Холестеринді төмендететін керемет сусын
Тамырларда түйіндердің (бляшек) пайда болуының алдын алу үшін цикорий ішу пайдалы. Оның құрамындағы инулин холестерин мен триглицерид деңгейін төмендетіп, тамырларды холестериннен тазартады. Сондай-ақ, қандағы глюкоза мөлшерін азайтады.
Цикорий кофенің тамаша баламасы бола алады: ол кофеинсіз, сондықтан оны түстен кейін немесе кешке жүйке мен жүрек-тамыр жүйесіне артық әсер етпей-ақ ішуге болады.
* * *
АЙРАННЫҢ ПАЙДАСЫ
Айранның құрамындағы түрлі дәрумендер мен минералдар оны ерекше пайдалы етеді. Оның құрамында С, А, РР, D дәрумендері және В тобының дәрумендері (В1, В2, В5, В6, В9, В12), холин мен бета-каротин бар. Сонымен қатар фосфор, калий, мыс, хром, кальций, күкірт, натрий сияқты маңызды минералдарға бай.
Бұл дәрумендер мен минералдар ағзаға оң әсерін тигізеді.
Біріншіден, айран ағзаны «жасартады»: қанды тазартады, қышқылдық тепе-теңдігін реттейді және асқазан-ішек жолының микрофлорасын қалыпқа келтіреді. Сондай-ақ иммунитетті нығайтады.
Екіншіден, айрандағы лактоза сүт қышқылына айналып, ағзаға оңай сіңеді. Сондықтан сүтті көтере алмайтын адамдар да майсыз айранды еш қиындықсыз іше алады — аллергиялық әсер болмайды.
* * *
Тістің бүйрекке де қатысы бар
Тарихқа жүгінсек, стоматологтардың кәсіби мерекесі 249 жылдың 9 ақпанында Ресейде бастау алған көрінеді. Сол күні александриялық шенеуніктің қызы Аполлония христиан дініне сенгендігі үшін өлім жазасына кесілген екен. Сенімінен қол үздіру үшін оның барлық тістерін жұлып, өлім жазасымен қорқытса да қыз айтқанына қайтпаған. Қайта жанып тұрған отқа өз еркімен секіріп кеткен. Осы сәттен бастап Аполлония туралы аңыз тарап, оның атын атаған сәтте тіс ауруы сап басылады деген сенім қалыптасқан.
Ал алғашқы тіс тесу машиналарының нұсқасы осыдан 9 мың жыл бұрын пайда болыпты. Содан бері адамзат «көңіл сұрамайтын», бірақ жаныңды жегідей жейтін аурудан айығудың сан түрлі жолын ойлап тауып келеді.
Мамандардың айтуынша, тіс дәрігерінің көмегіне жүгінетіндер саны жыл санап артып келеді екен. Өйткені қазіргі экологияның, оның ішінде судың құрамындағы қажетті витаминдердің аздығы мен азық-түлік өнімдерінің табиғи қалпынан айырылуы тістің бала кезден бастап бүлінуіне соқтыруда. Сондықтан біз тіс аурулары ішінде кең тараған түрлеріне тоқталмақпыз.
Бүгінгі күні халық арасында қызыл иектен бастау алған тіс ауруларын емдеу жиі кездеседі. Бұл қызыл иек ауруының екі түрі бар: пародонтит және пародонтоз бар деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Қазақша қанқұрт және қанжел дейді. Қанқұрт кезінде қызыл иек қызарып, ісінеді және қанағыш келеді. Тістің түбінде шөгінділер, тіс тасы пайда болады. Тіс тастарының әрбір миллиграмында миллиондаған микробтар бар. Сол микробтардың әсерінен түрлі биохимиялық заттар бөлінеді. Бұдан кейін қызыл иек ісініп, ас шайнау қиынға соғады. Ауыздан жағымсыз иіс шығады. Ал қанжел ауруы кезінде қызыл иектің еті қашады. Тіс ырсиып, ажарсыз көрінеді. Қызыл иектің еті нәр келмегендіктен семеді. Осыдан кейін тістің түбі ыстық-суықты сезгіш келеді. Бұл ауру асқынса тіс түбі босап, түсіп те қалады.
Тіс ауруының енді бірі – пульпит. Бұл тіс түбінде пайда болған ісік. Ол жүйке ауруын қоздырып, бас ауруын тудырады. Тістегі ісікті жарып, санация жасағаннан кейін ғана ауру басылады.
Дегенмен тіс ауруы ішінде ең көп тарағаны – кариес, тіс жегісі. Кариес тіс шыға бастағаннан пайда болады. Сөйтіп ыстық-суыққа шыдатпай, адамның жүйке жүйесінің де ауруын қоздырады.
Тіс ауруы мен адамның басқа да ішкі мүшелердің сырқаты бір-бірімен байланысты екендігі ғылыми тұрғыда дәлелденген. Ауру тіс ішкі құрылыс мүшелерін, жүйке жүйесін, тіпті аллергиялық ауруларды да қоздырады. Өйткені тіс, асқазан, бауыр, бүйрек, ішек-қарын аурулары бір-бірімен тығыз байланысты. Мәселен, тістің жоқтығынан тамақ жөнді шайналмай, асқазанға ауыртпалық түседі. Болмаса тісі ауырған адам мезгілімен тамақ ішпей, ұйқысы бұзылып, мазасы кетеді. Ауру тіс әр түрлі ауру тудырғыш инфекция ошағы болғандықтан, басқа мүшелердің ауруын қоздырады, содан ішкі құрылыстың барлық функцияларының жұмысын нашарлатады. Бұған жол бермеу үшін ауыз күтіміне ерекше назар аудару керек. Тамақтан кейін міндетті түрде ауыз шаюды әдетке айналдырған дұрыс, дәрі шөптермен де шайған жақсы. А, В, С, Д витаминдері мен құрамында кальций, фосфор, калий бар тамақтарды ішудің маңызы зор.
* * *
Янтар қышқылы – табиғи энергия мен саулық көзі
Пайдасы:
Янтар қышқылы ағзаны сергітіп, күш-қуат береді. Ми мен жүрек жұмысын жақсартады, шаршау мен күйзелісті азайтады.
Сонымен қатар, бауырды тазартып, ағзаны уыттардан (токсиндерден) арылтады.
Емдік әсері:
Иммунитетті күшейтеді
Көңіл-күй мен жалпы тонусты жақсартады
Зат алмасуды қалыпқа келтіреді
Несеп-жыныс жүйесінің жұмысын реттейді
Табиғи көздері:
Қышқыл қырыққабат, цитрус жемістері, қара қарақат және ашытылған сүт өнімдері янтар қышқылына бай.
* * *
Йод жетіспеушілігіне қарсы – жаңғақ қалқандарынан дайындалған қайнатпа
Йод тапшылығы көбінесе шаршау, ашушаңдық, әлсіздік және қолдың дірілдеуі түрінде байқалады. Мұндайда табиғи құралдардың бірі – грек жаңғағының ішкі қалқандарынан дайындалған қайнатпа.
Дайындалу тәсілі:
Жарты стақан жаңғақ қалқандарын алыңыз.
Екі стақан су құйып, баяу отта 10 минут қайнатыңыз.
Суыған соң сүзгіден өткізіп, тоңазытқышта сақтаңыз.
Қолдану жолы:
Тамақтан 15–20 минут бұрын, күніне 3 рет бір жұтымнан ішіңіз.
Курс – 2–3 апта.
Бұл табиғи қайнатпа ағзадағы йод деңгейін қалпына келтіруге, қалқанша безі жұмысын жақсартуға, сондай-ақ жүйке жүйесін тыныштандыруға көмектеседі.
* * *
Өт қабындағы тастарға қарсы табиғи көмекшілер
Көне заманнан белгілі халықтық әдістер өт қабындағы тастарды табиғи жолмен, ауырсынусыз шығаруға көмектеседі. Төмендегі қарапайым, бірақ тиімді тәсілдер ұрпақтан-ұрпаққа жеткен шипалы рецепттер болып саналады.
Табиғи емдік құралдар:
Қызылша шырыны
Күніне 2–3 рет жарты стақаннан ішсе, тастарды біртіндеп ерітіп, өт айдау процесін жақсартады.
Бал қосылған қуырылған жүгері дәндері
Дәмді әрі пайдалы тағам. Өт қабының жұмысын реттеп, әсіресе холециститке жақсы әсер етеді.
Қарбыздың дәні
Дәндерді ұнтақтап, ыстық сүтке (1:10) араластырып, бір түнге қалдырады. Таңертеңнен бастап күніне 4–5 рет 100 мл-ден тамақтан бұрын ішу ұсынылады. Бұл қоспа өттегі де, бүйректегі де тастарға пайдалы.
Әсерін күшейтудің құпиясы:
Моншаға жүйелі түрде түсу – өттің ағуын жақсартады.
Ескеретін жәйт:
Бұл ем түрлерін өте тасы 0,1–0,8 мм аралығында болса қолдануға болады. Өттегі тас одан үлкен болған жағдайда тәуекел етпеген дұрыс.
* * *
ЛАВР ЖАПЫРАҒЫНЫҢ ҚАЙНАТПАСЫ
буындарға ем
Уақыт өте келе буындарда тұз бен зиянды қалдықтар жиналып, қозғалысты ауырлатады. Табиғи құралдардың бірі – лавр жапырағының қайнатпасы, ол буындарды жұмсақ тазартып, жеңілдік пен сергектік сыйлайды.
Дайындалу тәсілі:
5 г лавр жапырағын 300 мл суға салыңыз.
Баяу отта 5 минут қайнатыңыз.
Сосын термосқа құйып, 3–4 сағат тұндырыңыз.
Сүзгіден өткізіп, ішуге дайын болсын.
Қолдану жолы:
Қайнатпаны 12 сағат ішінде аз-аздан бөліп ішеді.
Курс – 3 күн, содан кейін 1 апта үзіліс жасап, қажет болса қайталайды.
Бұл қарапайым табиғи әдіс буындарды тұздан тазартып, олардың икемділігін мен жеңілдігін қалпына келтіруге көмектеседі.
* * *
Ішекті тазартатын детокс-коктейль
Достар, ағзаны жеңіл әрі табиғи жолмен тазартудың тамаша тәсілімен бөлісеміз! Бұл әдіс денені сергітіп, жеңілдік сыйлайды.
Рецепт:
Кастор майы мен апельсин шырынынан жасалған бұл қарапайым коктейль ішектегі жиналған қалдықтар мен токсиндерді нәзік түрде шығарып, ағзаны жеңілдетеді.
Дайындау тәсілі:
Кастор майын – дене салмағына қарай есептеу керек (1 кг салмаққа – 1 г май)
Табиғи апельсин шырынымен араластырылады (шырыны майдан екі есе көп болуы керек)
Коктейльді кешкі 19:00–20:00 аралығында, аш қарынға, кешкі ас орнына ішкен дұрыс.
Маңызды:
Мұндай тазалауды әр 2 аптада бір рет қана жасау жеткілікті – ағзаны артық жүктемей, керемет нәтиже береді!
Бұл әдіс өте қарапайым әрі әсері тамаша. Байқап көріңіз – денеңіз сізге алғыс айтады!
* * *
Вирустарға қарсы табиғи тәсілдер!
Достар, «аурудың алдын алу – емделуден оңай» деген даналықпен келісесіз бе?
Денсаулықты күтуді ерте бастау – ең дұрыс шешім! Бүгін суық тиген кезде көмектесетін табиғи рецептермен бөлісеміз.
Негізгі көмекші – жылы шипалы сусын:
Куркума – 0,5 шай қасық
Зімбір – 0,5 шай қасық
Бір шымшым қара бұрыш
Қайнаған суға салып, сәл суыған соң бір шай қасық бал мен лимон тілімін қосамыз.
Бұл сусынды таңертең ішу – ағзаны жылытып, вирустарға қарсы күш береді!
Әлсіздік сезілсе:
Итмұрын тұнбасын дайындаңыз – онда С дәрумені лимоннан да көп!
Бұл табиғи антиоксидант ағзаны қуаттандырады және иммунитетті нығайтады.
Тамақ жыбырласа:
Күні бойы 2–3 дана қалампырды (гвоздика) баяу шайнап еріту жеткілікті – тамақты жұмсартып, жайсыздықты басады.
Сондай-ақ, жылы сұйықтықты көбірек ішуді ұмытпаңыз: лимон қосылған су, шөп шайлары және жидекті морс – нағыз табиғи қорғаныс!
* * *
Экземаға арналған емдік май: көне рецепт
Достар, бүгін теріні тыныштандырып, экзема кезінде көмектесетін ескі әрі тиімді табиғи майдың рецептімен бөлісеміз. Бұл майдың негізі – жылқы қымыздығының (ат қымыздық) тамыры.
Қажетті заттар:
Жаңа қазылған жылқы қымыздығының тамыры
Сары май
Дайындау тәсілі:
Тамырды дайындау: Тамырларды жақсылап жуып, тазалап, ұсақ үккіштен өткізу керек.
Араластыру: Сары майды ерітіп, оны үгілген тамырмен араластырып, қою қамыр тәрізді консистенцияға келтіру.
Баяу қайнату: Қоспаны баяу отта 10–15 минуттай қайнатып, үнемі араластырып тұру.
Сақтау: Дайын майды таза әйнек құтыға құйып, салқын жерде сақтау керек. Ол 2 жылға дейін бұзылмайды!
Қолдану жолы:
Маймен қабынған жерді күнара майлап, келесі күні прополис тұнбасын жағу ұсынылады.
Тері біртіндеп тынышталып, тітіркену басылады.
баспаға әзірлеп, жиған-терген
Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>
Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
|