Табиғи «энергетиктер»
Көк шай + лимон тілімі + 1 шай қасық бал
Керемет сергітеді — әсері шамамен 2 сағатқа жетеді. Сонымен қатар жүйкені тыныштандырады. Емтихан, сұхбат немесе маңызды кездесу алдында ішуге өте пайдалы.
Элеутерокок тұнбасы
Бағасы қолжетімді, кез келген дәріханада сатылады. Күш пен сергектік береді. Қаптамада көрсетілген нұсқаулыққа сай қабылдаңыз.
Женьшень түйіршіктері
Бағасы да, әсері де жақсы.
— 5 түйір — 3 сағатқа дейін сергектік береді
— 10 түйір — 5 сағатқа дейін
— 15–20 түйір — «кешегі күннен кейін» миыңыздың қайта іске қосылуына көмектеседі
* * *
Омега-3 май қышқылдарының пайдасы
Жүрек пен тамырлар.
— «Жаман» холестеринді азайтып, тамыр қабырғаларын тазартады.
— «Жақсы» холестерин деңгейін жоғарылатады.
Сүйек жүйесі.
— Остеопороздың дамуына жол бермейді.
— Сүйек массасының азаюына себеп болатын жасушалық процестерді тежеп, қабынуды басады.
Иммунитет.
— Т-жасушалар мен макрофагтардың белсенділігін арттырады, сондай-ақ простагландиндердің түзілуін күшейтеді.
Онкология.
— Тоқ және тік ішек, қуық асты безі, сүт безі және аналық без қатерлі ісігінің алдын алуға көмектеседі.
Миға әсері.
— Нейрондар арасындағы сигнал алмасуды жеделдетіп, ақпаратты қабылдау мен есте сақтау қабілетін бірнеше есе арттырады.
* * *
Күніне екі жұмыртқа жеңіз — ол мықты денсаулық кепілі
Жадты жақсартады.
Жұмыртқаның сарыуызында холин бар — бұл ұсақ жүйке импульстарын жеткізетін маңызды аминқышқыл. Ол есте сақтау қабілетін күшейтеді және ұсақ детальдарды оңай есте сақтауға көмектеседі.
Көру қабілетін жақсартады.
Ғалымдар жұмыртқаның құрамында лютеин бар екенін дәлелдеген — ол көздің тор қабығын қорғап, көруді айқын әрі анық сақтайды.
Сүйек пен тіс мықтылығын арттырады.
Жұмыртқа құрамындағы D дәрумені қандағы кальций мен фосфор деңгейін реттейді. Сонымен қатар, кальцийдің жақсы сіңуіне көмектесіп, остеопороздың алдын алады.
* * *
Қан қысымын және «жаман» холестеринді төмендететін сусын
Аптасына екі стақан анар шырынын ішу – холестерин деңгейін айтарлықтай төмендетуге жеткілікті.
Анар шырынында антиоксиданттық қасиеті бар катехиндер бар. Олар ішек арқылы холестериннің сіңуін азайтады.
Бұл сусын қан тамырларын зақымданудан қорғайды және артерияларда түйіндердің (бляшек) пайда болуына жол бермейді.
* * *
Микротолқынды пештің зияны
Микротолқынды тағамды жиі тұтыну есте сақтау мен назарды төмендетеді, эмоциялық тұрақсыздық пен ақыл-ой белсенділігінің әлсіреуіне әкеледі
Әйел және ер гормондарының түзілуі бұзылады
Шикі көкөністерге, әсіресе тамырлы дақылдарға микротолқын әсер еткенде, онкологиялық ауру туғызатын еркін радикалдар түзіледі
Микротолқын сәулесі тағам молекулаларының бұзылуы мен деформациясын тудырады
Сүт өнімдері мен дәнді дақылдардағы кейбір аминқышқылдар канцерогенге айналуы мүмкін
Микротолқынды пеште дайындалған тағамда минералдар, дәрумендер мен қоректік заттар азаяды
* * *
Аяқ массажының пайдасы
Аяқтың үлкен башпайын уқалау арқылы гипоталамусқа әсер етесіз. Бұл артық салмақпен күресіп жүрген адамдарға пайдалы — осы нүктеге басу тәбетті бақылауға көмектесіп, табиғи түрде арықтауға ықпал етеді.
Үлкен башпайдың ортасында гипофиздің — негізгі гормон безінің жұмысына жауап беретін нүкте орналасқан. Егер осы жерді жиі уқаласаңыз, гормондық тепе-теңдік бұзылмайды.
Үлкен башпайдың түбіндегі аймақ қалқанша безге сәйкес келеді. Үнемі күйзелісте жүретін адамдарда қалқанша без жиі әлсірейді, сондықтан бұл нүктені уқалау баршаға пайдалы.
Аяқ табанының ортасын уқалау ерекше жағымды әсер береді — бұл аймақ диафрагмамен жүйке арқылы байланысқан. Нағыз тынығу мен босаңсу осыдан басталады!
Табанның дәл ортасына әсер ету күйзелісті басып, денедегі кернеуді жояды.
* * *
Витамин жетіспеушілігінің бірнеше белгісі
Қолыңыз не аяғыңыз жиі ұйып, аяқта әлсіздік, жүрек соғысының жиілеуі, есте сақтау қабілетінің нашарлауы байқалса — бұл тиамин (В1 дәрумені) жетіспеушілігінің белгісі
Көру қабілетіңіз төмендеп, көз тез шаршайтын болса, тіс эмалінде сызаттар пайда болса — сізге D дәрумені қажет
Жиі суық тиіп, әлсіздік, жүйке ауырулары мен көңіл күйдің түсуі байқалса — бұл пантотен қышқылы немесе В3 дәруменінің аздығын көрсетеді
Шаш көп түсе бастаса, тері құрғап, бас айналу, ұйқышылдық пен баяулық пайда болса — ағзаңызға В6 дәрумені жетіспейді деген сөз
* * *
Малинаның пайдасы!
Аптасына бар болғаны 6 шай қасық таңқурай тосабын қанттың орнына (бірақ онымен бірге емес!) тұтынсаңыз, жарты жыл ішінде жүректің тәждік (коронарлық) тамырлары 2,5 есе күшейеді.
Таңқурай – малинаның құрамында С және Р дәрумендері көп — олар қан тамырларының қабырғасын бекітеді. Ал салицил қышқылы қанның ұюын қалыпқа келтіреді.
Сондықтан таңқурай – тромбтың алдын алу, инфаркт пен инсульт қаупін азайту үшін тағайындалатын синтетикалық аспиринге тамаша әрі қауіпсіз балама.
Сонымен қатар малинаның құрамында жүрекке пайдалы калий мен оны күйзелістен қорғайтын мыс элементі бар. Дәл осындай әсерді таңқурайдың туысы — қарақат та береді.
* * *
Буын аурулары – судың жетіспеушілігі
Әр буында сүйек құрылымдарын бөле әрі жауып тұратын шеміршек қабаты бар. Бұл мықты қабаттың құрамында жеткілікті мөлшерде су болады. Ол шеміршекке еркін қозғалып, буын қозғалысына қажетті «майлау» қызметін атқаруға мүмкіндік береді.
Ұзақ уақыт бойы ағзаның сусыздануы шеміршектегі судың азаюына әкеліп, сүйек арасындағы үйкеліс күшейеді. Нәтижесінде буын аймағындағы ортаның сілтілі теңгерімі бұзылып, қышқылдық артады. Бұл қышқылдықты жүйке ұштары сезіп, миға ауырсыну белгісін жібереді.
Мұндай ауырсынудан құтылу үшін ағзаға жеткілікті мөлшерде таза су ішу қажет. Су шеміршекті ылғалдандырып, қышқылдар мен токсиндерді шығарып тастайды.
* * *
Күзде иммунитетті нығайтатын — тұшытылған сары май
Өңдеу барысында майдан барлық зиянды заттар жойылып, тек пайдалы элементтер қалады. Тұшытылған сары майда В тобының дәрумендері, сондай-ақ А, Е, D және РР дәрумендері бар.
Ең маңызды компоненті — конъюгацияланған линоль қышқылы. Ол иммунитетті күшейтіп, түрлі вирустық инфекцияларға шалдығу ықтималдығын азайтады.
Егер қарсы көрсетілімдер болмаса, суық тиген кезде жылы сүтке тұшытылған сары май қосып ішу пайдалы. Бұл тәсіл тыныс жолдарын жұмсартып, қақырықты шығуға көмектеседі.
баспаға әзірлеп, жиған-терген
Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>
Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
|