Халық емі
12/05/2026, 09:11

Жүрек пен қан тамырларының саулығын айтарлықтай жақсартуға көмектесетін күнделікті ішетін таныс сусындар

Су

Ағзада су жеткіліксіз болса, қан қоюланып, жүрек күштірек жұмыс істеуге мәжбүр болады. Бұл оның тез тозуына әкеледі.

Жасыл шай

Құрамындағы антиоксиданттар жүрекке пайдалы, ишемиялық аурудың алдын алады. Сондай-ақ холестеринді төмендетіп, тромб пен инсульттің пайда болу қаупін азайтады. Күніне 3 кесеге дейін ішу ұсынылады.

Қызыл шарап

Құрамындағы заттар қандағы жаман холестеринді азайтып, тромб түзілуінің алдын алады және жақсы холестерин деңгейін арттырады.

Анар шырыны

Табиғи антиоксиданттарға бай полифенолдар бар. Оны тұрақты түрде, бірақ ара-тұра үзіліс жасап ішу пайдалы.

Кофе

Зерттеулерге сәйкес, табиғи кофені қалыпты мөлшерде (күніне 4 кеседен артық емес) ішу инфаркт пен инсульт қаупін 20–40%-ға дейін төмендетеді.

* * *

Жад пен ойлау қабілетін жақсартатын асқабақ дәндері!

Асқабақ дәндері құрамында мырыш мол, сондықтан олар ми қызметін жақсартып, ақпаратты тез қабылдауға және жақсы есте сақтауға көмектеседі.

Бұл өнім ағзаны магниймен, триптофанмен, селенмен, сондай-ақ В1 және К дәрумендерімен қамтамасыз етеді.

Олар зейінді арттырып, есте сақтау қабілетін ұзартады және күйзеліс деңгейін төмендетеді.

Дәндердегі магний жүйке жүйесіне оң әсер етіп, тыныштандырады.

Барлық пайдалы заттарды алу үшін күніне 50–100 грамм асқабақ дәнін жеу жеткілікті.

* * *

Тіземен жүрудің пайдасы

Тізе тұсында ішкі ағзаларға әсер ететін маңызды нүктелер бар. Оларды белсендіру ағзаның жалпы жағдайын жақсартады.

— Даос тәсілімен жүру бүйрек пен бауыр ауруларына оң әсер етеді.

— Қарапайым әрі қарсы көрсетілімі жоқ.

— Күніне небәрі 15 минут уақытыңызды бөлсеңіз де, нәтижесін сезесіз.

Арнайы құрал қажет емес — тек еденге төселген жұмсақ көрпе жеткілікті.

— Тіземен жайлап, бірақ қолды тіремей қозғалыңыз.

— Егер алғашында тізеңіз ауырса, қосымша көрпе қойыңыз немесе төсек үстінде жаттығыңыз.

Даостық жаттығу көру қабілетін жақсартуға да көмектеседі.

Тізе аймағындағы белсенді нүктелер көру мүшелерінің, бауыр мен бүйректің жұмысын реттейді.

Бұлшықеттер шынығып, ауырсыну басылады, ал тіземен жүру жеңілдей түседі.

Бонус ретінде — аяқтарыңыз сымбатты әрі жинақы болады!

* * *

Қара өріктің (чернослив) пайдасы

Іш қатудың алдын алады — құрамындағы талшықтар асқорыту жүйесін жақсартып, ішек жұмысын жеңілдетеді.

Антисептикалық қасиетке ие — ішек инфекцияларына қарсы әсер етеді, сальмонелла мен ішек таяқшасының өсуін тежейді, ауыз қуысын тазартып, кариестің алдын алады.

Қан қысымын реттейді, гипертония кезінде пайдалы.

Авитаминоз бен темір тапшылығы анемиясының алдын алады.

В дәрумендері мен глюкоза есте сақтау қабілетін жақсартып, мидың жұмысын белсендіреді.

A, C, E дәрумендері көру қабілетін нығайтады және көз ауруларының алдын алады.

B тобының дәрумендері жүйке жүйесін күшейтіп, күйзеліс пен депрессиямен күресуге көмектеседі.

Асқазан сөлін арттырып, тәбетті ашады — салмақ қосуды қажет ететіндерге пайдалы.

Құрамындағы антиоксиданттар ағза жасушаларының қатерлі өзгеруінен қорғайды.

* * *

Буын ауруларына арналған керемет қоспа: мүкжидек, бал және сарымсақ

Қажетті заттар:

мүкжидек – 1 кг

сарымсақ – 200 г

бал – 500 г

Дайындалу жолы:

1️ Піскен мүкжидекті жуып, електен өткізіп, суын сорғытыңыз.

2️ Кепкен соң, мүкжидекті еттартқыштан өткізіңіз немесе блендермен ұсақтаңыз.

3️ Аршылған сарымсақты ұсақтап тураңыз.

4️ Мүкжидек пен сарымсақты араластырып, ыдысты тоңазытқышқа немесе қараңғы жерге 12 сағатқа қойыңыз.

5️ Кейін бал қосып, жақсылап араластырыңыз. Қоспа дайын!

Қолдану тәсілі:

Таңертең және ұйықтар алдында күніне 2 рет 30 грамнан қабылдаңыз.

Көп мөлшерде қабылдау ұсынылмайды. Емдік курсты күз және көктем мезгілдерінде жүргізген дұрыс.

Бұл табиғи қоспа буындарды тазалап, нығайтады, сонымен қатар иммунитетті көтеріп, жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілетін арттырады.

* * *

Кейбір тағамдардың жетіспеушілігі бас ауруын тудырады

Білу маңызды: тамақтану – мигрень ұстамаларының басты себептерінің бірі. Белгілі бір дәрумендердің жетіспеушілігі бас ауруын 4 есе жиі туғызады.

1️ Мыс пен темір

Темірдің жетіспеушілігін толықтыру үшін теңіз орамжабайын, күнжітті, дәндерді, көкөніс пен салат жапырақтарын, бауырды жиі тұтыныңыз.

2️ В6 дәрумені

Бұл дәрумен жүрек, қан тамырлары, жүйке және ми саулығын сақтауға көмектеседі. Оны толықтыру үшін ас мәзіріңізге жармалар, жаңа көкөністер, бауыр және бұршақ қосыңыз.

3️ D дәрумені

D дәрумені табиғи түрде күн сәулесінің әсерінен ағзада түзіледі.

Қыс мезгілінде оны тағамнан алуға болады — мысалы, бұршақ, теңіз өнімдері, жұмыртқа және сүт өнімдері D дәруменіне бай.

Денсаулығыңыз өз қолыңызда!

* * *

Йод торының пайдасы неде?

Йод ерітіндісімен денеге салынған қарапайым сызықтар ағзаға екі жақты әсер етіп, көптеген жайсыздықтарды жеңілдетуге көмектеседі.

Тұмау және суық тию кезінде

Йод ерітіндісі тұмау белгілерін азайтып, сауығу процесін жылдамдатады.

Мұрын бітелгенде — мұрын қанаттарына және мұрын үстіне тор салып жағыңыз.

Құрғақ жөтел кезінде — тамақ пен кеуденің жоғарғы бөлігіне жеңіл ғана тигізіп жағыңыз.

Сондай-ақ суық тиген кезде күн сайын балтыр мен табанға йод торын салу ағзаның тез сауығуына көмектеседі.

Варикоз кезінде

Тамыр кеңейгенде, йод торын аяғыңыздың проблемалы тұстарына түнге қарай жағыңыз.

Мұны аптасына 2 реттен артық жасамаңыз.

Емдеу курсы — 60 күн.

Арқа мен буын ауырғанда

Жасы ұлғайған сайын ұзақ жүруден немесе тік тұрып жұмыс істеуден кейін арқада ауырсыну пайда болады. Мұндайда ауырған жерге йод торын жағып, жылы ұстасаңыз, қан айналым жақсарып, ауырсыну жеңілдейді.

* * *

Бал қосылған судың пайдасы көп

Қасиеттері:

Ағза жасушалық деңгейде тазарады

Бактерияға және вирустарға қарсы әсері күшейеді

Тоқ ішектің жұмысы қалыпқа келеді

Қалай қолдану керек:

Бал қосылған суды емдік және алдын алу мақсатында таңертең ашқарынға ішу керек. Бір стақан суды бірден ішіп алу маңызды — сол кезде асқазанның сфинктері ашылып, сұйықтық ішекке өтеді де, қанға сіңеді.

Бал қосылған сумен бетіңізді сүртуге болады. Ол теріні нәрлендіріп, жұмсартады, жібектей етіп, нәзік күйге келтіреді. Бұл — табиғи косметика. Ең көне әрі ең заманауи құрал.

* * *

Жөтелді тез әрі дәмді жолмен емдеу

Пияз бен бал

500 г тазартылған пиязды ұсақтап турап, оған 400 г қант қосыңыз. 1 литр суда баяу отта 3 сағат қайнатыңыз. Салқындаған соң 50 г бал қосып, бөтелкеге құйып, қақпағын жабыңыз.

Күніне 4–6 ас қасықтан, тамақтан кейін ішу керек.

Сүт пен сұлы (немесе арпа)

Сұлы не арпаны кастрөлге 2/3 көлемде салып, үстіне сүт құйыңыз (шетінен екі саусақ төмен болсын). Қақпағын жауып, аздап қызған пешке қойыңыз. Сүт азайған сайын үстіне қайта құйып отырыңыз. Дән толық пісіп, езілгенше пісіріңіз.

Күніне 3 рет 2–3 ас қасықтан ішіңіз.

Сәбіз шырыны мен сүт

Жаңа дайындалған сәбіз шырынын жылы сүтпен тең мөлшерде араластырыңыз.

Тәулігіне 5–6 рет 50–100 мл жылы күйінде ішіңіз.

* * *

Гемоглобинді дәрісіз көтерудің  жолы

1️ Кептірілген өрік (Курага), мейіз, жаңғақ және бал қоспасы

Еттартқыштан өткізіңіз: 0,5 кг курага, 0,5 кг мейіз, 0,5 кг тазартылған грек жаңғағы және 0,5 кг лимон (қабығымен бірге).

Оған 0,5 литр бал қосып, жақсылап араластырыңыз. Тоңазытқышта сақтаңыз.

Күніне 3 рет 1 ас қасықтан ішіңіз. Қалауыңызша нанға жағып, лимон қосылған шаймен ішуге болады.

2️ Жаңғақ, мейіз және бал

0,5 кг грек жаңғағын, 0,5 кг мейізді және 0,5 стақан балды араластырыңыз.

Күн сайын таңертең ашқарынға 1 ас қасықтан жеңіз.

3️ Пияз және алоэ шырыны

1–2 пиязды үккіштен өткізіп, шырынын сығып алыңыз.

1 бөлік пияз шырынын 3 бөлік алоэ шырынымен араластырыңыз.

Тоңазытқышта сақтаңыз. Күніне 3 рет, тамақтан бұрын 1 ас қасықтан ішіңіз.

4️ Итмұрын тұнбасы

5 ас қасық кептірілген итмұрынды 1 литр қайнаған суға салып, термоста 8–10 сағат тұндырыңыз.

Күні бойы шай сияқты ішіңіз.

5️ Анар мен анар шырыны

Жиі жеңіз және табиғи анар шырынын ішіңіз — ол гемоглобинді арттырып, қан айналымын жақсартады.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 2 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: