табиғи күш пен саулықтың көзі – «чечевица»!

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 5 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: