| 28/04/2026, 08:55 | |
Кілегей (ряженка) ішудің 4 себебі Ас қорытуды қалыпқа келтіреді «Ряженка» ауырлық сезімін басуға көмектеседі, сондай-ақ тәбеті төмен адамдарға да пайдалы. Мидың жұмысын жақсартады Құрамындағы ақуыздар мен протеиндер ми қызметін белсендіреді. Ал мелатонин гормоны ұйқыны реттеп, миға тынығуға мүмкіндік береді. Сүйекті қатайтады Мұнда кальций мен фосфор маңызды рөл атқарады. Сондықтан мамандар бұл сусынды қарт адамдарға (сүйек беріктігі төмендейтін кезеңде) және балаларға (сүйек тінінің дұрыс қалыптасуы үшін) ішуге кеңес береді. Жүрек пен тамырдың жұмысын жақсартады Калий, С дәрумені және ақуыз қан тамырларының қабырғасын нығайтып, аритмия мен жүректің ишемиялық ауруының алдын алады. * * * Көзге пайдалы дәрумендер А дәрумені – Сәбіз, қызанақ, картоп, ақжелкен, жапырақты көкөністер, балық өнімдері, күнбағыс дәні, сыра ашытқылары. С дәрумені – Итмұрын, теңіз шырғанақ, қарақат, қарлыған, лимон, жапырақты көкөністер, алма, ананас, шпинат. В1 дәрумені (тиамин) – Жүгері, жаңғақ, сыра ашытқылары, күріш және бал. В2 дәрумені (рибофлавин) – Жапырақты көкөністер, алма, сыра ашытқылары, күріш. В6 дәрумені – Қырыққабат, бидай дәндері, тұтас қара бидай мен жүгері, жұмыртқаның сарысы және барлық түрдегі балық. * * * Магнийді табиғи жолмен қалай көбейтуге болады? Магнийге бай тағамдар: құрма, мейіз, өрік, қара өрік сияқты кептірілген жемістер. Сонымен қатар бұл микроэлемент спаржа, шпинат, кешью, грек жаңғағы, күнбағыс дәні, бидай кебегі, бұршақ, жасыл алма, салат жапырағы және тәтті бұрышта көп кездеседі. Сондай-ақ сүт өнімдерінде, какао ұнтағында, бананда, авокадода және түрлі дәнді дақылдарда бар. Магнийдің сіңуін жақсарту үшін оны В1 және В6 дәрумендерімен бірге қабылдау керек. Ал D3 дәрумені магнийдің белсенді жұмыс істеуіне көмектеседі. Калий мен магнийді де бірге тұтынған дұрыс — олар ағзада өзара байланысты әрекет етеді. Есте сақтаңыз: ағзаға жеткілікті мөлшерде ақуыз қажет, өйткені ол магнийдің дұрыс тасымалдануына ықпал етеді. * * * Буындарыңыз сықырлай ма? Не жеу керек? ✔️ Балық жеп тұрыңыз. Аптасына кемінде екі рет (шамамен 200 г) теңіз балығын тұтыну керек. Өйткені дәл осы тағам — D дәруменінің көзі. Ал оның жетіспеушілігі артриттің дамуына себеп болуы мүмкін. ✔️ Күн сайын 2–3 түйір сарымсақ жеңіз. Ондағы табиғи заттар қабынуға қарсы және антиоксиданттық қасиетке ие. ✔️ Жиі жаңғақ тұтыныңыз. Әсіресе, грек жаңғағы буын қабынуын азайтады. Сондай-ақ фисташка, жер жаңғағы, фундук және бадам да ревматизм кезінде пайдалы және дәруменге бай. * * * Біздің ағзамызға пайдалы сусындар 1️⃣ Су Токсиндерді шығарып, асқазанның жұмысын жақсартады. Қан тамырлары мен буындардың жағдайына оң әсер етеді. 2️⃣ Анар шырыны Жүрек пен қан тамырларының жұмысын қалыпқа келтіреді. Қан қысымы жоғары және қан аздық кезінде пайдалы. 3️⃣ Жалбыз шайы Ас қорыту сөлінің бөлінуін арттырады, тыныштандырады, қысымды төмендетеді, ұйқысыздықпен күресуге көмектеседі. 4️⃣ Мүкжидек морсы С дәруменіне бай, иммунитетті күшейтеді және дене қызуын түсіруге көмектеседі. 5️⃣ Түймедақ шайы Бактерияларға қарсы әсер етеді, жүйкені тыныштандырып, денені босаңсытады. * * * Қаныңдағы көрсеткіштер – денсаулығыңның айнасы! Гемоглобин (Hb) Қызыл қан жасушаларындағы пигмент. Негізгі қызметі – өкпеден оттегіні тіндерге жеткізу және көмірқышқыл газын ағзадан шығару. Эритроциттер Көрсеткіші жоғары болса, жүрек ақауы, өкпе, бауыр немесе бүйрек ауруларының белгісі болуы мүмкін. Лейкоциттер Дене инфекциямен немесе қабынумен күресіп жатқанын көрсетеді. Тромбоциттер Мөлшері артық болса, туберкулез, бауыр циррозы немесе ойық жаралы колит болуы ықтимал. СОЭ (РОЭ) Бұл көрсеткіштің жоғарылауы – инфекция, қабыну, анемия, бүйрек немесе гормондық бұзылулар, сондай-ақ жүктілік кезінде жиі байқалады. Глюкоза Қандағы қанттың шамадан тыс көп болуы – тамақтану тәртібінің бұзылғанын немесе гормондық ауруларды көрсетеді, ал аз болуы – қант диабетінің белгісі болуы мүмкін. Жалпы белок Бауыр мен бүйрек қызметі нашарлағанда немесе дұрыс тамақтанбағанда төмендейді. Жалпы билирубин Бауырдың қабынуында (гепатит), өт тасы ауруында немесе эритроциттердің шамадан тыс ыдырауында жоғарылайды. Неліктен қан қысымын екі қолда өлшеу керек? 🤔 Артериялық қысымды тек сол қолда ғана емес, оң қолда да өлшеу маңызды. Егер екі қолдағы көрсеткіштің айырмасы 10 мм сынап бағанасынан артық болса — бұл жүрек талмасы (инфаркт) немесе инсульт қаупінің белгісі болуы мүмкін. Мұндай айырмашылық көбіне артериялардың бір жағынан тарылуы мен атеросклероздың дамуын көрсетеді. Қан қысымын күніне бір уақытта, әрі манжетаны екі қолда бірдей қатайтып өлшеу керек — бұл нәтижені дәлірек етеді. * * * Ашқарынға су ішуге болмайтын 3 ауру 1️⃣ Бүйрек аурулары Ашқарынға суды бірден көп мөлшерде ішу қанның тым сұйылуына әкеліп, бүйрекке артық салмақ түсіреді. 2️⃣ Гипертония (жоғары қан қысымы) Су қан айналымын жылдамдатып, қысымды одан әрі көтеруі мүмкін. 3️⃣ Өт тасы ауруы Су тез түссе, өт қозғалысын күшейтіп, ауырсыну ұстамасын тудыруы ықтимал. Мұндай жағдайларда тәуліктік сұйықтық мөлшерін дәрігермен ақылдасып белгілеу керек. Айтпақшы, судың температурасы мен ішу қалпы да маңызды. Көпшілік суды жылдам, жүріп бара жатып ішеді — бұл үлкен қате! ✅ Суды отырып ішіңіз — сонда ол ағзаға жақсы сіңіп, сұйықтық теңгерімін бұзбайды. Ал тұрып ішкенде, буындарға салмақ түсіп, уақыт өте артриттің дамуына әсер етуі мүмкін. * * * Қай ұн пайдалырақ? Ұннан жасалған тағамдар сымбатқа әсер ететіні белгілі. Бірақ дұрыс таңдалған ұн түрлері денсаулыққа да, фигураға да зиян келтірмейді! Ең бастысы – қай ұнды қолданатыныңыз. 1️⃣ Қарақұмық ұны Ең пайдалы түрі деп саналады. Ақуызы көп, ал қант, май және көмірсу мөлшері аз. Блин мен құймақ дайындауға таптырмас өнім. 2️⃣ Сұлы ұны Құрамында көптеген дәрумендер мен пайдалы заттар бар. Кекс, блин, панкейк секілді тағамдар пісіруге өте қолайлы. 3️⃣ Күріш ұны Талшыққа бай және асқазанға жеңіл. Дәмді әрі пайдалы запеканка жасауға керемет негіз. 4️⃣ Қара бидай ұны Микроэлементтер мен дәрумендерге бай. Қара бидайдан жасалған нан бидай ұнынан пісірілген нанға қарағанда калориясы төмен. 5️⃣ Бадам ұны Тұтас бадамнан жасалады, құрамында пайдалы майлар көп. Ақуызы екі есе, ал талшығы үш есе көп. Нәзік әрі жұмсақ пісетін тәттілерге тамаша үйлеседі. * * * Қан қысымы жоғары болса — осы өнімдерді жеңіз! 1️⃣ Майсыз сүзбе Жүрек бұлшықетін нығайтып, қан тамырларын кеңейтеді. Құрамында кальций, магний және калий мол. Күніне кемінде 100 грамм сүзбе жеу ұсынылады. 2️⃣ Албырт (лосось) Омега-3 май қышқылдарының тамаша көзі. Қан қысымын табиғи түрде төмендетуге көмектеседі. Аптасына 3 рет, әр жолы 100–150 грамм жеу жеткілікті. 3️⃣ Сұлы ботқасы Гипертониясы бар адамдардың таңғы асында міндетті түрде болуы тиіс. Сұлы — селен мен талшыққа бай, жүрек пен тамыр жүйесін қорғайды. 4️⃣ Асқабақ дәні Ағзадағы мырыш жетіспеушілігін толтырады және инфаркттің алдын алады. Күніне 20 граммдай дән жеу жеткілікті — тамаша пайдалы тіскебасар. 5️⃣ Какао Қан тамырларының серпінділігін арттырады және көңіл күйді жақсартады. Бірақ бұл сусын калориялы, сондықтан аптасына 1–2 кесе ғана ішу керек. * * * Түнде бал жеудің пайдасы Әдетте тәтті тағамды түнде жеу зиян деп есептеледі. Бірақ бал — ерекше! Оны аз мөлшерде тұтыну ағзаға шипалы әсер береді. 1. Артық майды ерітеді Түнде ағзадағы негізгі метаболикалық процестер белсенді жүреді. Сол себепті бір шай қасық бал майдың ыдырауын және зат алмасуды жылдамдатуды қолдайды. Бұған қоса, бал бауыр жасушаларының жаңаруын күшейтеді. Ал түнде балды асқабақ шырынымен бірге ішу — бауырды тазартып, токсиндерден арылуға көмектеседі. 2. Иммунитетті күшейтеді Бал мен сарымсақ — вирус пен бактерияға қарсы ең мықты табиғи ем. Бірнеше ірі сарымсақты ұсақтап, балмен араластырып, шыны ыдысқа салыңыз. Күн сайын ұйықтар алдында 1 шай қасық ішсеңіз — ағзаны нығайтып, ауруға қарсы тұру қабілетін арттырады. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 6 | Загрузок: 0 | | |
| Всего комментариев: 0 | |
