Буындардың қызметін жақсартып, ауырсынуды басатын халықтық рецепт
300–400 грамм сарымсақты аршып, еттартқыштан өткізіңіз. Оны бір литрлік банкаға салып, үстіне сапалы тазартылмаған өсімдік майын құйыңыз.
Банкадағы қоспаны қараңғы
жерде 2 апта тұндырыңыз, күн сайын араластырып тұрыңыз. Осылайша сарымсақ майы дайын болады. Дайын болған соң оны 3–4 қабат марлядан сүзіп алыңыз.
Қолдану тәсілі:
Майды ауырған жерге (мысалы, белге — остеохондроз кезінде немесе буындарға — артроз кезінде) жағып, жақсылап ысқылаңыз. Үстінен полиэтиленмен және жылы шарфпен немесе орамалмен жауып, түні бойы ұстаңыз.
* * *
Қалқанша безге арналған бал мен жаңғақ қоспасы
Ағзадағы кез келген мүше сияқты, қалқанша безі де өте маңызды рөл атқарады. Кейде оның қызметі баяулап кетеді. Мұндайда мен әрдайым қолымда ұстайтын бір қарапайым табиғи қоспа бар — ол қалқанша бездің жұмысын «оятуға» көмектеседі.
3–4 дана грек жаңғағын алып, келіде жақсылап езіңіз. Оған 1 ас қасық бал қосып, араластырыңыз. Дайын қоспаны таңертең ашқарынға жеңіз.
Бұл қоспаны бірнеше апта бойы күн сайын қабылдаңыз. Біраз уақыттан кейін жалпы жағдайыңыздың және қалқанша безіңіздің жұмысының жақсарғанын байқайсыз.
* * *
Мына нүктені басып, жүрегіңізді сауықтырыңыз
Аяқ табанындағы әр нүкте белгілі бір ағза үшін жауап береді.
Айтпақшы, тибет монахтарының жалаңаяқ жүруінің себебі де осында – жүйке ұштары табиғи уқалау алады, ал бұл ішкі ағзалардың жұмысын белсендіреді.
Жүрек пен тамырларыңыздың саулығын сақтағыңыз келе ме? Онда мына нүктені басыңыз
Бас бармақтың дәл астындағы дөңес жерді уқалаңыз.
Бұл қарапайым әдіс жүрек пен қан тамырлары жүйесінің жұмысын жақсартып, жүрекке күш береді. Ал мықты жүрек – ұзақ ғұмырдың кепілі!
* * *
Қанды сұйылтып, тромбоздан қорғайтын тағамдар
Теңіз орамжапырағы (балдыр) — құрамындағы табиғи антикоагулянттар қанды сұйылтып, оның тұтқырлығын азайтады.
Сарымсақ — фитонцидтерге бай. Ол қанды қоюланудан арылтып қана қоймай, ағзадағы түрлі токсиндерді залалсыздандырады және жүрек-қан тамыр жүйесін нығайтады.
Куркума — қанды сұйылтып, тазартады.
Түймедақ (ромашка) — тромбоциттердің белсенділігін төмендетіп, қанның ұюын тежейді.
Қыша — құрамындағы Омега-3 және В6 дәрумені қанды сұйылтады, тамырларды тазартып, қан айналым жүйесін нығайтады.
Майлы балық — Омега-3 май қышқылдарының арқасында жасушалар арасындағы алмасу процесін жақсартып, тромбоздың алдын алады.
Зімбір — қан айналымын қалыпқа келтіреді, қысымды төмендетеді және қан ағымын реттейді. Құрамында аспириннің табиғи баламасы — салицилат бар.
Қара қарақат — жемісі мен жапырағында С дәрумені мол. Ондағы микроэлементтер тамырлардың тонусын арттырып, жүректі нығайтады.
* * *
Көптеген ауруларға қарсы сарымсақ ликері
Шыны бөтелкеге 12 тіс сарымсақ салып, әр тісті 4 бөлікке бөліңіз. Үстіне 3 стақан қызыл шарап құйыңыз. Бөтелкені жауып, күн түсетін терезе алдына 2 апта қойыңыз.
Күніне 2–3 рет шайқап тұрыңыз. Екі апта өткен соң сүзгіден өткізіп, дайын ликерді қара түсті бөтелкеге құйыңыз.
Қолдану тәсілі:
Күніне 3 рет, 1 шай қасықтан, бір ай бойы ішіңіз.
Бұл керемет құрал ағзадан тұзды шығарады, жұмыс қабілетін арттырады, қанды тазартады, иммунитетті күшейтеді, тамырларды нығайтады. Жүрек жұмысын жақсартып, ағзаны сергітеді, артық майды кетіріп, зат алмасуды қалыпқа келтіреді.
Әйелдер ауруларына және қабыну жағдайларына да таптырмас табиғи көмекші. Ағзаны зиянды қалдықтардан жұмсақ тазартады.
* * *
Магний не үшін қажет?
Бұл минерал ағзадағы ең маңызды қызметтердің бірқатарын атқарады:
— жүрек соғысын қалыпқа келтіреді, тамырларды кеңейтеді, қан қысымын төмендетеді, қандағы оттегі мен қант деңгейін реттейді
— тромб түзілу қаупін азайтады
— күйзелісті басады, ұйқыны реттейді, шаршау мен ашушаңдықты төмендетеді
— бұлшықет түйілуін басып, оларды босаңсытады, әсіресе күйзелістен кейін
— ас қорыту және несеп-жыныс жүйелерінің жұмысын жақсартады
— тыныс алу процесіне қатысады
— сүйек пен тістің дұрыс қалыптасуы магнийсіз мүмкін емес
Сонымен қатар, магний болмаса ағзада В дәрумендері, кальций, С дәрумені, фосфор, калий және натрий толыққанды сіңбейді.
* * *
АҒЗАНЫ ТАЗАРТАЙЫҚ!
Алма мен даршын
Бір алманы жұқалап турап, үстіне 500 мл таза су құйыңыз. 1 шай қасық ұнтақ даршын қосып, сәл суытыңыз. Күні бойы осы сусынды ішіңіз.
Алма мен даршынның үйлесімі зат алмасуды қалыпқа келтіреді және ас қорыту жолдарын тазартады.
Лимон шырыны мен бал
2 ас қасық жаңа сығылған лимон шырынын 200 мл жылы сумен араластырыңыз. 1 шай қасық табиғи бал және бір шымшым ұнтақ зімбір қосыңыз.
Таңертең ашқарынға, таңғы асқа дейін жарты сағат бұрын ішіңіз.
Бұл сусын ас қорыту жүйесін тазартып, тамырларды нығайтады және энергия береді!
🫖 Зімбір сусыны
Жаңа зімбір тамырының 3–4 см бөлігін аршып, ұсақтап тураңыз. Оған 1 литр ыстық су құйып, баяу отта 10 минут қайнатыңыз. Сүзген соң, салқындаған кезде бір шымшым даршын және бірнеше ас қасық итмұрын шәрбатын қосыңыз.
Күні бойы, тамақтан жарты сағат бұрын, 100–150 мл ішіңіз.
* * *
4 ең пайдалы жарма түрі
Қарақұмық
Жармалардың ханшайымы деп аталады. 100 грамында бар болғаны шамамен 100 ккал бар. Аз ғана қарақұмық ботқасы ұзақ уақытқа тоқтық сезімін береді.
Сұлы жармасы
Пайдалылығы бойынша екінші орында. Оның құрамындағы Н дәрумені терінің күйін жақсартып, жалпы сергектік береді. Сондай-ақ, сұлыда ішек жұмысына қажет талшық көп. Бірақ оны шамадан тыс жеуге болмайды — ол ағзадан кальций мен D дәруменін шығарып жібереді, бұл сүйек ауруларына әкелуі мүмкін.
Күріш
Күріштің ең басты қасиеті – жоғары қоректілігі. Ол тез тоқтырып, энергия береді. Күріш ботқасын кейде «интеллектке арналған ботқа» деп те атайды, себебі құрамында көмірсулар мол.
Арпа (перловка)
Спортшылардың сүйікті асы. Бұл ботқа бұлшықет жұмысын күшейтіп, олардың жиырылу жылдамдығын арттырады. Арпа жармасын жиі елемей жатады, бірақ бекер: онда күрішке қарағанда үш есе көп селен бар.
* * *
Жылдам дайындалатын кеспенің зияндары
Қолайлылығы мен танымалдығына қарамастан, мұндай кеспенің денсаулыққа теріс әсері бар:
Натрийдің артық мөлшері
Жылдам кеспеде натрий өте көп. Ол асқазан обырына, жүрек ауруларына және инсультке әкелуі мүмкін.
Қоспалар мен консерванттар
Құрамында дәм күшейткіштер мен түрлі консерванттар болады. Мысалы, трет-бутилгидрохинон (TBHQ) деп аталатын зат ағзаға зиян келтіріп, жанама әсерлер тудыруы мүмкін.
Натрий глутаматы
Бұл дәм күшейткіш бас ауруын және басқа жағымсыз әсерлерді туындатуы ықтимал.
Сондықтан жылдам кеспені тым жиі тұтынбаған жөн. Денеңізге пайдалы, теңгерімді тамақтануды ұстаныңыз.
* * *
Левомеколь – күшті дәрі, мың бір дауа!
Күйіктерге арналған
Левомеколь әртүрлі дәрежедегі күйіктер кезінде жараны өлі тіндерден жақсы тазартады.
Іріңді жаралар мен терідегі ойықтарда
Оны жәндік шаққан жерге, кесілген, тіліктерге, сызаттар мен жараларға жағуға болады – бәріне бірдей тиімді.
Левомеколь гайморит пен құлақ ауруларында
Егер созылмалы тұмау мазаласа, күніне 1–2 рет Левомеколь жағылған мақта таяқшасымен мұрын қуыстарын майлап отыруға болады.
Безеулерге қарсы
Левомеколь – безеумен күрестегі өте әсерлі құрал. Ол қабынуды басып, бактерияларды жояды және теріні тез қалпына келтіреді.
Тіс етіне арналған
Левомеколь тіс етін өңдеуге де жарайды. Пародонтоз кезінде тіс еті босаңсып, қабынады. Бұл кезде жақпа бактериялармен күресіп, қабынуды азайтады.
баспаға әзірлеп, жиған-терген
Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>
Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
|