Халық емі
05/05/2026, 09:02

Тұмауға қарсы араб емі

Араб медицинасында суық тию мен тұмауды емдеудің ерекше тәсілі бар.

Дайындау әдісі:

Кәстрөлге немесе түрік кофейнигіне (турка)

1 ас қасық қант,

2 ас қасық кофе,

және аздап ұсақталған сарымсақ жаңқасын салыңыз.

Үстіне қайнаған су құйып, бір қайнатып алыңыз.

Бұл сусынды күніне бірнеше рет ішуге болады.

Сарымсақ иісінен қорықпаңыз!

Кофемен бірге қайнағандықтан, иісі білінбейді, бірақ оның емдік қасиеттері толық сақталады.

Пайдасы:

Бұл сусын тұмау мен суық тию кезінде, әсіресе індет кезінде өте пайдалы.

Қаласаңыз, әсерін күшейту үшін зімбір мен қалампыр (немесе кардамон) қосуға болады.

* * *

5 жаңғақ же де, 4 сағат күт — ағзаңда не болатынын көр!

Грек жаңғағы — нағыз суперөнім!

Құрамында A, B1, B2, B12, B15, C, K, E, PP дәрумендері, каротин, дубильді заттар, фитонцидтер, линолен қышқылы, фосфор, калий, магний, кальций, темір, мырыш, марганец және күкірт бар.

Бұл элементтер ағзаны нығайтып, барлық жүйелердің жұмысын жақсартады.

Грек жаңғағының пайдалы қасиеттері:

Күніне 5 дана жаңғақ жеу жеткілікті:

— ми қызметін белсендіреді

— тері, шаш және тырнақ жағдайын жақсартады

— жүрек пен тамыр ауруларының, қатерлі ісік пен қант диабетінің алдын алады

Қолдану тәсілдері:

— Ағзадан зиянды токсиндерді шығару үшін жаңғақты жылы сүтпен бірге ішу пайдалы.

— Ал балмен араластырылған ұсақталған жаңғақ — өкпені тазартатын және ағзаны әлдендіретін таптырмас құрал.

Бронхит, пневмония және тіпті туберкулез кезінде көмектеседі.

* * *

Гепарин жақпасының пайдасы

Бұл құрал әр дәріханада бар және бағасы да қолжетімді. Ал пайдасы — сансыз көп!

Гепарин қабынуды азайтады, қанның ұюын тежейді, ұсақ қан тамырларындағы айналымды жақсартады. Соның нәтижесінде көгерген жердегі қан ұйындысы мен ісік тезірек тарайды.

Сондықтан гепарин жақпасы — көгерген жерді (синяк) емдеудің ең тиімді тәсілі. Оны көгерген аймаққа жағып тұрсаңыз, жара тез жазылады.

Гепарин жақпасы косметологияда да кең қолданылады:

— Көз астындағы ісіктер мен қара дақтарды азайтады. Күніне бір рет көзге тигізбей, жеңіл ұрғылау қимылдарымен жағыңыз;

— Әжімге қарсы әсері бар: жұқа қабатпен әжім пайда болған жерлерге жағып, жеңіл сипаңыз;

— Безеудің алдын алады: егер теріңізде қызарып тұрған қабыну байқалса, бірақ безеу әлі шықпаса — сол жерге гепарин жақпасын жағыңыз, қабыну басылады.

* * *

Денсаулыққа пайдалы бірнеше дәмдеуіш

Жаңғақбұршақ (мускат жаңғағы) – тағамға қоссаңыз, ағзаны сергітеді және шаршауды басады.

Қалампыр – әсіресе егде жастағы адамдарға пайдалы, атеросклерозбен күресуге және есте сақтау қабілетін жақсартуға көмектеседі.

Шафран – аз мөлшерде қабылданса, ас қорытуды жақсартады, асқазанды нығайтады.

Даршын – асқазанды нығайтады, склероз бен жүйке әлсіздігінің алдын алады.

Кардамон – мидың жұмысын белсендіреді, шаршау мен күйзелісті басады және ерлердің күшін арттырады.

* * *

Таңертең лимон қосылған су ішу не үшін керек?

1️ Қанды тазартады.

Лимон қосылған су ағзаны токсиндерден арылтып, қан айналымын жақсартады.

2️ Қан қысымын төмендетеді.

Лимон немесе лайм қосылған су гипертония кезінде пайдалы әсер береді.

3️ Ағзаны сілтілендіреді.

Бұл су ағзадағы қышқыл-сілті тепе-теңдігін қалпына келтіреді.

4️ Теріні жақсартады.

Лимондағы С дәрумені теріні сергітіп, әжімдердің азаюына ықпал етеді.

5️ Буында ауырсынуды азайтады.

Лимон суы зәр қышқылының жиналуын азайтып, подагра мен буын ауруларына қарсы көмектеседі.

6️ Шырыштың жиналуын азайтады.

Лимон ағзадағы артық сөл мен шырышты шығарады.

7️ Артық майды ерітеді.

Лимон суы зат алмасуды жақсартып, салмақты азайтуға көмектеседі.

8️ Жүктілік кезінде пайдалы.

Лимон қосылған су иммунитетті көтеріп, ағзаны дәруменмен қамтамасыз етеді.

* * *

Ұйқысыздық пен ішектің жұмысын жақсартуға арналған алма қабығының пайдасы

Ұйқысыздық кезінде

Кешке 1 немесе одан да көп шыныаяқ жылы не салқын алма қабығының тұнбасын ішкен пайдалы. Бұл жүйкені тыныштандырып, ұйқыны қалыпқа келтіреді.

Дайындау тәсілі:

2–3 алманың қабығын 3–6 минут қайнатыңыз.

Тәтті дәм ұнататындар ірі қант қосып немесе балмен бірге қайнатуға болады.

Ішектің жұмысын жақсартуға арналған алма талшығы (клетчаткасы)

1️ Алмаларды (импорттық емес, жергілікті болғаны дұрыс) аршып, қабығын 40–50°C температурада жақсылап кептіріңіз.

2️ Қабығы толық кепкен соң, оны кофе тартқышта ұнтақтап, бидай кебегімен немесе одан да пайдалысы — солодпен тең мөлшерде араластырыңыз.

3️ Таңертең, таңғы асқа дейін 30 минут бұрын ішіңіз:

1 ас қасық қоспаны 150 мл ыстық суға салып, жақсылап араластырыңыз.

15 минут тұндырып, қайта араластырып ішіңіз.

Бұл табиғи қоспа ағзаны тазартады, ішектің жұмысын қалыпқа келтіреді, әрі салмақ тастағысы келетіндерге таптырмас көмек.

* * *

Кешкі аштықты қалай жеңуге болады?

Бір шай қасық балды жылы сумен ішіңіз.

Бұл тәттіге деген құмарлықты азайтады және ұйқыны жақсартады.

Бір стақан айран ішіңіз.

Айран аштықты басып қана қоймай, әйел ағзасына пайдалы және дене пішінін сақтауға көмектеседі.

Бір стақан сүт ішіңіз.

Оны жылы немесе салқын күйінде ішуге болады — екеуі де пайдалы.

Бір кесе қою қара шай ішіңіз.

Бұл аштық сезімін уақытша басып, көңіл-күйді жақсартады.

Тісіңізді жуыңыз.

Тіс пастасы тәбетті басады — қосарлы пайда!

Екі стақан таза су ішіңіз.

Кейде аштық емес, шөлдеу сезімі шатастырады.

* * *

Тұздалған (ашытылған, квашеная) қырыққабаттың пайдасы

Ас қорытуға пайдалы

Ашытылған қырыққабат ішектің жұмысын жақсартып, пайдалы микрофлораны қалыпқа келтіреді.

Темірдің жақсы көзі

Бұл элемент қан түзілу мен зат алмасу процесі үшін өте маңызды.

Жүйке жүйесін қорғайды және көңіл күйді жақсартады

Ми мен жүйке жүйесінің жұмысын қолдап, күйзеліс белгілерін азайтады.

Сүйекті берік сақтауға көмектеседі

Құрамындағы дәрумендер мен минералдардың үйлесімі сүйек саулығын сақтауға ықпал етеді.

* * *

Шаршау мен күйзелістен арылуға көмектесетін дәмдеуіштер

Дәмдеуіштер тек асқа ғана емес, көңіл күй мен денсаулыққа да керемет әсер етеді. Әсіресе оларды жылы сүтке қоссаңыз — табиғи сергіткіш әрі тыныштандырғыш сусын пайда болады.

Сүт пен даршын

Сүтке аздап даршын қоссаңыз, жеңіл сергітетін әрі көңіл күйді жақсартатын сусын аласыз. Ол шаршауды басып, жалпы хал-жағдайды жақсартады.

Сүт пен кардамон

Ми қызметін белсендіреді, күйзеліс пен шаршаудан арылтады. Ақыл-ойды сергітіп, көңілді көтереді.

Сүт пен шафран

Жүйке жүйесінің, тыныс алу жолдарының және қан тамырларының жұмысын тұрақтандырады. Көздің астындағы ісікті кетіріп, жасартады.

Сүт пен мускат жаңғағы

Бас ауруын басады, ағзаны сергітеді және есте сақтау қабілетін жақсартады.

Осындай табиғи сусындар — күйзелістен құтқарып, бойға күш беретін ең нәзік ем!

* * *

Бас ауруының кең таралған себептері

Біздің тамақтануымыз бас ауруының пайда болуына тікелей әсер етеді. Кейбір тағамдарда болатын дәрумендер мен минералдардың жетіспеушілігі – мигреннің басты себептерінің бірі.

1️ Мыс пен темір

Темір қорын толықтыру үшін теңіз қырыққабын, күнжітті, дәндерді, көк шөптерді, салат жапырақтарын және бауырды тұтыну керек.

2️ В6 дәрумені

Бұл дәруменнің жетіспеушілігін толықтыру және жүрек, қан тамырлары, жүйке мен мидың саулығын сақтау үшін ас мәзіріңізге дәнді дақылдар, жаңа піскен көкөністер, бауыр және бұршақ қосыңыз.

3️ D дәрумені

D дәрумені табиғи түрде күн сәулесінің әсерінен ағзада түзіледі.

Ал қыс мезгілінде оны тағам арқылы — бұршақ, теңіз өнімдері, жұмыртқа және сүт өнімдерінен алуға болады.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 8 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: